Бойынша есеп


Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы, Байқадам ауылы «Байқадам орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жалпы сипаттамасы



бет2/16
Дата17.06.2023
өлшемі45,37 Kb.
#101975
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы, Байқадам ауылы «Байқадам орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жалпы сипаттамасы:
«Байқадам орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1908 жылы құрылған, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жүз мектеп, жүз аурухана» бағдарламасы аясында салынып, 2012 жылы 1 қыркүйекте пайдалануға берілген. 
Оқушылардың заман талабына сай жан-жақты білім алуына барлық жағдай жасалған, атап айтқанда, мектепте 1 спорт зал, 1 футбол алаңы, 60 орындық асхана, 60 орындық акті залы, медбике бөлмесі, заман талабына сай жабдықталған кітапхана, 1 ағаш өңдеу және 1 темір өңдеу, 1 тігін шеберханасы бар.
Қазіргі уақытта білім беру мекемелерінің алдында өз бетінше іздене алатын, өзіне қажетті білімді өз бетінше ала алатын тұлға тәрбиелеу міндеті тұр, бұл міндетті жүзеге асыруда оқыту технологияларының алатын орны ерекше. Ашылған күннен бастап білім беру үрдісіне оқытудың ақпараттық коммуникативті технологиясын енгізу жұмыстары қолға алынып, қарқынды жүргізіле бастады. Мектеп екі ауысыммен жұмыс жасайды.
Мектепте 1 мультимедиа кабинеті және 2 лингафон, 1 информатика кабинеті бар бүгінгі күні мектепте 4 интерактивті тақта оқушылардың сапалы білім алуына қызмет етеді. Барлығы 44 компьютер жұмыс істеп тұр, 1 компьтерге 3 оқушыдан келеді.
Мекенжай: Қарағанды ​​облысы, Бұқар жырау ауданы, Байқадам ауылы
Байланыс телефоны: +7 7212452385
Электронды пошта мекенжайы:
Ресми интернет ресурс: http://baikadam-mektep.ucoz.com/
Мектеп директоры – Жумагулова Рымкуль Толеугазиевна
Директордың оқу – тәрбие орынбасарыАхатаева Гулим Балкеновна
Директордың тәрбие орынбасары – Майкенова Мадина Кабылкаримовна
Мектептегі жалпы оқушылар саны – 207.
14 сынып:

  • мектепалды даярлық сынып:1

  • қазақ сыныптары -11,

  • орыс сыныптары –3.

Педагогтардың сапалық құрамы:

  • Жоғарғы санат – 4

  • Бірінші санат – 16

  • Екінші санат – 6

  • Санатсыз – 1

Қазіргі уақытта мектепте 207 оқушы білімдерін алып жатыр, 33 мұғалім мен 4 тәрбиеші қызмет атқарып жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет