Балаларды тамақтандырғанда төмендегі ережелерді сақтау керек
Әртүрлі тағамдарды аз-аздан бастап, біртіндеп көбейту керек. Егер баланы шайнап жеуге үйреткіңіз келсе алғашқыда кішкене түйіршіктерден бастап содан кейін үлкендеуін беру керек
Баланы басқа адам тамақтандырса, жаңадан бастап беретін тағамды анасы бергені жөн
Жаңа тағамдарды баланың дені сау кезінде бастап берілуі керек және баланың аш кезінде
Бір жастан асқан балаларды тамақтандыруға қолданатын тағамдар
Сүт- ең маңызды тағам. 1-1,5 жастағы балаларға тәулігіне 600-700 мл. 1,5 жастан асқасын 500мл денгейінде қабылдау керек. Сүттің тәулік мөлшерінеайранда кіреді.
Ет және балық құрамында кұнды белок тамақ болып есептелінеді. Ерте жастағы балалардың тамағына семіз еттер (шошқа, қой, құстың) еттерін қолданбаған жөн, үйткені олардың құрамында қиын қорытылатын майлар болады. Балаларға семіз емес сиыр, құс, балық еттерін береді.
Жұмыртқаның құрамында құнды белоктар, майлар және витаминдер болады. Жұмыртқаны шикікүйде бермеу керек
4. Сары май- балалардың тамағына көбінесары май қолданады. 3жастан асқан балаларға тамақты сиыр майына, мектеп жасындағы балаларға маргаринге дайындауға болады
5. Көк-өніс, жеміс-жидектер- балалардың тамағында міндетті түрде болу керек
6. Нан – ерте жасында 100-150гр артық жоғары сортты ұндардан жасалған нан бастап төменгі сортты ұндармен біртіндеп ауыстырылады
Балалардың тамағына жидек, жемістердегі және олардың өңделген өнімдеріндегі организмге тез сіңетін көмірсу болуының мәні зор. Сәби балалар мен ересек балалардың тамағындағы белоктар, майлар мен углеводтардың анағұрлым қолайлы ара қатынасы сәбилер үшін 1:1:3, ересектерге 1:1:4 болуы тиіс. Мұндай ара қатынастан едәуір ауытқу тамаққа жетерліктей мөлшерде нәрлі заттар мен витаминдердің енгізілуіне қарамастан денсаулыққа зиянын тигізуі мүмкін. Мысалы, тамақта әсіресе мал майының көп болуы баланың организміндегі зат алмасудың, ас қорытуының бұзылуына әкеп соғып, салмағын ауырлатады. Углеводтардың артық болуы да зат алмасуын бұзып, семіртеді, ал тәттіні мөлшерден артық пайдалану балалар мен жасөспірімдерде диабет ауруының өрістеуіне әкеліп соғады.
Балалар мен жасөспірімдердің тамағы әр түрлі болуы тиіс, ал біркелкі тамақ балалардың тәбетін нашарлатады. Майлы етті тек мектеп жасындағы ересек балаларға (14—17 жастағы) беруге рұқсат етіледі. Шала қуырылған немесе ысталған сүр етті бала организмі нашар сіңіреді және оған уланып қалу не ішек құрты жұғуы мүмкін. Сондықтан оларды балаға бермеген дұрыс. Сондай-ақ тұзы көп немесе бұрыш, қыша, сілті көп қосылған ет және балық тағамдары 8—10 жастағы балалардың тамақтану рационынан алынып тасталуы керек. Алкоголь ішімдіктердің барлық түрі (сыра, үй наливкасы, тұнбасы) балалар мен жасөспірімдердің организміне зиянды әсерін тигізеді. Ащы кофе, какао, шай ішсе, сондай-ақ шоколадты көп жесе, әсіресе, 3 жасқа дейінгі балаллардың нервісі қозады. Балалар мен жасөспірімдер төрт мезгіл, оның өзінде төмендегідей мөлшерде тамақтануға тиіс: таңертеңгі ас—30%, түскі тамақ—40—45%, түстік—10%, кешкі тамақ—15—20%.