Болат әбдікәрімұлы асаубаева ақГҮл кенжебекқызы саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының педагогикалық көзқарастары


Бейімбет (Бимағамбет) Жармағамбетұлы Майлин (1894-1938)



Pdf көрінісі
бет15/45
Дата26.07.2023
өлшемі1,25 Mb.
#104812
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45
Бейімбет (Бимағамбет) Жармағамбетұлы Майлин (1894-1938)
қазіргі
қостанай облысы Таран ауданында 1894 жылы кедей шаруаның отбасында
дүниеге келген. Екі жасынан әкесінен айырылған Бейімбетті шешесі Күлғизар
мен әжесі Бойдастың тәрбиесінде өседі. әжесі кезі келгенде өлең шығарып
жіберетін сөзге ділмар жан болғандықтан, Бейімбетті ауыл молдасынан хат
таныған соң ұзақ таңға жыр-дастандар оқытып, тыңдайтын болған. Осының
барлығы жас Бейімбеттің сөз өнерін сүйіп, әдебиет жолына түсуіне ықпал
жасайды. әуелі ауыл молдасынан сауат ашқан Бейімбет кейіннен Арғын-бай
қажының медресесінде екі жылдай дәріс алады. 1913 жылы Троицкідегі
«Уазифа» мектебінде, оны бітірген соң Уфадағы «ғалия» медресесінде оқиды.
Медреседе оқып жүргенде татардың ғалымжан Ибрагимов, Мәжит ғафури
сияқты белгілі жазушыларымен танысады. Осында шығып тұрған «Садақ» атты
қолжазба журналған белсене араласып, өзінің алғашқы прозалық туындысы
«Шұғаның белгісі» әңгімесін жариялайды. өлеңдері «Айқап» журналында,
басқа да басылымдарға шыға бастайды.Сол жылдары Б.Майлиннің осы
жураналмен танысу, оның
беттерінен М.Сералин, С.Торайғыровтардың
мақалаларын. Көркем туындыларын оқу үлкен әсер етеді. Аталған журналдың
белсенді мүшелерінің бірі болады. Кейін сол журналдың редакторы етіп
сайланады. әлеуметтік маңызы бар, дінді әжуа-сықақ ететін «Мұсылмандық
белігісі» атты өлеңі, жазушылық талабының зор екендігін танытқан «Шұғаның
белгісі» атты ұзақ әңгімесі осы «Садақ» журналында жарияланады. Медреседе
Б.Майлин орыс тілі сабағына ерекше зейін аударды. Орыстың атақты
жазушылары – Пушкиннің, Гогольдің, Чеховтың, Толстойдың шығармаларын
үзбей оқыды. Мұның өзі жас талапкердің білімін тереңдетіп, ой-өрісін
кеңейтуге, алдағы жазушылық шеберлігінің арта түсуіне зор көмегін тигізді.


53
Осы жылдарда ол қазақ, татар, башқұрт, орыс әдебиеттерімен кеңірек танысып,
әдеби сауаты арта түседі. Денсаулығына байланысты Бейімбет медресені
аяқтай алмай, 1916-1921 жылдарда ауылда бала оқыту, мұғалімдікпен
айналысты. Халық ағарту жұмысына араласады. Осы кезде ауыл мектептерінің
қиын жағдайларын ескеріп ауылға мектеп салдыру жұмысымен айналысады.
Осы кездерде ағартушылық қызметте жүріп, балаларға арнап көптеген өлеңдер
мен
әңгімелер және 1916 жылғы
ұлт-азаттық қозғалысына арналған,
төңікерістен кейінгі кездердегі
қазақ
ауылының
тұрмысын суреттейтін
бірсыпыра өлеңдер жазды. Мұғалімдік қызметте жүріп алдымен халық ағарту
жұмыстарын жолға қоюдың тарихи мәні барын ерекше сезінді. 1927 жылы
шыққан «Ел көркі» деген кітабының мұқабасында:
Оқыса білім бұлағы,
Оқыса елдің ұланы.
Тірілтіп елге жан беріп,
Ел ішін жұмақ қылады.-[127,38]
деп мектеп пен ағарту жұмыстарына ерекше мән беріп, қазақ ауылын тез
көтеріп,
ғылым-білім асқарына шығару мәселесін
қолдайды. 1922-1923
жылдары қазақстанның сол кездегі астанасы-Орынбор қаласына келіп, ондағы
газет-журналдарда Кеңес өкіметін идясын, қазақ ауылының тұрмысын және
қоғамдық мәселелер, ұжымдастыру кеңестік шарушылық, оқу-білім, мәдениет
жайлы өлеңдермен публицистикалық мақалаларын халық алдына ұсынады.
Қазақ ССР Оқу халық комиссариатының мектептер тыс бөлімі 1920 жылы
ликбездің көшпелі пунктері мен мектебі ауыл адамдарына арналған кітапхана
жәшігін ұйымдастыру туралы қаулы алған. Көшпелі халықтың арасында
мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізуде 1921 жылы «қызыл керуендер»
ұйымдастырылды. 1923-1925 жылдары
Қостанайда уезінде мұғалімдік
қызметте жүріп, ә.Жангелдиннің қызыл керуенінің отрядында болған. Сондай-
ақ сол жердегі «Ауыл» газетінде жұмыс істейді. өзінің осы тұста жазған әңгіме,
очерктері, өлеңдерімен партия саясатын ел арасына жеткізді. Кеңес өкіметі
алып келген жаңалықтың жалынды жаршысы болды. «Раушан-коммунист»
повесі осы кезде жазылады.1919 жылы В.И.Ленин «РСФСР-дың ересек
халқының арасындағы сауатсыздықты жою туралы» декретке қол қойды. 1914
жылы қазақстанда «Сауатсыздық жойылсын!» қоғамы ұйымдастырылды.
Ауылда мәдени революцияға жасауға шақырған Б.Майлин партияның осы
үндеуіне дер кезінде үн қосып, өзінің көптеген шығармларын жазды. Мәселен,
«Бекберген мектебі», «Ленин мектебі», «Алғашқы сабақ», «ұлбосын»
әңгімелері жазушының аса көп көңіл бөлген мәселесі сауатсыздықты жою
жұмысына және ауылға мәдениет, жаңалықққа шақырушы, халықты өнерге
үйретуші 
мұғалімдердің 
қызметіне 
белсене 
араласқан. 
1925 
жылы
республикамыздың жаңа орталығы қызылорда қаласына «Еңбекші қазақ»
газетінің редакциясына қызметке шақырылады. Газетте редактор болып
істейтін ақын Сәкен Сейфуллиннің қарамағына жұмыс жасау Бейімбеттің
шығармашылық жолына үлкен өзгерістер әкеледі. Осыдан бастап газеттің әр
кезде редакторы болып істеген С.Сәдуақасов, Т.Рысқұлов, О.Жандосов,
Ғ.Тоғжанов, Ғ.Мүсіреповтермен бірге жұмыс істеген. Еңбекші таптың саяси


54
мүддесін көздеген өлеңдер жаза бастайды. «Еңбекші қазақ» газеті бетінде
«Шаңқан» бүркеншік атымен өлең-әңгімелері жиі жарияланады. Б.Майлин
«Еңбекші қазақ» газетінде жүріп республикалық партиялық орган «Қызыл
Қазақстан» журналын шығарып отыруға да белсене араласқан. Бұл журнал
қазақ облыстық партия комитетінің органы ретінде бірінші саны 1921 жылы
жарық көрген қазақ тіліндегі алғашқы кеңестік журнал болды. 1927 жылы
«Сағындық», «Байшұбар», «Хан күйеуі» атты поэмаларын жазады. 1931 жылы
«Қара шелек», «Ұлбосын», «Даудың бас Дайрабайдың көк сиыры» (1931),
әміржанның әңгімесі» (1932), «Он бес үй» (1933), «Берен» (1935), «Қырманда»
(1936) сиқяты әңгімелер жазған. Мұның өзі Б.Майлиннің халықпен күшті
байланыста болудың, ел өмірін бас саусағындай біліп отырудың қаншалықты
маңызды екенін танытады. 1925 жылы Қазақстан өлкелік партия Комитеті
РКП(б) Орталық Комитетінің «Партияның көркем әдебиет саласындағы
саясаты туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, КАЗАПП ұйымын құру
жөнінде қаулы алып, ұйымдастыру бюросын бекітеді. Оған С.Сейфуллин мен
бірге Б.Майлин да енеді. КАЗАПП құрылғанда Б.Майлин оның президиумы
мүшесі болады. 30-жылдары латын әліпбиіне бет бұрған Қазақстанда сол кезде
жаңа әліпби комитеті құрылып, оның органы ретінде «Жаршы» журналының
екінші саны Б.Майлиннің қолымен жарық көрді. 1929 жылдардан бастап
Б.Майлиннің мерзімдік басылымдарда кейбір мақалалары жиі беріліп тұрды.
1928-1931 жылдары Қазақстан мемлекеттік баспасында редактор болып қызмет
атқарады. 1934-1937 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде редактор болды.
Б.Майлин 1933-1934 жылдары өнеркәсіп тақырыбына, жұмысшы өмірінен
шығарма жазу мақсатында республикамыздың алып өндріс орталықтарын ұзақ
іс-сапарға шығап тұрды. Бұл туралы Б.Майлин: «Менің бұл күнге дейін жазған
тақырыбым ауыл туралы ғана болып келді. өндіріс өмірін суреттеуге мен әлі
күнге дейін кірісе алғаным жоқ. өйткені әлі күнге өндіріс өмірінен таныстығым
жоқ. Жазуымдағы басты кемшілігімнің бірі осы деп білемін. Ендігі бір ойым-
осы кемшіліктерді жоюға күш салу»[135,34]. Көрнекті жазушы латын әрпін
үйренушілер үшін «Шала сауаттылар үшін оқу кітабы» (1929) деген еңбегін
жазды. Ол 80 мың дана таралыммен бір жылда екі рет басылып шықты[136].
Бұдан кейін шала сауаттыларға арнап «Күш» (1930) атты тарихи-танымдық
оқулық шығарды. 1931 жылы «Жаңаша оқу, жаз!» кітабы әліппе үлгісінде
жарық көрді. Абдолла Асылбеков екеуі «1929 жылдың шаруа календары»,
әбдірахман Мұстафин үшеуі «1930 жылдың шаруа календары» деген кітаптар
құрастырды. Жазушының «Қанжар» өлеңдер жинағы (1932), төрт томдық
«Толық жинағы» (1933-1936), «Мырқымбай» өлеңдер жинағы (1935) жарық
көрді. 1933 жылы Бейімбет Майлиннің Ғабит Мүсіреповпен бірге жазған
«Сауат ашу» деген кітабы жарық көрді. Аталмыш еңбек 1935 жылы «Букварь
для ликбезников» деген атпен орыс тілінде де жарық көрді. Сонымен бірге ол
жалызуға тиісті жаңа оқулықтың негізін қалады. Бұл Б.Майлин, Ғ.Мүсірепов,
Ә.Сыдықов үшеуі жазған «Сауаттандырғыш» деп аталған сауатсыздар әліппесі
еді. осы оқулық үші жылда (1934-1936) 475 мың дана таралыммен шығап
тарады[136,4] Алғашқы рет 1933 жылы жеке кітап болып шыққан «Майдан»
пьесасы отызыншы жылдардағы қазақ драматургиясының елеулі туындысы деп


55
бағаланған.Б.Майлиннің зор шығармашылық әлеуетін танытып, оның бұдан да
ауқымды әрі күрделі туындылары жарық көрді.
Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жаңа дәуірін бастаған «алыптар
тобындағы» ірі ақын, прозаик және драматург Б.Майлиннің таңдаулы
поэзиялық, прозалық, драмалық шығармаларының маңызы зор. Осы дәуірдегі
қазақ прозасын дамытуда алғашқы күннен бастып қызмет еткен Б.Майлин
қазақтың көркем әңгімесінің шебері саналды. М.әуезов: «қазақ әңгімелерінің
аса көркем үлгілері Бейімбеттің өзгеше мұрасынан танылатын»[137,26],-деп
оған аса зор баға берген. Шығармаларына ауыл өмірін, кедейлердің мұң-
қайғысын, қасірет-қуанышын арқау еткен Б.Майлин біраз өлеңдерін әйел
теңдігі тақырыбына арнаған. «Қыздың
сәлемі», «Қашқан келіншек»,
«Ақсуаттың жанында» сияқты өлеңдерінде кертартпа салтқа негізделген қазақ
қыздарының
аянышты тағдырларын суреттеген. Ақын
әйел теңсіздігін
әлеуметтік теңсіздіктің бір көрінісі ретінде қарап, бұған кінәлі байлыққа мас
болған бай-феодалдар деп біледі. «Азат әйел», «ғазиза», «Шал мен қыз»,
«Ажар» сияқты өлеңдерінде жаңа заманда теңдікке жетіп, бақытты өмір сүре
бастаған жастарды жырға қосты. Поэмаларының дені әйел тақырыбына
арналған. Алғашқы поэмаларының «Рәзия қызда» (1919) махаббат еркіндігі
жырланады. Бейімбет поэмалары көбіне қысқа көлемді келіп, оқушысын
жалықтырмайды. Б.Майлиннің
жазушылық үлкен дарын иесі екендігі,
шеберлігі оның алғашқы туындысы, әйел теңсіздігі тақырыбында жазылған
«Шұғаның белгісінен» айқын көрінеді. Жазушының қаламгерлік қызметінен
туған шығармаларға баға берген М.Әуезов былай дейді:«Дүниежүзілік
әдебиеттің баршы мәдениеттік дәстүріне сүйенетін релаистік прозамызды
жасаған жазушылар-роман жазушылар мен әңгіме жазушылар. Мысалы, қазақ
әңгімелерінің аса көркем үлгілері Бейімбет Майлиннің өзшеше мұрасынан
танылады»[138,3]
1937 жылы Кеңес үкіметін құлатып, қазақ мемлекетін құрау мақсат еткен
ұлтшылардар ұйымның мүшесі болды, ұйым Қазақстанды Кеңес Одағынан
дербес мемлекеттерге айналдыруды көздеді және тағы басқа айыптаулар
тағылып, халық жауы деген жаламен ұсталып, 1938 жылдың 25-і күні атылып
кетті.
Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептердің тәрбие,
оқыту және білім беру мәселелері белгілі бір мақсатпен жүргізіледі. Оқу
бағдарламасы мектептегі оқыту, білім беру және тәрбиелеу жұмыстарын
басшылыққа алатын негізгі
құжат болып табылады[81]. Мектептердегі
оқулықтар мен оқу
құралдары типтік бағдарлама негізінде мәтіндік
материалдары тақырыптарын сәйкес жүйелі түрде беріледі. Сондықтан зерттеу
нысанымызға байланысты саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ
зиляларының
шығармаларын мектептің
оқу-тәрбие
үрдісінде пайдалану
мәселесі бойынша орта мектеп оқулықтарындағы көріністеріне назар аударуды
жөн көрдік. Бастауыш мектептің ана тілі мен негізгі мектептегі әдебиет
оқулықтарына енгізілген қазақ зиялыларының шығаралары төменде беріліп
отыр (1 кесте).


56
1-кесте.-Саяси
қуғын-сүргін
құрбандары болған
қазақ
зиялылары
шығармаларының «Ана тілі», «қазақ әдебиеті» оқулықтарындағы көрінісі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет