Бойынша есеп


Мәліметтермен алмасу құрылгысы



бет14/16
Дата17.06.2023
өлшемі45,37 Kb.
#101975
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Отчёт Серікбек Әлия

Мәліметтермен алмасу құрылгысы
Модемдер (Модулятор + ДЕМодулятор) алыс қашықтықтағы компьютерлер арасында байланыс арналары бойынша мәліметтер алмасу үшін қолданылатын құрылғы. Мұндағы байланыс арналары деп кабельдік, радиожиіліктік және сымдық байланыстарды түсінеміз. Байланыс арналарының типіне қарай қабылдау-жіберу құрылғыларын радиомодемдер, кабельдік модемдер және т.б. деп бөледі. Компьютерден модемдерге түскен сандық мәліметтер модуляциялық жолмен түрленіп (фазасы, амплитудасы, жиілігі бойынша), телефон желісіне бағытталады.


Компьютердің ішкі құрылғылары.
1-кесте.

Қызмет түрі

Құрылғы түрі

Сипаттамалары

Процессор (өңдеуші-барлық есептеулерді, көптеген математикалық және логикалық операцияларды орындайтын негізгі микросхема. Бұл компьютедің «миы», ол компьютер жадысында орналасқан мәліметтерді өңдейді.

Процессор

  • Процессор разрядтылығы, бір ретте (бір тактіде) өзінің регисторларында мәліметтердің қанша битін қабылдай алатынын және өңдей алатынын көрсетеді. Intel Pentium процессорлары 32-разрядты болып табылады.

  • Жұмыс тактілі жиілігі процессорда операциялар қандай жылдамдықпен орындалатынын анықтайды. Мегагерцпен өлшенеді.

  • Кэш-жады көлемі. Кэш-жады — бұл процессордың ішінде орналасқан «аса жылдам» жады, ол жылдамдығы төмендеу жедел жадыға процессордың қатынау санын азайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі процессорлардың кэш-жадысының көлемі бірнеше ондаған Кбайт.



Компьютер қосылып тұрғанда мәліметтерді уақытша сақтауға арналған

Жедел жады

Бұл жады тікелей процессормен жұмыс істейді, оған мәліметтер жібереді және өңдеу нәтижелерін алады. Жедел жадыда әрі мәліметтер, әрі компьютер дәл осы уақытта жұмыс істейтін программалар сақталады. Көлемі жағынан аздау болғанмен (ондаған мегабайт), әрекет ету жылдамдығы жоғары.

Мәліметтер мен программалардың ұлкен көлемдерін ұзақ уақытқа сақтауға арналған құрылғы

Ұзақ уақытты (сыртқы) жады



Оның әрекет ету жылдамдығы аз, бірақ көлемі өте үлкен (мыңдаған мегабайт), онда сақталатын ақпарат компьютерді өшіргенде жоғалмайды. Ұзақ уақытты жады дискілерде магнитті немесе оптикалық жазбасы бар электромеханикалық құрылғыларда жүзеге асырылады. Дисководтар және сәйкесінше иілгіш магнитті дискілерде (дискеттер), қатты магнитті дискілерде (винчестерлер), ауыстырмалы ақпаратты тасымалдағыштар және компакт-дискілерге арналған дисководтар (CD-ROM) болады.

Қатты диск — жұмыс істегенде үнемі қолданылатын программалар мен мәліметтерді сақтауға арналған негізгі ұзақ уақытты сақтау құрылғысы

Қатты диск

Металлдық немесе керамикалық пластинадан орындалға диск үлкен жылдамдықпен айналады. Ақпаратты жазу және оқуды магнитті ине орындайды.

Компакт-дискілер дисководы CD-ROM — компакт-диск негізіндегі тұрақты есте сақтау құрылғысы.

CD-ROM

Сақталған ақпаратты оқу.. Жазбаны оқу оптикалық тәсілмен жүзеге асырылады. Стандартты компакт-дискінің көлемі 650 мегабайт.



Ішкі және сыртқы (перифериялық) құрылғылары қосылады

Аналық тақша
(жүйклік тақша)

Ол жеке құрылғыларды қосуға арналған бірнеше разъемдардан және шинадан (олардың барлығын байланыстыратын ақпараттық магистраль), сонымен қатар микросхемалар, чипсеттердің базалық жиынтығынан (олардың көмегімен аналық тақша жүйелік блок ішінде болып жатқанның барлығын бақылайды) тұрады.
Компьютерге түрлі құрылғылар қосу үшін кеңею разъемдары немесе слоттар (жүйелік блок ішінде орналасады) және порттар деп аталатын арнайы разъемдар (жүйелік блоктың артқы қабырғасында орналасады) қолданылады. Ақырғыларға тышқан, принтер, сонымен қатар модем және басқа да сыртқы құрылғылар қосылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет