Болат әбдікәрімұлы асаубаева ақГҮл кенжебекқызы саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының педагогикалық көзқарастары


 Қазақстандағы 1930-1938 жылдардағы білім беру, мектеп ісі



Pdf көрінісі
бет9/45
Дата26.07.2023
өлшемі1,25 Mb.
#104812
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45
1.2 Қазақстандағы 1930-1938 жылдардағы білім беру, мектеп ісі.
Ұлы Қазан революциясынан бұрын әрбір 50 қазақ баласының біреуі ғана
оқыды. Ол кезде мектеп дегеніміз қандай еді!? Дүмше молдалар балаларды
оқытудан гөрі, басын айналдырып,
қинайтын. Діни мектептер мен
медреселерде моладалар даярлады. Бұл мектептерде ежелгі араб тіліндегі
кітаптар оқытылды, оны білуде біреуі болмаса, мұғалімнің өзі де түсіне
алмайтын. қапал оязы бастығының хабарламасында революциядан бұрынғы
мектепті былай сипаттайды: «Олар (қазақтар) екі категорияға бөлінеді: бірі-
байлар мен атақтылар, екіншісі-қара бұқара. Біріншісі балаларын оқытқысы
келеді, өздері де сауатты, көпшілігі мұсылманша хат танитындар. қазақтарда
оқу орындары көп емес. Облыстың әрқайсысында мектеп бар, бірақ олардың
ішінде, Арасан болысындағы, біреуі ғана мектепке ұқсайды. Басқасы-көшпелі
мектептер, олардың мұғалімдері-хат танитын қазақтар немесе болыстағы
молдалар мен татар мектептерінде оқып, хат танығандар...» [95]. Мұндай дінге
негізделген мектепті бітіргендер жан-жақты білімін жетілдірген, сауатты болып
шықты десек ағаттық болар. Олардың көпшілігі азын-аулақ мұсылманша хат
танумен ғана шектелді. Бірақ кейбір мектептерде араб алфавитін игеріп, хат
тану, есеп шығарумен қатар шығыс әдебиетін, араб тілін оқыта бастады.
Осындай мектептердің бітіріп шыққандардың ішінде Абай, Ақан Сері, Біржан
сал сынды көрнекті тұлғалар болған. 1920 жылдары мектептердің бірнеше
түрлері болды. Олар төрт жылдық оқу курсына негізделген бірініш сатылы
мектептер, жеті жылдық
екінші сатыдағы мектептер. Халық
ағарту
бөлімдерінің жанынан сауатсыздық жөнінде комиссиялар құрылды. Олар
сауатсыздардың есебін алуды ұйымдастыру, педагог кадрларын даярлау,
курстар мен мектептерді ұйымдастыру, көмекші оқу құралдарын басып
шығарумен шұғылданды. 1922 жылы оқулықтар мен бағдарламалар жасау
жөнінде бірқатар жұмыстар жүргізілді. Республиканың ауыл мектептеріне
арналған, жеңілдетілген вариантын жасауға тырысып, оның құрылымы мен
мазмұнына елеулі
өзгерістер енгізді. Бастауыш мектептің
барлық
оқу
пәндерінен ана тілінде тұңғыш оқу құралдары жасалды. қазақ мектептерінің
жоғары кластарында жалпы білім беретін пәндердің көбі орыс тіліндегі
оқулықтармен оқытылды, мұның өзі белгілі қиыншылықтарға
ұшыратты,
кейде бағдарламалардан қалып қоюшылық та болды. Ана тілінде оқу-
педагогикалық әдебиеттерді жасау, әліппе мен мектеп грамматикасын құру,
ғылыми-әдеби тіл мен оның терминдерін қалыптастыру мәселесі 20-жылдарда
қазақстанда кезек күттірмей шешілуге тиісті мәселелер болды. Бұл саладағы
тұңғыш зерттеу жұмыстары араб әліппесін едәуір жеңілдетіп, оны оқу
құралдары мен тағы басқа құралдарды шығаруда уақытша пайдалануға
мүмкіндік берді. Сол кезде қазақ халқының мәдениеті мен оқу ісінің дамуында
араб әліппесінің кедергі болып отырғандығын айқын көрсетіп берді. Педагог
жұршылық өздерінің жиналыстарында баспасөз беттерінде қазақтың жазуын
латын не орыс әліппесіне тезірек көшірілуін табанды түрде талап ете бастады.
ұлтшылдардың қарсылық көрсетуіне қарамастан, 1928 жылдың желтоқсан
айында жарияланған, Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің декреті бойынша,


17
1929 жылы латын әліппесіне көші аяқталды. Бұл республиканың оқу ісін
дамытуда ілгері басқан жаңа қадам болды.
Қазақстанның экономикасы мен мәдениетінің талаптарын ескере отырып,
1927 жылыдң 1 наурызында РСФСР Оқу халық комиссариатының коллегиясы
Алматыда қазақтың тұңғыш жоғары оқу орны-педагогикалық институтты ашу
туралы 
шешім
қабылдады. 
1927 
жылдың 

қыркүйегінде 
Алматы
педагогикалық институтынан басқа да қазақстанда 3 халық ағарту институты,
14 педагогикалық техникум, 16 педагогикалық бағыттағы 2 сатылы мектептер
болды. Бұлардан басқа, қазақ мектептеріне кадр даярлауда Ташкенттегі қазақ
педагогикалық жоғары оқу орны да үлкен жұмыс жүргізді[96].
Қазақстанның
мәдениеті
өзінің
күш-қуатын бүгінгі немесе ертеңгі
құндылықтарды зерттеу бұрынғы жүргізіліген оқу-ағарту саясатын танып-
білумен айқындалады. Солардың бірі қазақ жеріндегі 1930 жылдардағы оқу-
ағарту ісінің жағдайы болмақ. 30-жылдардағы тоталитарлық жүйе қоғамдық-
саяси өмірдің барлық саласында бекіді. Оның көрінісі, әсіресе қазақстанда
күшпен ұжымдастыру және 1937-1938 жж. саяси жазалау дәуірінің қайғылы
оқиғаларымен ұштасып жатты. өлкедегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер,
қазақстанға Одақтас республика дәрежесін беру, мәдени құрылыстағы, халық
ағарту ісіндегі және ғылымындағы табыстар тоталитарлық жүйенің қатаң
идеологиялық қыспағында өтті. ХХ ғасырдың 30-жылдары Қазақстанның
әртүрлі аймақтарындағы экономикалық, саяси және әлеуметтік өмірдегі
өзгерістер қоғам мен мемлекеттің жалпы жекелеген жағдайда халыққа білім
беру көзқарасын да өзгертті. Халықтың білімге деген қажеттілігі тек сауат ашу
ғана емес, жалпы мәдени ағарту тұрғысынан туындады. Білім беру жүйесін
елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына сәйкес жүргізу белгілі бір мақсатқа
сай мектеп ашу қажеттілігін алға қойды, білім алғысы келгендердің саны өсті.
Білім берудің мазмұны мен әдіс-тәсілдері қай кезде де белгілі бір қоғамдық
құрылысқа тәуелді және оның барлық қарама-қайшылықтарымен сипатталды.
30-жылдардың бас кезінде халыққа блім беруді жүзеге асыру жұмыстары әрі
қарай жалғаса берді. Қазақстандағы халыққа білім беру ісі бұрынғы КСРО-ның
барлық республикалары сияқты, қарастырылып отырған кезеңде жалпы
қоғамдық,
жалпылай оқу, барлық
оқу түрінің
тегін болуы, еңбек,
политехникалық білім беру принциптері болды. қазақ совет мектебі өзінің
қалыптасуы мен дамуының алғашқы кезеңінде (1920-1930 жылдары) аудандық,
облыстық және республикалық әдістемелік кабинеттер мен халық ағарту
бөлімдерінің қызметкерлері басшылығымен жасалған ғылыми-пеадгогикалық
және әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілді. Бұл жылдары бірқатар
маңызды педагогикалық мәселелер: қазақстан мектептерінің (әсіресе мал
шаруашылығы аудандарында) оқу жоспары,
ұлт мектептерінде оқыту
формалары мен әдістері, қазақ тілінде оқулықтар мен оқы құралдарын жасау,
мектепте және одан тыс жерлерде тәрбие жұмысын жүзеге асыру,
мұғалімдердің халық арасында саяси-ағарту жұмысын жүргізуі т.б. шешілді.
қазақстанның мәдени өмірінде 1928-1933 жылдар ерекше орын алды. Сол
жылдары орын алған күрделі өзгерістердің бәрі болмаса да көпшілігі Халық
ағарту комиссариатының тікелей басшылығымен жүзеге асты. Халық ағарту


18
комиссариаты қазақстандағы білім беру жүйесінің қызметін жаңа деңгейге
көтеру барысында төмендегідей міндеттерді шешуді қолға алған 1. Көпшілік
мектептер мен ағарту ұйымдарының санын ұлғайту. 2.қазақтар арасынан
маман-жұмысшыларды даярлау. 3.Педагог-мамандарды даярлау,барларын
қайта даярлаудан өткізу. 4.Мектеп құрылымын жүргізу.[97] Халық ағарту
мәселелерін зерттеу және оған жалпы ғылыми басшылық жасау ісін РСФСР
Халық ағарту Комиссариатының ғылыми мекемелері, сондай-ақ Орынбор мен
Ташкент қалаларындағы оқу орындарында жұмыс істейтін ғылыми кадрлар
жүзеге асырды. РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесі 1928 жылы Советтік
Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орнын
ұйымдастыру жөнінде
қаулы
қабылдады. Осы қаулыға орай ашылған Абай атындағы қазақ педагогика
институты-республикамызда мұғалімдерге педагогикалық жоғары білім беретін
тұңғыш жоғары оқу орны болды. Оқу орны алғашында 3 бөлім болып ашылды.
1928-1929 оқу жылында осы бөлімдерде үш профессор болды, белгілі тарихшы,
профессор,институттың бірінші ректоры-С.Д.Асфендияров, көрнекті ғалым,
тілші-Қ,Қ.Жұбанов, әдебиетші, профессор-Н.Н.Фатов, бір доцент істеді.
Бұл кезеңде ерекше мемлекеттік мәні бар шаралардың бірі –1931 жылы 27
тамызда қазақ АССР үкіметі 1930-1931 оқу жылынан бастап, «Қазақстанда
жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беруді енгізу туралы», 1930 жылы
қазақ АКСР ОАК сауатсыздықты міндетті түрде жою туралы декрет
қабылдады. қаулыда: 1) 8-9 және 10 жастағы ер балалар мен қыз балалар 4
жылдық бастауыш мектеп көлемінде білім алуға тиісті болды; 2) 1930-1931 оқу
жылынан бастап 11-15 жастағы ер және қыз балаларды жаппай оқыту
белгіленді; 3) өнеркәсіпті қалаларда, фабрика-зауыт аудандарда және жұмысшы
ауылдарда жеті жылдық мектеп көлемінде білім беру жүйесі енгізілді. қаулы
бойынша балаларды міндетті түрде оқыту олардың ата-аналарына жүктелді.
Осы оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мектептерде оқитын балалардың
саны жыл сайын 3-4 млн көбейіп отырды [98].
Қазақстан Советінің VІІ съезі (1929 ж, сәуір): «Халық ағарту мәселесіне
келгенде негізгі көңіл-жаппай сауатылықты дамыту ісіне бөлінсін...» деген
қаулы алды. Бүкіл Қазақстандық VІІ партия конференциясы (1930 ж,маусым)
бірінші бесжылдық ішінде сауатсыздықты жою аяқталсын деген Қазақстан
үкіметінің шешімін мақұлдай келіп, таяудағы міндет республиканың 10
жылдығына барлық партия және комсомол мүшелерінің, өнеркәсіп орындары
мен совхоздарының барлық жұмысшыларының, колхоз белсенділердің және
әскерге шақырылатын жастардың сауатын ашу керек деп қаулы етті. Қазақстан
Советінің VІІІ съезінің (1931, ақпан) шешімдеріне жаппай оқу және басқа да
маңызды науқандар сияқты сауатсыздық пен шала сауатылықты жою жұмысы
қүшейтілсін деген талап қойылады. Ал бұл қаулының шешімін орындауда
Коммунистік партия мен Совет үкіметі сауатсыздықты жою мектебі мен оның
мұғалімдерінің тұрмыс жағдайын жақсарту үшін көптеген маңызды қаулылар
қабылдады.
қазақ
интеллигенциялары
қазақстанда 
жаппай 
сауатты
республикаға айналдыру күресіне белсене ат салыса бастады. Сауатсыздықты
жою пунктерінің желісі кеңейе түсті, әліппе мен оқу құралдарын шығаруға
және тұрақты сауат ашу мектептерін ұстауға қаржы бөлінді. Осы кезеңнен


19
бастап, ауылдық шағын комплектілі мектептердің дәуірлеп, даму кезеңі
басталды. қазақ АССР Орталық атқару комитетінің 1931 жылы жаппай
сауатсыздық мәселесі бойынша пленумының қорытындысында: «Халыққа білім
беру аумағындағы қиындықтарға қарамастан, көшпелі және жартылай көшпелі
өмір сүру салтына байланысты. Бастауыш мектептерді бітірмеген ересектерді
барлық жерде міндетті түрде оқуға тарту үшін 1930-1931 оқу жылына қарай бір
басқыш жаңа мектептер ашу жоспары жасалады. Ересектер мектептері жалпы
мектептер үйлеріне орналастырылып, оларды толықтырды немесе дербес смена
болып оқытылды. қазақстан он жылдың ішінде орта мектеп және арнаулы оқу
орындарында 40% тұсында оқушылар контингенті кең көлемді болды»[99]. Бұл
уақытта республикада 32668 оқушысы бар 4963 бастауыш мектеп болса, 1933-
1934 оқу жылында 6599 бастауыш мектеп (оны саны 33 % өскен), оқушылар
саны 130000-нан 202400-ге (39 %) өсті. қаулы 1930-1931 оқу жылынан
бастауыш білім беруді қазақстанда, отырықшы елді жерлерде күзде бастауға, ал
көшпелі аудандарда 1931 жылдың көктемінен бастауға ұйғарды. Ал, 8-10 жас
аралығындағы балалар төрт жылдық бастауыш мектептерінде, 11-15 жас
аралығындағы жасөспірімдер егер бұрын бастауыш білім алмаса, екі жылдық
немесе бір жылдық мектеп курстарын оқитын болды. Бастауыш мектеп
жұмысының сапасын көтеру мақсатымен оқу жылының ұзақтығы 225 күн деп
белгіленді. әрбір ауданда жалпыға бірдей оқудың жұмыс жоспары жасалды,
әрбір колхозда, жұмысшы поселкесінде,
қалада, совхозда, басқа елді
мекендерде 8-11 жастағы балалар мен 12-15 жастағы жасөспірімдер саны
анықталды, ұлты көрсетілді [79]. Бастауыш мектепті бітірмеген ересектерді
барлық жерде міндетті түрде оқуға тарту үшін 1930-1931 оқу жылына қарай
бастауыш жаңа мектептер ашу жоспары жасалды. Бұл мектептер ерекше оқу
жоспары бойынша оқытудың тездетілген формалары негізінде оқыта бастаған.
Ересектер мектептер аз кездегі жалпы мектептер үйлеріне орналастырып,
оларды толықтырды немесе дербес ауыл болып оқытылды. Мектептерде
барлық ұлттарды ана тілінде оқуға көшірілу кезеңі аяқталды. қазақ мектептері
үшін ана тілінде оқулықтар даярланды, оқушылар үшін жаңа оқулықтар
даярлау жұмыстары жүргізілді. Ф.Голощекиннің БК(б)П Орталық Комитетіне
1932 жылы 9 қыркүйекте берген мәліметтеріне назар аударсақ, мектепте
қамтылған оқу жасындағылар арасында қазақтар 45 пайыз ғана болды. 1930-
1931 оқу жылында 39161 оқушының 4521 ғана, ал 1931-1932 жылдағылардың –
50720-ның 6020 ғана қазақ балалары болған[100]. Жаппай білім беру
жоспарында жаппай оқытуды қаржыландыру, балаларды есепке алу.оқу
ғимараттарын оқу-құралдарымен жабдықтау, мектеп жұмысын ұйымдастыру
қоғамдық бақылау сияқты міндеттер тұрды. 1931-1931 жылдары қазақстандағы
жаппай білім берудің міндеттері туралы баяндама материалдарында Қазақстан
тұрғындарының
сауатсыздық
деңгейі 
99%-ға 
дейін 
жеткен.
қазақ
мектептеріндегі оқушылар саны 500-ден 13000, орыс мектептеріндегі оқушылар
саны 1325-тен 76511 дейін болған. Соңғы 1929-1930 жылдары
қазақ
мектептеріндегі І басқыш оқушылар саны 3454-тен 130341 адамға өскен, ал
орыс мектептеріндегі І басқыш оқушылары 2745-тен 103394 адамға өскен [101].
Жалпыға білім беретін мектептерді түп тамырымен жақсарту үшін үкіметтің


20
1933 жылы ақпанда «Бастауыш және орта мектеп оқушылары үшін оқулықтар
туралы»,1934 жылы мамырда «Бастауыш және орта мектептің құрылымы
туралы», 1935 жылы «Оқу жұмысы және бастауыш, орталау және орта
мектептің ішкі тәртібін ұйымдастыру туралы» қабылданған қаулысының мәні
ерекше болды. Осы қаулылардың негізінде жалпы білім беру жүйесінің толық
құрылымы аяқталды. Мектептің жеке типтері айқындалды: бастауыш-4
сыныптық, орталау-7, орталау-7, орта-10 сыныптық. 1932 жылы тамызда Қазақ
ССР Халық Ағарту комитеті жалпыға бірдей міндетті жеті жылдық оқуды
енгізу туралы қаулы қабылданды. Осы қаулыны орындау шін 1931-1932 оқу
жылынан бастап республиканың
барлық қалаларында, 26 ауданында
жетіжылдық жалпыға бірдей міндетті оқу енгізілді. Республика үкіметі
«Мектеп құрылымдарын ретке келтіру және қазақ орта мектептерін өсіру
туралы» маңызды шешім
қабылданды. Көптеген мектептердің
кейбір
сыныптарындағы оқушылардың саны аз болды. Сыныптардағы бала санының
толмайтындығын 
ескере 
отырып, 
сондай-ақ
республика 
аумағының
шалғайлығын назарға ала отырып, барлық балаларды оқумен қамту үшін
мектеп-интернаттар құрып, жағдай жасау керек болды. Мектептер жанындағы
интернаттар, әсіресе малшылар балаларын оқумен қамту аудан мектептері
жанынан осы типті орындарды құру мәселелерін шешуді талап етті. 1937
жылғы жалпыға бірдей міндетті оқумен мектеп жасындағы барлық балалардың
тек 96% қамтыды. қазақша төрт сыныптық мектептерің саны 573-ден 1190-ға
өсті.[79]. Яғни, оқу-ағарту шаралары жаппай жоспарлы отырықшыландырудың
алғашқы жылдарында басты шараларға жатқызылды.
Педагогикалық қауымдастықты, оқу уақытын парасатты түрде пайдалану,
сынып сабақтарының кестесі, оқушылар білімін есепке алу, үй тапсырмаларын
ұйымдастыру мәселелері кең талқыланды. 30-жылдардың басынан-ақ кеңес
мектебінде сабақты және оқу үрдісін тұтастай жетілдіру негізгі бағыт болып
айқындалуы және сабақ түрлерінің көбеюіне ерекше көңіл бөлінді. Алдыңғы
қатарлы тәжірибелерде оқу пәндері мен пәндер циклі бойынша сабақ
ерекшеліктерін айқындады. Оқу үрдісінде мұғалімнің рөлі елеулі орын алды.
әрбір топта тәрбие жұмысына жетекшілік ету үшін топты жетелеуші қызмет
құрды.(1934 жылдан бастап сынып жетекшісі болды). Оқуға түсуге тиісті
балалардың есепке алынуы, оқушылардың кластан класқа көшіп отыруы қатаң
бақылауға алынды. Бұның барлығы міндетті түрде жаппай бастауыш білім беру
туралы Заңды меңгерушілерінің жауапкершілігін арттырды. Барлық жерде
оқушылардың білім сапасы үшін күрес жүрді, кластан класқа көшіру
емтихандарымен мектепті бітіру емтихандары енгізілді, оқу бөлімдері
тарапынан мектептерге басшылық
ету ісі жақсарды, мұғалімдермен
жүргізілетін әдістемелік жұмыс жолға қойылды. Жалпыға бірдей бастауыш
білім беруді іске асыру кезінде қазақ мектептеріне дидактика, теориялық
жағынан да, практикалық жағынан да еніп, нық орын алды, оқу жоспары, оның
негізінде жасалған тиянақты жарты жылдық сабақ кестесі, оқу үрдісін
ұйымдастыруда негізгі форма ретінде сабақ жүргізу ісі қалыптасы. Бұл
мәселеде ВКП (б) Орталық комитетінің «Бастауыш және орта мектеп туралы»
1931 жылы, «Бастауыш және орта мектептегі оқу программасы мен режим


21
туралы» 1932 жылғы тарихи шешімдердің маңызы зор болды. Олардың
негізінде жасалған программалар әрбір оқу жылында мектеп оқушыларына
берілетін білім жүйесі практикалық іскерлік пен дағдыны белгілеп бере
бастады. Бастауыш мектеп программаларына ана тілі мен орыс тілі,
арифметикамен
қатар, жаратылыс тану, география, тарихтың
бастапқы
курстары, эстетика, дене тәрбиесі мен еңбекке тәрбиелеу пәндері де еніп,
мектептің білім мен тәрбие жөніндегі маңызын біраз көтеріп тастады. 1935
жылдың аяғынан бастап респбуликаның барлық мектептерінде оқу жылы мен
каникулдарының бірыңғай ұзақтығы, кластан класқа көшкендігі туралы куәлік
пен орта мектепті бітіргендігі туралы аттестаттың
бірыңғай
үлгісі,
оқушылардың білімін бағалау бағасының бес түрі біркелкі болып белгіленді.
Кеңес
үкіметінің
алғашқы жылдарында-ақ
республикада мәдениет
құрылысы кең көлемде жүргізіле бастады. Партия, кеңес ұйымдары мәдени
революцияның негізгі шешуші саласы ретінде мектпетке ерекше назар аударды.
Елімізді 
социалистік 
индустрияландыру 
және 
ауыл 
шаруашылығын
ұжымдастыру кезеңінде совет мектебін дамыту ісі көптеген мұғалімдерді қажет
етіп, олардың алдына көтеріңкі талаптар қойды. Мектептің мемлекеттік бүкіл
жүйесі сияқты мұғалімдер даярлау ісі де халық ағарту ісінің негізі болып
табылады. Осы мақсатқа сай республикамызда 1930 жылы Щучинск, Панфилов
және Павлодар, 1934 жылы Шымкент педагогикалық училищелері ашылды, оқу
мерзімдері төрт жыл болды. 1931-1932 оқу жылында олардың саны 14 болды:
Орынбор-орыс, Семей-орыс, қазақ, Өскемен-қазақ, Ақтөбе, Қостанай және
Орал-аралас, Бөкеев-қазақ, Қарқаралы, Жетісу, Сырдария-қазақ.
Бұлар
бастауыш сынып мұғалімдерін дайындады. Халыққа білім беру саласындағы
басты тұлға, ел өміріндегі барлық игі істердің жаршысы мұғалім дайындайтын
педагогикалық училищелерді 1934 жылға дейін небәрі 1695 оқушы, 1932-1940
жылдарда 8708 оқушы бітіріген. 1930 жылдан кейін Лепсі, Зайсан, қазалы,
Көкшетау, Мендіқара, Алматыда күндізгі және кешкі, Алматыда- орыс
педучилищелері қысқарды, ал басқалары ірілендірілді, аралас училищелер
өмірге келді. 20-30 жылдарда педагогикалық училищелер барлық пәндерден
тұрақты жоспарлар мен бағдарламалар жеткіліксіз болды. Педагогикалық
училищелерде 
сырттай 
оқу 
бөлімдері 
1930 
жылдан 
басталды[102].
Педагогикалық училищелердің алдына бастауыш мектептің мұғалімдерін
даярлап, жергілікті халық арасында мәдени-ағарту жұмыстарын ойдағыдай
жүргізе аларлықтай етіп әзірлеу міндеті қойылды. 1931-1932 оқу жылында
Қазақ АССР Оқу халық комиссариаты қазақтың политехникалық мектебінің
жаңа ережесін, мектеп мұғалімдері мен басшыларының құқықтарымен
міндеттері, мектеп испекторлары жөніндегі жаңа ережелерді, ұйымдастыру-
әдістемелік мәселелер жөніндегі нұсқауларды жасап, мектептерге жіберген.
Халық шаруашылығын дамытудың екінші бесжылдық жоспарында (1933-
1937) халыққа білім беру міндеттері мәдени құрылыс жоспарының негізі
болды. Ол міндеттер-қалың еңбекші бұқараның мәдениеті( жаппай оқу,
сауатсыздықты жою, бұқаралық политехникалық білім беру т.б.) көтеруді және
халық шаруашылығының салалары үшін кәсбіи мамандар мен ғылыми
қызметкерлер даярлауды
қамтамасыз ету мәселелерін шешу еді [103].


22
Ересектер арасындағы сауатсыздықты жою жөніндегі бағдарлама республикада
табысты жүзеге асты. Сауатсыздықты жою жұмысына қосымша мұғалімдер
мен 
мәдениет 
майданының 
қызметкерлері 
тартылды. 
Мұғалімдердің
мамандығын арттыру мен жаңа педагогтар кадрларын дайындау жөнінде СССР
Халық Комиссарлары Кеңесі мен ВКП (б)Орталық Комитетінің 1936 жылғы
мұғалімдерге дербес атақ беру және мұғалімдерді аттестациялау тәртібі туралы
қаулысының үлкен маңызы зор болды. Мұғалімдерді аттестациялау мен оларға
дербес атақ беруге байланысты жүргізілген шаралар оқушылар құрамын
жақсартуға, олардың жұмыс сапасының жақсаруына, педагогтың білімін
көтеруіне көмектесті. 30-жылдардың басында Совет үкіметі ғылыми дәрежені
алудың жаңа ережесін тағайындады. ғылыми-педагогикалық интеллигенциялар
арасындағы ортақ дәрежелер ғылым докторы, профессор, ғылым кандидаты
және доценттер болып табылды. Мұндай жоғары мектептің деңгей тізбесі осы
күнге дейін сақталған.
Жалпыға бірдей міндетті бастауыш және жеті жылдық оқуды жүзеге асыра
отырып, республиканың үкіметі мен халық ағарту орындары орта мектепті
дамытуға көңіл бөліп отырған. 1935 жылғы Қазақстан Халық Комиссарлары
Кеңесі «Қазақстан мектептерінің құрылымын тәртіптеу және қазақ орта
мектептерін
өсіру туралы»
қаулы
қабылдаған еді. Бұндай
қаулының
қабылдануына қаулап дамып келе жатқан өнеркәсіп пен ауыл-шаруашылығына
қазақ жастарының ішінен жоғары мамандықты меңгерген мамандар даярлау
қажеттігі себеп болды. Қазақстан жоғары оқу орындары 30-жылдардың бас
кезінде негізінен РСФСР Халық ағарту Комиссариатының ұсынған оқу
жоспары 
мен 
бағдарламаларын 
басшылыққа 
алды.
қазақ
бастауыш
мектептерінде негізінен қысқа мерзімді курсты аяқтаған бастауыш білімі бар
мұғалімдер жұмыс жасады. Бұндай мамандармен мектеп жұмысындағы
кемшіліктерді жеңу қиынға соқты. Сондықтан мұғалімнің жалпы білімдік,
педагогикалық деңгейін көтеру қажет болды. 1933 жылы 23 ақпанда РСФСР
Халық ағарту комиссариаты педагогикалық институттарға арналған жаңа оқу
жоспарын бекітті. ұлттық
педагогикалық институттары оқу жоспарына
жергілікті
ұлттық ерекшеліктер ескеріле отырып, жергілікті
ұлттардың
реовлюциялық 
қозғалыс 
тарихы,
ұлт 
республиксының
революциялық
жағрапиясы, ана тілінен практикалық сабақтар, ана тілі әдістемесі, ұлт әдебиеті
(тіл және әдебиет бөлімдерінде) енгізілді. 1928 жылы ашылған Абай атындағы
қазақтың педагогика институты орта мектептерге өзінің алғашқы 59 түлегін
ұшырды.
құрамында педагогика, ауыл шарушылығы және медицина
факультеттері болған бұл алғашқы жоғары оқу орны қазақ университеті ретінде
құрылды. 1932 жылға дейін бұл институт педагог кадрларын даярлайтын,
қазақтың ұлттық интеллигенциясын қалыптастыратын бірден-бір орталық
болды. Төрт жыл (1931-1934) ішінде 415 орта мектеп мұғалімдерін, халық
ағарту ісінің методистері мен ұйымдастырушыларын даярлап шықты[104]. 1935
жылы институтқа қазақ әдебиетінің классигі Абай құнанбаевтың есімі берілді.
Аталмыш жоғары оқу орны республика көлемінде мұғалімдер дайындайтын
бірден-бір жоғары оқу орны республика көлемінде мұғалімдер дайындалып,
өндіріс пен ауылшаруашылығына маман кадрларын шығаруға кең жол ашты.


23
Институтқа осы кезде көптеген көрнекті ғалымдар істеді. Олар: қазақ совет
әдебиетінің
негізін салушы-С.Сейфуллин,
академик, жазушы-М.О.әуезов,
профессор-Ш.Әлжанов және т.б. Институт қазірде елімізде ірі педагогикалық
жоғары оқу орындарының біріне айналды. Қазақстандағы тұңғыш сырттай
оқытатын бөлімде осы институттың жанынан 1932 жылы ашылды. 1933 жылы
қазақстандағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік педагогикалық мекемелердің
жоспары мен жүйесі туралы ҚАССР Орталық Атқару Комитетінің қаулысында
КАССР
ғылыми-зерттеу 
педагогикалық
институтының
алдына 
келесі
міндеттерді қойған: «1.КАССР мектептерде тәжірибе өткізудің негізінде
әлеуметтік
құрылыс міндеттеріне сәйкес теориялық
және практикалық
мәселелерді дайындау; 2.Педагогикалық құжаттардағы бағдарламаларды
ғылыми-әдістемелік мекемелерде жүйесін
қамтамасыз ету; 3.Ғылыми-
педагогикалық
кадрларды дайындаумен
қатар жетекші
ғылыми-зерттеу
жұмыстарын, басқа да ағарту мекемелерінің жұмыстарын жоспарлау мен
басқару»[105]. Республика
үкіметі, оқу-ағарту орындары мектептердің
тұрақтану кезінде мұғалімдерді әдістемелік жағынан жабдықтауға үлкен назар
аударды. 
Көптеген 
мемлекеттік
құжаттарда, 
халық-ағарту 
саласының
қызметкерлері мен ғалым-педагогтардың мақалаларында, ғылыми кеңестерде
білім беру мен тәрбие үрдістерін жетілдіре түсу, оқулықтар құрастырудың
ғылыми жүйесін жасау, оқу-әдістемелік орталық құрудың қажеттілігі т.б.
мәселелер жайында болған. Осы мәселелерді ескере отырып, 1932 жылы
Алматыда ғылыми-педагогика кабинеті құрылды, бұл 1933 жылдың қаңтар
айында мектептердің ғылыми-зерттеу институты болып қайта құрылды, ал
қазір Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу
институты. Бұл институт озат педагогтың тәжірибені жинақтауда қызу қызмет
етті, педагогика саласында ғылыми-зерттеу жұмысын бастаған. Институт
қазақстан мектептерінің озат тәжірибелерін көрсететін бірнеше жинақтар
шығарды.
қазақ
тілінде 
педагогика 
саласынан 
алғашқы 
оқулықтар,
революцияға 
дейінгі
қазақтың
педагог-ағартушыларының
педагогика
саласындағы 
мұраларына 
арналған 
тарихи 
зерттеулер,
қазақстанның
революцияға дейінгі мектептері мен революциядан кейінгі мектептер
тарихынан 
кітаптар 
шығарды. 
Институт
қызметкерлерінің
белсене
араласуымен, ұлт мектептеріне арнап қазақ тіліндегі оқулықтар жазу ісі жедел
қолға алынды. Бұл іске Қ.Жұбанов. І.Жансүгіров, Б.Майлин, М.Әуезов т.б. ат
салысты. 1932 жылға қарай Қазақстанда 12 ғылыми-зерттеу институты, 15
тәжірибе станциясы, 186 тірек пункті, лаборатория, гидрометстанция,
бірсыпыра кен барлау ұйымдары қызмет істеді[106]. Республиканың жоғары
оқу орнын дамытуға Мәскеудің, Ленинградтың, Киевтің және тағы басқа ірі
ғылыми орталықтардың ғалымдары зор көмек көрсетті. қазақстан жоғары оқу
орындары 30-жылдардың
бас кезінде негізінен РСФСР Халық
ағарту
Комиссариатының ұсынған оқу жоспары мен бағдарламаларын басшылыққа
алды. 1933 жылы РСФСР Халық ағарту Комиссариаты педагогикалық
институттарға арналған жаңа оқу жоспарын бекітті. ұлт педагогикалық
институттары оқу жоспарына жергілікті ұлттық ерекшеліктер ескеріле отырып,
жергілікті ұлттардың революциялық қозғалыс тарихы, ұлт республикаларының


24
экономикалық жағрапиясы, ана тілінен практикалық сабақтар, ана тілі
әдістемесі, ұлт әдебиеті (тіл және әдебиет бөлімдерінде) енгізілді.
1937 жылдың аяғына қарай 27 педагогикалық техникумдар, 6 институт пен
университетте 9626 мұғалімдер даярланды, ал олардың жалпы екі еседен астам
көбейді. 1937 жылдың ортасында олардың арасында аттестациялау жұмысы
жүргізілді. Бұл шара педагог кадрлар құрамының сапасын арттыруға онды әсер
етті. 1934 жылы Алматының музыкалық-драмалық техникумы оқу комбинаты
болып
қайта
құрылды, онда студенттерді оқытумен
қатар музыкалық
аспаптарын жетілдіру жұмыстары қоса жүргізілді. Сол жылы мамырда
қазақтың хореография мектебі оқушылар қабылдады. Музыкалық мектеп
Оралда да ашылды. 1937 жылы музыкалық-драмалық теникумда 238 адам,
академиялық драма театрының студиясында-31, музыкалық-хореграфиялық
мектепте-120, ал Мәскеу мен Ленинградтың жоғары және орта көркем театр
оқу орындарында бізден 110 адам оқыды. 1934 жылы Алматыда Семейден
көшіріліп әкелінген Геология-барлау институтының негізінде Кен-металлургия
институты (қазіргі ұлттық техникалық университеті) құрылды. Медициналық
институт кеңейтілді. 1936 жылы институты алғашқы 66 дәрігер бітіріп шықты
[107]. Бірінші бес жылдық тұсында Алматыда малдәрігерлік-зоотехникалық
институт, Оралда педагогикалық институт,Семейде кен-барлау институты
ашылды. 30-жылдары республикамызда педагогтың оқу орындарынң мынадай
жүйесі қалыптасты: 1.Жоғары педагогтың оқу орындары. Мұнда ІІ басқыш
мектептерге, техникумдарға, жұмысшы факультеттері мен жеті жылдық
мектептерге оқытушылар дайындады. 30-жылдың
басында
қазақстанда
қазақтың педагогтық институты мен үш халық ағарту институты жұмыс істеді.
1932 жылы Орал педагогтық институты ашылды. 1935-1936 жылдары тағы екі
педагогтық институт. Бірнеше мұғалімдер инстиуты ашылды. 1934 жылы
қазақтың мемлкетттік университеті ашылды. 2.Педагогтық техникумдар мен
педагогтық бағыттағы ІІ басқыш мектептері. Бұлар І басқыш мектептерге
оқытушылар дайындады. 14 педагогтық техникум болды. 3.Педагогтық
курстар. қазақ жастарын жоғары оқу орындары мен техникумдарға тартуда
дайындық бөлімдерінің үлкен маңызы болды. 1934 жылы республикада
ғылымдық маңызды қазақ АКСР ОАК Президумының жанындағы ғылым
комитеті құрылды. 1936 жылы Орталық архив басқармасы мен қазақ ұлттық
мәдени
ғылыми-зерттеу 
институты
ұйымдастырылды.
өлкелік 
партия
комитетінің
жанындағы марксизм-ленинизм
ғылыми-зерттеу институты
қазақстан КП ОК Партия тарихы институты болып қайта құрылды.
30-жылдардың бас кезінде қазақ әдебиеттану ғылымыннан алғашқы
ғылыми зерттеу еңбектерінің, соның ішінде С.Сейфуллиннің. С.Мұқановтың,
М.Әуезовтың кітаптарының шығуы орталау, орта мектептерге арналған әдеби –
творчестволық
және көркем текстілік хрестоматиялардың
шығуына да
мүмкіндік 
жасады. 
1930 
жылдардың
соңғы 
кезінде 
жаряланған
хрестоматияларда іріктеліп алынған материалдар өзінің әдеби-эстетикалық
сапасы жағынан да, идеологиялық ұстамдылығы жағынан да одан бұрынғы
сұрыпталып алынып жүрген көркем мәтіндерден анағұрлым маңызды және сол
кездің оқу-ағарту ісіне үйлесімді болды. Бұл тұстағы хрестоматияларда қазақ


25
әдебиетінің тарихына байланысты ғылыми деректер нақтылы талдаулар
жүйесінде молынан қамтылды.1933 жылы қазақ оқулығын шығаруда ерекше
үлес қосқан Молдағали Жолдыбаев оқушылардың алдына таратылып отырған
қазақ әдебиетінің басылуы жайлы: «ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы
қазақ әдебиетінің оқу кітабы (7жылдық) бірінші рет жазылып отыр. Кітапты
жазу
үстінде кездескен
қиыншылықтар уақыттың
тығыздығы, бекіген
программалардың жоқтығы, сыннан өтіп кемшілігі әшекереленген, беті
ашылмаған 
бұрын 
жазылған 
кітаптың
жоқтығы, 
айтылған 
дәуірдің
экономикасының, өндіріс
қатынастарының
зерттелген материалдарының
болмағандағы болды»[108],-деп өз пікірлерін білдірген. 30-жылдары бастауыш
және орталау мектептерге арналып, бірнеше оқулық, хрестоматиялар баспа
жүзіне шыға бастады. Оларды белгілі
әдебиетшілеріміз М.Жолдыбаев,
М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев, С.Сейфуллин, т.б. жазып құрастырды. Мәселен, сол
жылдары қазақ ауыз әдебиетінің тарихын оқулық көлемінде баяндау мәселесін
тұңғыш көтерген, оны қолға алған С.Сейфуллин еді. С.Сейфуллин кітабын екі
бөлім етіп шығрады. Оның біріншісі, «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» деген
атпен шықса, 1931 жылы хрестоматия құрастырылып жарияланады. Ал,
екіншісі, «Қазақ әдебиеті. Билер дәуірінің әдебиеті» деп аталатын қазақ ауыз
әдебиетінің тарихын баяндауға арналған ғылыми зерттеу еңбек 1932 жылы
жарық көреді. Сондай-ақ, М.Жолдыбаев, М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаевтың «ХІХ
ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу кітабы» (1933), С.Сейфуллин мен
Ө.Тұрманжановтың «Көркем әдебиет» (1934) атты оқулық-хрестоматиясы
кеңес тұсындағы әдебиеттің таңдаулы үлгілерін мектепке ұсынды. қазақ
әдебиеттану
ғылымын алғашқы
ғылыми зерттеу еңбектерінің
ішінде
С.Сейфуллинің, С.Мұқановтың, М.Әуезовтың кітаптарының шығуы орталау,
орта мектептерге арналған
әдеби-творчествалық
және көркем мәтіндік
хрестоматияның
шығуына 
да 
мүмкіндік 
жасады. 
Жарияланған
хрестотматияларда іріктеліп алынған материалдар өзінің әдеби-эстетикалық
сапасы жағынан жда, идеологиялық ұстамдылығы жағынан да одан бұрынғы
сұрыпталып алынып жүрген көркем мәтіндерден анағұрлым маңызды және сол
кездің оқу ағарту ісіне үйлесімді болды. Бұл тұстағы хрестоматиялар қазақ
әдебиетінің тарихына байланысты ғылыми деректер нақтылы талдаулар
жүйесінде молынан қамтылған. 1933 жылы балалар әдебиетінің идеялық
мазмұны мен оның көркемдік сапасын арттыра түсу мақсатымен, Мәскеуде өз
алдына жеке балалар
әдебиетінің
баспасы
ұйымдастырылды. Одақтық
республикадағы балалар әдебиетінің секторы Қазақстан көркем әдебиет
баспасының жанына ұйымдастырылды. 1936 жылға қарағанда, 1937 жылы 40-
тан астам балалардың көркем әдебиеті 146 мың тиражбен қазақ тіліне
аударылды[109].
1935 жылы 3-4 кластарған арналған қазақ әдебиетінен бағдарлама жарық
көрді. Бағдарламаның басты міндеті оқушыларға:
1.Көркем шығармаларының
мағынасын, идеясын, көркемдік мәнін
түсіндіру;
2.Көркем шығармалардың кейбір түрлерін (әңгіме, өлең, ертегі, мысал
т.б.);


26
3.Көркем тілдің жеңіл ерекшеліктерін (әсірелеу, теңеу, ырғақ т.б.)
түсіндіру;
4.Жазушылардың қай таптан екенін, оның шығармаларының таптық
бағытын аңғарту;
5.Көркем әдебиетінің өткен қоғамдық өмірде, қазіргі әлеуметтік құрылыста
қандай мәні бар екені жөнінен алған ұғымын пысықтау;
6.Әдебиет сабағының басқа пәндерімен-қоғамтану, тіл, жаратылыстану
сабақтарымен, көркем өнердің кейбір түрлерімен байланысын айыра білуге
үйрету [110]. қазақ әдебиеті пәні бағдарламасының мазмұнын жетілдіру мен
мектептерде бұл пәннің беделін көтеру мәселелері күн тәртібінде қаралып,
қойылған.
БК (б) П Орталық Комитетінің 1932 жылғы 25 тамызындағы шығарған
«Бастауыш, орта мектептің
оқу бағдарламары мен режимі туралы»
қаулысынының оқу бағдарламаларын ғылыми негізде жасау үшін орасан зор
маңызы болды. Бұл қаулыда ана тілі бағдарламасынан мына сияқты талаптар
қойылған: «Ана тілі бағдарламасы берілетін білімнің нағыз системалы, дәл
аумағын толық үйренуді қамтамасыз етуге тиіс, сол сияқты дұрыс оқу, дұрыс
жазу, дұрыс сөйлеуге нық төселуді қамтамасыз еткендей болсын; оқушылардың
мектепте де, үйде де өз беттерімен істейтін жазу жұмыстары, грамматика
талдауы 
және 
сондай 
жұмыстарға 
оқу 
жұмысының
практикасына
ендірілсін»[111].
БК (б)П Орталық Комитеті 1933 жылғы 12 ақпанында шыққан бастауыш
және орта мектептердің оқу құралдары туралы» қаулысында,СССР Халық
Комиссарлары Советі мен БК(б)П Орталық Комитетінің 1939 жылғы 27
тамызда шығарған «Бастауыш, орталау және орта мектептерге арнап оқу
кітаптарын бастыру және сату туралы» қаулысында тұрақты бағдарлама мен
оқыту әдістерін қолданудың, мектептегі оқу-тәрбие жұмысының сапасын өндеу
ісінің түйінін шешетін нәрсе тұрақты оқулықтың болуы керек екенін атап
көрсетті [112.]. Мерзімді баспасөз бен кітап шығрау ісі мықтап дамыған бұл
кезде 1925 жылы 96 кітап 443 мың дана болып таратылса, 1930 жылы тиісінше
200-ге жуық және 3 млн. дана болды. Ал 1932 жылы таралымы 6 млн. дана 668
кітап шығарылды [107]. Қазақ мектептеріне керекті оқулықтар мен оқу
құралдарының саны кенет өсті. Мәселен, 1934 жылы тиражы 596 мың дана не
бары 4 оқулық шығарылса, 1935 жылы тиражы бір миллион жарымға жететін
15 оқулық шығарылды [96]. Ал 1935 жылы бастауыш мектептер үшін көп
тиражбен «Селолық жерлерге арналған әліппе», «Жұмысшыларға арналған
әліппе», «Шала сауаттыларға арифметика
жөніндегі методика», «Шала
сауаттыларды оқыту методикасы», «Шала сауаттылар мектептеріне арналған
қазақ тілі грамматикасы», «Сауатсыздарға арналған арифметика есептері»,
«Сауатсыздар 
мектептеріне 
арналған 
программа», 
«Шала 
сауаттылар
мектептеріне арналған программа» сияқты оқулықтар шығарылған. 1929 жылы
араб алфавитінен латын алфавитіне көшу қазақстанда мәдениет пен халық
ағарту жұмысын дамытуда, көркем әдебиет пен күнделікті баспасөздің қаз
тұруында алға басқан қадам болды. Дегенмен, латын алфавиті ана тілін
оқытуда жеңілдеткен жоқ. Оның үстіне, орыс тілі оқытуда бірақ қиындықтар


27
тудырды. өйткені таңбалары бір кейіптес, бірақ түрліше дыбысты белгілейтін
бірқатар әріптер оқушыларды шатастырды. Осы қиындықтар болмауы үшін
1940 жылы қазақ ССР Жоғары Кеңесі қазақ жазбасын латыншадан орыс
графикасына негізделіп жасаған жаңа алфавитке көшіру туралы Заң қабылдады.
Ал
қазақ
тілінде 
шығатын 
газет-журналдарының
саны 
көбейді.
Мәселен,төңкеріске дейін қазақ тілінде бір ғана газет болса, 1917-1920 жылдар
арасында қазақ тілінде 25-26 шақты газет-журналдар, 1925 жылы 28 газет. 1926
жылы 41 газет, 1932 жылы 62 газет, 6 журнал шықты. 1937 жылы
қазақстандағы 305 газеттің 185-і қазақ тілінде 603 мың тиражбен шығып тұрды.
Ал отызыншы жылдың аяғында газет саны 322-ге (қазақ тілінде 193), тиражы
945 мыға жетті [113]. Бұл келтірілген деректен біз республикада баспасөз ісінің
жылдан-жылға
өскенін байқаймыз. 1930 жылы оқулық,
оқу
құралы,
бағдарламалармен
қатар 
классикалық
педагогикалық 
әдебиеті:
Чернышевскийдің, Добролюбовтың, Ушинскийдің, Калининнің, Макаренконың
және басқалардың педагогикалық шығармаларын қазақ тіліне аудара бастау-
қазақстанда педагогика ғылымын дамытудағы елеулі кезең болды.
Орта мектептер мен жоғары дәрежелі педагогикалық оқу орындарының
ашылуына байланысты 30-жылдардың басында қазақ әдебиетін арнаулы пән
ретінде өз алдына жеке оқыту қажеттігі туып, оқулықтар жасау жұмысы жедел
қолға алынды. Бұл үшін ең алдымен әдебиеттану ғылымын жетілдіру,
толықтыру қажет болды. 20-жылдардың бас кезінде ұйымдасқан қазақстан
өлкесін зерттеу қоғамы, 1933 жылы ұжымдасып, ғылым Академиясының
жүйесіне көшкен ұлт мәдениетін зерттеу институты қазақ фольклорі мен
әдебиет нұсқаларын көптеп жинады. Осы жылдары фольклор нұсқаларымен
қатар 
Абайдың,
С.Торайғыровтың,
Ы.Алтынсариннің,
Ақан 
серінің,
Сүйінбайдың өлеңдерінің жинағы басылып шықты. Қазақстан әдебиеті мен
өнерінің 1935 жылы маусымында Мәскеуде зор табыспен өткен бірінші
онкүндігі қазақ кеңес әдебиеті мен өнер жетістіктерінің жарқын көрінісі болды.
Қазақстанның жас өнерпаздары «Қыз Жібек», «Жалбыр» операларын қойды.
Аталған онкүндікте әнші К.Байсейітова СССР халық әртісі атағына ие болды.
1937 жылы музыкалық театр негізінде Абай атындағы тұңғыш ұлттық опера
және балет театры ашылды. 1935 жылы Алматыда ашылған сурет көрмесі-
оның таңдаулы экспонаттары Ә.қастеев атындағы мемлекеттік көркемөнер
галереясының негізін қалады. 1934 жылы хроникалы-құжатты фильмдердің
республикалық студиясы ұйымдастырылды. Дыбысты «Амангелді» көркем
фильмінің экранға шыуғын (Ленфильм,1938ж) ұлттық кино өнерінің бастамасы
деуге болады. 1934 жылы қазақ мемлекеттік музыкалық театры (қазіргі Абай
атындағы опера және балет театры) ашылды. Театр сахнасында қойылған
«Айман-Шолпан» 
спектакльі
үлкен 
табыстарға 
жетті. 
Бірінші
қазақ
операсының сюжеті болып Ғ.Мүсіреповтың «Қыз Жібек» эпосы болды. Осы
жылы
Құрманғазы атындағы мемлекеттік оркестр
құрылып, жетекшісі
композитор А.К.Жұбанов болды. 1933-1937 жылдары Алматыда ұйғыр және
корей музыкалық-драма театрлары ашылды.


28


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет