6. Медициналық қажеттілік болған жағдайдан басқа уақытта нәрестеге ешқандай тамақ пен сусын бермеу
7. Ана мен жаңа туылған баланың тәулік бойына бір бөлмеде болуын қамтамасыз ету
8. Нәрестені кестемен емес талабы бойынша тамақтандыруды мадақтау
9. Жаңа туған емшек еметін нәрестеге ешқандай тыныштандыратын дәре дәрмек және емшекті имитациялайтын құралдар (еміздік) бермеу
10. Табиғи тамақтандыруды қолдайтын топ құруды мадақтау және сол топтарға перзентанадан немесе ауруханадан шыққан аналарды жолдау
ЛАКТАЦИЯ
Сүт безі 15-20 бездік бөлектерден турады. Сүт бездерінің өсіп жетілуі 4 сатыдан турады:
Маммогенез – сүт безінің даму сатысы; 2. Лактогенез – сүттің шағу сатысы; 3. Галақтопоэз –сүттің жиналу сатысы; 4. Сүт безінің әрекеттік автоматизмі
Ана сүтінің түрлері
Уыз
Өткінші сүт
Жетілген сүт
Уыз жүктіліктің сонғы күндерінде және әйел босанғаннан кейінгі алғашқы күндерде желім тәріздес кою, сарғыш немесе сұрлы сары түсті сұйықтық, яғни уыз (молозиво) бөлінеді
Анасы жағынан байқалатын баланы емізуге болмайтын жағдайлар
Абсолютті жағдайлар:
Бүйрек жетіспеушілігі және созылмалы гломурулонефрит ауыр түрлері
Жүрек декомпенсациясы, туа біткен және пайда болған жүрек ақаулары
Анемия ауыр түрлері, лейкоз
Тиреотоксикоз ауыртүрлері
Ісіктер
Жүйке ауруларының ауыр түрлері (шизофрения)
Перзенханадағы нәрестелерді тамақтандыру
Нәрестені кіндігінің соғуы біткенге дейін, нәрестені жаланаш күйінде, анасының ішінің үстіне салып, стерильды жаялықпен жабады.
Кіндігінің соғуы тоқтағаннан кейін, кіндігін алғашқы өндеуден өткізіп, нәрестені қайтадан анасының ішінің үстінің жоғарғы бөлігіне салады. Біртіндеп нәрестеде іздеу рефлексі пайда болады. Ему, басын бұру және аяқ қолымен ембектеу қыймылдары пайда болады. 20-30мин ішінде көптеген нәрестелер өз бетімен, анасының көмегісіз, анасының емшегін тауып алып оның ұшін ауызына салады