Болат әбдікәрімұлы асаубаева ақГҮл кенжебекқызы саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының педагогикалық көзқарастары


 Саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының



Pdf көрінісі
бет10/45
Дата26.07.2023
өлшемі1,25 Mb.
#104812
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45
1.3 Саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының
педагогикалық көзқарастарының қалыптасуы.
ХІХ
ғасырдың
соңы мен ХХ
ғасырдың
басқында
қалыптасқан
қазақ
интеллигенттерінің
бас көпшілігі жан-жақты шығрмашылық
жұмыспен
айналысты. Мақсаттары бір арнаға тоғысқан
қазақ
зиялыларының өзі
заманының талаптарына сай білім бұлағағынан сусындап шығуларына олардың
педагогикалық
көзқарастарының 
қалыптасуына
әсер 
еткен
ұлы
ағартушылардың еңбектері болған. қазақ тарихының даму кезеңдерінен, ежелгі
дәуірлерден жеткен әдебиеті мен тарихында, мәдениетінде ақын-жыраулардың
өлең-жыр, толғауларында, Әл-Фараби фәлсафаларынан бастап, Абай әлемінде,
Шәкәрім шындықтарында, Алаш зиялыларының қоғамдық ой-пікірлерімен
тәлім-тәрибелік еңбектері көкейтесті мәселелерді көтере білген.
Халқымыздың кемеңгер ойшылдары қорқыт ата, Әл-Фараби, Ахмет
Яссауи, Махмұд Қашқари, Ахмет Иүгнеки т.б. шығармалары адамның
бейнесіндегі тәрбиелер жүйесі кең орын алған. Педагогикалық ой-пікірдің
бастауы тарихқа «алғашқы бақсы» ретінде танылған ғұлама қорқыттың өмір
мен өлім жөніндегі толғаныстарына адам ғұмырының философиясы мен мән-
маңызы, адамның адамгершілік қасиеттері арқау болған. Оның «Анадан өнеге
көрмеген қыз жаман. Атадан тағылым алмаған ұл жаман», «Мен-мен, тәкаппар
адамды тәңірі сүймейді», «Ақылсыз балаға ата дәулетінен қайран жоқ»,
«қонағы жоқ қараша үйден құлазыған түз артық» деген нақыл сөздері үлкеннен
ғибрат алуды меңзейді, жастарды тәкаппарлықтан сақтандырып, ақылды
көпшіл , қонақжай болуға шақырады. қорқыт ата өз жырларында нақты тарихи
деректерді негізге ала отырып, батырлардың ерлік істерін, ақындық жән
қобызды ойнау өнерін, әдемілікке деген көзқарастарын, адамдар арасындағы
кіршіксіз таза достық сезім мен қарым-қатынастарды балалар мен жастарға
үліг-өнеге болсын деген мақсатпен жырлайды. Жырларының мазмұны қазақ
эпостарына сай баяндалады. Жырлардағы батырлардың ерлік дәстүрі, халыққа,
туған елге, дәстүрге деген сүйіспеншілігі, өмірге құштарлығы, ақылдылығы,
ғашықтық
сезімдері жеткіншектерге
үлгі болумен бірге, адамгершілік
қасиеттерінің негізін қалыптастыруға көмектеседі.
Қазақтың тұңғыш философы, Шығыстың ұлы ойшылы, әмбебап-ғалым әл-
Фарабидің ғылыми ой-толғаныстарына толы трактаттарында «Мемлекет
қайраткерінің нақыл сөздері», «Азаматтық саясат», «Бақытқа жету жолында»,
«қайырлы қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» және тағы басқа
оның тәлім-тәрбиелік көзқарастары баяндалған. Ол тәрбие мәселесін тілге тиек
ете отырып, шәкірттерді тәрбиелеуде ұстаздың рөлі зор екендігіне ерекше мән
берді, шәкірттерден шыншылдықты, сыпайлылықты, әділдікті талап ету үшін,
мұндай қасиеттер ұстаздың өз бойынан табылуы тиіс екенін атап көрсетеді.
үлгілі адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына өзін-өзі тәрбиелеу, күшті ерік-
жігер арқылы жетуге болатындығын айтады. «Бақыт жолын сілтеу»
трактатында жақсы мінез-құлық пен ақыл күші адамгершілік асыл қасиеттар
болып табылатындығын меңзейді. ғалым адамның белгілі бір мінез-құлыққа ие
болуына себепші нәрсе әдептілік деп біледі.


29
Адам бойында адам адамгершілік қасиеттердің белгілі бір шамадан ауытқу
сипатына тоқаталады. «Біз ер жүректілік жақсы адамшылық қасиет дейміз және
бұған қателі істердің тұсында көрінетін біршама батылдық жасау арқылы
немесе ұстамдылық көрсету арқылы жетуге болады дейміз. Бұл істерде болатын
шектен тыс батылдық көзсіз батырлыққа соқтырады, ал батылдықтың жетіспеуі
қорқақтыққа соқтырады, ал бұл-жаман адамгершілік сапа. Міне осы
адамгершілік қалыптасқан кезде, осыларға сәйкес әрекеттер туады». Жақсы
адамгерішілік қасиет ретінде сөзге тапқырлық, адал, шыншыл болу, достықты
атай отырып, бұл ретте шектен тыс кетушілік, керісінше, жаман адамгершілік
сапаларға апарып соқтыратындығын ескертеді. «Бақытқа жету жайында»
трактатында тәрбие мәселесіне «тәрбиелеу дегеніміз – халықтардың бойына
негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз», - деген
анықтама береді[2].
Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы, адам бойындағы түрлі
жақсы-жаман қасиеттер туралы Жүсіп Баласағұнның атақты «құтты білік»
поэмасында кеңінен баяндалған. ұлы ойшыл осы шығармасында жоғары
мұратты қоғамға лайықты қағидаларды сипаттай келе, адамның мінез-құлық
нормалары мен ережелерін,
әр түрлі
қоғамдық
дәрежедегі жіктердің
басқарудағы міндеттері мен қызметтерін белгілеп берді.
Жүсіп Баласағұн өз еңбегінде бала тәрбиесіне де бас назар аударып, бұл
орайда бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі мен жауапкершілігін атап көрсетеді.
(«Егер бала тәртіпсіз болса, оған әкесі де кінәлі»). ғұлама ғалым өз өсиеттері
арқылы адамдарды өтірік айтудан сақтандырып («Тура сөзден тартпа тіліңді,
өңін қи, өтірікте өз тіліңді өзің тый...»), өмірге жақсылық жасауға шақырады.
(«қастық қылма, арамдықты сайлама, тый құлқыңды. Жақсылық ет қайда да»).
Сондай-ақ:
«...өкпелесең. ашуланба, налыма,
Сабыр соңы-салқын сая жаныңа.
Сабаз ердің сөзін ұқ та біле бер:
«Сабыр етсең-бұзылған іс түзелер!
Сабырлы ер талмай жетер мұратқа,
Аққу өзі-ақ түсер, шыда, тұзаққа!...»;
«Дос, туғаннан лебізіңді аяма,
Кіші, үлкенді жылы жүзбен аяла.
Тұз-дәміңді бөліс, жаса қайырым
Кешіре сал, көрсең кісі айыбын.
...Дәулет бітсе менменсіме. Тасыма,
Жақсылық қыл, жиылсын жұрт қасыңа»[5,130],-
деп жастарға өсиет айтады.
«Үш нәрседен жүр алыс, сақ, байқағын,
Бірі-қыңыр, қисық болма, айтарым.
Бірі-жалған , сұғанақтық-үшініші,
Үшеуінің түбі-қорлық, түсінші» [5,130],-
деп мейірімді көпшіл, кешірімді болып, тәкаппарлық пен жаман әдеттер
бойды аулақ ұстап, жақсылық жасаудан аянбау жөнінде жастарға өсиет айтады.


30
Ұлы ғұламаның :
«өзіңді адал ұста, адамдық киелі,
Бектер-адал, адалдықты сүйеді.
Отыратын өз орныңды білгейсің,
Кішік болып, жұртты көзге ілгейсің.
...өзіңе деген кісілік-тіршіліктің белгісі,
Кісілерге кісілік-кісіліктің белгісі!» [115,15],-
деген өлеңінің жастарды адамдық, ілтипатылық, кішіпейілділік, әдептілік
т.б. қасиеттерге баулуда мән-маңызы аса зор.
Баласағұн 
адамның
бойындағы 
адамгершілік 
асыл
қасиеттерді
(қайырымдылық , әділеттілік, шыншылдық, парасаттылық т.б.) өте жоғары
бағалайды.
«Әділет-құт, құт құрығы-кішілік,
әділеттің заты тұнған кісілік!»[5,40] ,-
деген өсиетінің да жастар тәрбиесіндегі рөлі ерекше екені даусыз.
ХІІ ғасырдың орта кезі мен ХІІІ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген Ахмет
Иүнеки бізге жеткен жалзғы туындысы – «Ақиқат сыйы» дастанында білім
алуға, тәрбиелі адам болуға, адамгершілік қасиеттер, моральдық ұғымдар
жайында ғибратты сөздерден бастайды. Бұл заман оқығандардың дәуірі екенін
жақсы түсінген А.Иүнеки кейінгі
ұрпақтарына білімнің
пайдасы мен
надандықтың зияны туралы былай дейді:
«Білімді-алтын көзі ашылатын ,
Надан жан- қара бақыр шашылатын.
Білімсіз тең бола ма білімдіден.
Азамат-білікті әйел, ез ер-қатын.
Білгеннің өз өлгенмен аты өлмейді,
Аты өшер білмегеннің құры жүріп» [114,20].
Білім іздеу жолында дам екі дүниенің да бақыт кілтін табалды. Оқу-
білімінің кәусар бұлағынан сусындағандар батыл ұмытылыстар жасайды. Ал
егер білімсіз болса, бойына жаман әдет жұқтыруы мүмкін, кейін олардан
айырылу өте қиынға түсетінін ескертеді. Сол себепті аурадуың алдын алып,
одан сақтайтын түпсіз терең тұңғиық-білім дейді. Мысалы оның «Білімді
білімсіздің мыңын жеңер, Ол біліп білім ізін, теңін теңер» [114,15 ] деп айтады.
Атақты «Диуани лұғат ат-түрк» еңбегінің авторы Махмұд қашғаридың да
қазақ топтырағында ұлттық тәлім-тәрбиенің қалыптасуына қосқан үлесі мол.
Оның бұл еңбегінде әдеп, тәлім-тәрбие, моральдық ой-пікірлер қоамқты орны
алады. «Сөздік» мазмұнының негізгі арқауы еңбек етуді сүейтін, білімге
құштар, өз бақыты үшін күресе білетін адам болып табылады. Сонымен қатар
мұнда адам бойындағы кейбір жаман қасиеттер (дүниеқорлық, мансапқорлық,
опасыздық, қорқақтық т.б.) қатты сыналып, ерлік, ізгілік, ақ ниеттілік,
қонақжайлылық сияқты адамгершілік қасиеттер дәріптеледі.
«...Басыңа түссе қар түн,
Нар түйеше көтергін.
Тағдырыңа тап болса,
қиындыққа қарсы тұр...»[4,35] ,-


