Жасанды тамақтандыру деп емшек сүті тіптен 1/5 бөлігінен аз болатын жағдайларды атайды. Ерте жастан жасанды тамақтандыру жақсы нәтиже бергенімен, ол еш уақытта емізгенге жетпейді, сондықтан оны басқа жол болмағанда қолданады. Табиғи тамақтандырылатын балаларға қарағанда жасанды тамақтандыру жағдайында үстеме тамақты ерте жастан бастап енгізу қажет. Сүт тағамдары 2 топқа бөлінеді: 1.бейімделген 2.беймделмеген
Коспалар сәбиге 35-40 градусқа дейін жылытып беру керек. Еміздіктін тесігі үлкен болмауы керек (шыныны төмен қаратып ұстағанда қоспа тамшылап ағуы қажет).
Баланы тамақтандырған кезде шынының мойыны ұдайы толып тұрып, ауа жұтуға мүмкіндік бермейтіндей болуы керек
Бір жастан асқан балаларды тамақтандыруы
Бала бір жастан асқанда қарқынды дамуы жүре береді, жекеленген жүйелер мен мүшелер өсіп жетіледі. Организмнің бейімделу және компенсаторлық механизмдері 2-3 жастан кейін одан әрі дами бастайды. Бұл тұрғыда баланы тамақтандырудың маңызы үлкен болып келеді. Жастан асқан баланың ас қорыту жүйесінің қабылеті арыта түседі, тамақтың дәмін ажырату мүмкіндігі өсіп жетіледі. Осыңан орай, берілетін тағам мөлшері асқазан сиымдылығына сай келуі керек.
Балалардың жасына байланысты тәуліктік тағамның тиісті мөлшері