31
деген, өмірде кездесетін қиыншылыққа мойымай, әрдайым күресе білуге,
қайсар болуға үндейтін өлеңінің қазіргі таңда жастар үшін тәрбиелік мәні зор.
Ұлы шығыс ойшылы Қожа Ахмет Яссауидің күні бүгінге дейін тәрбиелік
мәнін жоғалтпаған құнды ой-толғаныстары баршылық. Бұл орайда оның
«Диуани хикмет» («Даналық кітабы») елеулі орны алады. Яссауидің өз
жырларында оқып, білім алу, («Ессіз ғалым ғамал қылмай жолда қалар, оқып
білмей дүние малын қолға алар») иманды, адал, ізгі қасиетті болып, ақыл-
парасатқа қол жеткізу, сөз бен істе шыдамдылық, төзімділік таныту, жақсы мен
жаманды айыра білу, достық пен махабатты қастерлеу, азға қанағат тұту,
кемтар, ғаріп адамдарға қамқорлық көрсету («Рақым болып ғаріптерге шапағат
еткін...»),адал жолмен жүріп-түру тәрізді, жалпы адамгершілік нормаларды
дәріптеп, надандық,
сараңдық,
залымдық,
дүниеқұмарлық(«...Ей достар,
наданменен көңіл қоспа»,«Наданмен өткен өмірің жетімшілік», «Жалған сөйлеп
имансыз кетпе, достарым...»,«Адалды сыртқа тастап, арам көздер...Дүние үшін
иманы мен дінін сатар»,«Бұл дүниенің құрметін көрмегендер, Хайуаннан бетер
жүрер, біл, достылар...»)[115,35] сияқты адамның жаман қасиеттерін шенеп-
мінейді
ХV ғасыр мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысында, хандық дәуірде өмір
сүрген Асанқайғы, Қазтуған, Мұхамед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалаири,
Шалкиіз, Доспамбет, Ақтамберді, Шал ақын. Дулат Бабатайұлы, Махамбет
Өтемісұлы т.б. ақын-жырау шығармаларының жастарды отансүйгіштікке,
патриоттыққа, ұжымшылдыққа, еңбекті қадірлей білуге тәрбиелеуде, үлкенді
сыйлап, әдепті, кішіпейіл, елгезек, мейірімді болу сияқты жақсы қасиеттерді
олардың санасына сіңіріп, бойына ұялатуда маңызы бар [25,30].
Қазақ даласының ұлы ойшылы, халқымыздың қоғамдық-саяси, әлеуметтік
ой-пікірлерінің көш басшысы болы білген Асанқайғы шығармаларының негізгі
арқауы-гуманитік тұжырымдар өз халқының сол замандағы хал-ахуалын ой
елегінен өткізіп, келешегіне көз жіберген ол, туған жұртының күйкі тіршілігіне
қатты налып,қайғы-мұңсыз
өмір сүретін
құтты
қоныс,жақсы жайлау-
«Жерұйықты» іздеп таппақ болды. Асанқайғы ,М.әуезов айтқандай, «...өзінен
қалған қысқа сын болжаулары, өсиеті арқылы, өзінің жайынан да, заман
аңғарынан да бірталай көрініс-елес, білік-дерек береді»[116]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет