Болат әбдікәрімұлы асаубаева ақГҮл кенжебекқызы саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының педагогикалық көзқарастары



Pdf көрінісі
бет16/45
Дата26.07.2023
өлшемі1,25 Mb.
#104812
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45
Автордың аты-
жөні
Сыныптар
С.Сейфуллин
(1894-1938)
Б.Майлин
(
1984-1938)
І.Жансүгіров
(1984-1938)
1-сынып
«Ана тілі»
«Балалар» (өлең).
«Жау, жау жаңбыр»
(өлең).
«Бөрте лақ»(өлең),
«Жазғытұрым»
(өлең),«Жазғы
шілде» (өлең).
3-сынып
«Ана тілі»
«Туған 
ел»(өлең),
«қызыл шұнақ»
(өлең), «Ақсақ киік»
(өлең),«Дала»(өлең),
«Орман»(өлең) .
«Күлпаш»(әңгіме),
«Жаңбыр» (өлең).
«Шәркей» (әңгіме),
«Малта» 
(өлең),
«Жазғытұрым»
(өлең).
4-сынып
«Ана тілі»
«Наурыз» (өлең).
«Көкшетау» (өлең).
5-сынып
«қазақ
әдебиеті»
«Ақсақ киік» (өлең).
«Күй»(поэмадан
үзінді).
6-сынып
«қазақ
әдебиеті»
«Далада» (өлең).
«Даудың
басы-
Дайрабайдың
көк
сиыры» (әңгіме).
«Ана тілі» (өлең),
«Домбыра» 
(өлең),
«Күйге» 
(өлең),
«Жас бұлбұлдарға»
(өлең), «Жалын
жасқа»(өлең),
«Жастар»(өлең),
«Жастар
ұраны» (өлең).
8-сынып
«қазақ
әдебиеті»
«Жетісу
суреттері» (өлең).
11-сынып
«қазақ
әдебиеті»
«Далада» 
(арнау),
«Жас
қазақ
марсельезасы»(өлең),
«Көкшетау»(өлең),
«Тұлпарым» (өлең),
«өткен күн» (өлең),
«Сағындым» (өлең).
«Мырқымбай»(өлең),
«қара
шелек»(әңгіме),«Ары
станбайдың
мұқышы» 
(әңгіме),
«Шұғаның
белгісі»(повесть),
«Неке қияр» (пьеса)
«Бұлбұлға» 
(өлең),
«Саптыаяқ»(өлең),
«ұршық» 
(өлең),
«Гималай» 
(өлең),
«құлагер» (поэма).


57
ХХ ғасырдың 30-жылдары саяси куғынға ұшыраған қазақ зиялыларының,
яғни С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлинның
мектептегі оқулықтарда
қамтылған еңбектері оқушылардың мектеп өміріне жанасымды және кеңестік
құрылысқа байланысты көркем шығармаларын таныса бастауына мүмкіндік
туғызу 
мақсатын 
көздеген. 
Көркем 
шығармаларын 
оқыту 
арқылы
оқушылардың ана тілін дамытып, елін, тіліне, деген сүйіспеншілігін арттыру
мәселесіне көбірек көңіл бөлінген. Сөйтіп, оқушының
адамгершілік
қасиеттерін, эстетикалық сезімін қалыптастыру мақсатында алға шығарылған.
Құдайберген Қуанұлы Жұбанов (1899-1938)
қазіргі Ақтөбе облысының
Темір ауданында дүниеге келген. ғұлама ғалым шығармашылық жолының
басталуы қазақ даласындағы ірі тарихи оқиғалар мен тұспа-тұс келді. ХХ
ғасырдың басында қазқа жерінде ерекше қоғамдық-саяси ахуал қалыптасты.
Алғаш білімді ауыл мектебінен, кейін Орынбордағы «Хусайния» медресесінде
шәкірт болып араб, парсы, түркі тілдерін оқып үйренеді, шығыс әдебиеті
классиктерін түпнұсқадан оқитын дәрежеге жетеді. 1916 жылы Жұрындағы екі
кластық орыс мектебінде және 1918 жылы Електегі екі кластық орыс
училищесін тәмамдайды. өз қаламының құдіретін ерте байқатқан қ.Жұбанов
алдымен осы кезеңде қазақ зиялыларының арасында кеңінен тараған қолжазба
журнал дәстүріне араласуға ден қойды. «Профессор Құдайберген Жұбанов жас
қазақ зиялылары машық еткен бірнеше қолжазба журналдың шығуына ұйытқы
болған көрінеді. Мәселен, Күйікқалада жүріп ол «Тез», ал Темірде «Ай»деген
қолжазба журналадар шығарған»[139]. 1917 жылы жарық көрген «Тез»
журналының мақсаты ескіден келе жатқан ескіліктің қалдықтарын тезге салып,
түзету, надандықтан арылып, ағартушылық
бағыт
ұстану, мәдениетті
жұрттардың өнегесіне
қанығу болып табылған. Аталмыш журналда
Қ.Жұбановтың «Ит әулие» деген деректі шығармасы жарияланады. Мәдени-
ағартушылық бағыты басым болған, беттерінде орыс әдебиетінің ірі өкілдері
Горькийдің, Пушкин тағы басқалардың туындылары аударылған журнал қазақ
оқырмандары үшін зор рухани жаңалық болды. 1920 жылы Темір қаласында
уездік халық ағарту бөлімінде қызмет істеп жүргенде Қ.Жұбанов «Ай» деген
атпен қолжазба журнал шығарады. Уездік халық ағарту бөліміндегі жұмысы
рухани талғамына сай келетін болғандықтан да ол өз білім дәрежесін көтерумен
шектелмей, шығармашылық ізденіске ден қойған. Темір қаласы жастарының
басын қосып көркемөнерпаздар үйірмесін құрды. Бұл кезеңде сауастыздықты
жою мектептерін жаппай ашып, қалың көпішіліктің сауатсыздығын жою үшін
мұғалім кадрларын даярлау жұмысы қолға алынған тұс еді. Халық ағарту ісіне
белсенді араласу болашақ ғалым-публицистің өзінің білімін жетілдіруіне,
рухани ой-өрісінің өсуіне мейлінше қолайлы жағдай жасады. өмір жолын ол
мұғалімдіктен бастап Темір уездік, Ақтөбе губерниялық халыққа білім беру
мекемелерінде, қазақстан оқу-ағарту министрлігінде инспектор болып қызмет
атқарады. өзінің осы қызметін қоса атқарумен қатар, ол Ленинград, Баку, Қазан,
Ташкент тағы басқа қалалардағы белгілі ғалымдармен хат жазып хабарласып,
алғашында педагогика, психология, физиология, рефлексология пәндері
бойынша кеңес алып өз білімін жетілдірген. Ағарту халық комиссары,


58
Қазақстан
өлкелік 
партия 
комитетінің
бюро 
мүшесі 
Т.Жүргеновпен
ынтымақтаса әрекет етіп, қоғам игілігіне бағышталған шараларға мұрындық
болған. 1924 жылы Орынборда мәдениет
қызметкерлері мен
ғылым
қайраткерлерінің
І съезі ашылды. Онда тұңғыш рет
қазақ
тілінің
терминологиясы туралы сөз болды. халық ағарту комитеті жанынан әдеби-
ғылми кеңес құрылды. Ол кеңестің міндетті қазақ тілінің терминологиясы
жөніндегі сұрақтарды зерттеу болатын.
қазақ
тілінде
қоғамдық
саяси
терминдерді 
жасау 
және 
аудару 
мәселелері 
1926 
жылғы 
Бакудегі
түркологтардың І съезінде сөз болды. Съезд қарарында барлық Бүкілодақтық
алфавит комитетінің бөлімшелерінде терминологиялық комиссия ұйымдастыру
қажеттігі айтылды. 1933 жылдың 21 қазанында Алматыда СССР ғылым
Академиясы қазақ филиалының бірінші сессиясы шақырылды. «Аталмыш
сессияда ұлт мәдениетіне қатысты өзекті мәселелер қарастырылып, Қазақстан
Халық Ағарту комиссариатының коллегиясы сол жылы қазақ тілінің оқу
бағдарламасында Қ.Жұбанов құрастыруға тиіс екі оқулық атауы көрсетліген.
Біріншісі-таралымы 10 мың құрайтын 9 баспа табақ көлемінде 5-класқа
арналған 8 баспа табақ көлеміндегі 8-9 кластарға арналған «қазақ тілі оқу
құралы»[140,92]. 
1933 
жылы 
біздің
республикамызда 
Мемлекеттік
терминологиялық комиссия құрылды. Мемлекеттік терминкомның төрағасы
болып профессор қ.Жұбанов тағайындалды. 1927 жылы қазақ тілінің ғылыми
грамматикасының жүйелі толық курсын жазды. Оның «қазақ тілі жөнінен
зерттеулер» атты орыс тілінде жазылған еңбегі дүниежүзілік түркология
деңгейінен көрінген еңбек болды. 1928 жылы Ленинградтағы Шығыс тілдері
институтын, ал 1932 жылы КСРО ғылым академиясының Тіл және ойлау
институты жанындағы аспирантураны бітірді. Осы жылы «Мағынасыз
сөздердің
мағыналары» 
атты 
шағын 
жұмысын 
жазып, 
ол
қазақ
лингвистикасындағы тұңғыш ғылыми еңбек болған. ғалымның теориялық
жағынан білімді болуына Ленинградтағы Енукидзе атындағы ірі шығыс тілдері
институтының
академигі 
А.Н.Самойлович 
басқарған 
«Түркологиялық
семинарыннан», және белгілі шығыс зерттеушісі, академик В.В.Бартольдтың
дәрістері ықпал жасады. 1932-1937 жылдары Абай атындағы қазақтың
мемлекеттік педагогикалық институтында тіл мен әдебиет кафдерасының
меңгерушісі болды. 1934 жылы профессор атағына ие болады. Ол
республиканың жалпы білім беретін мектептері мен жоғары оқу орындарына
қазақ тілінен тұңғыш бағдарламалар мен оқулықтар құрастырды. қоғамдық
жұмыстарға белсене қатысты. Мәселен, ұлт мәдениеті институтының тіл
құрылысы секторының және оның меңгерушісі Қ.Жұбановтың 1935 жылғы
арнайы жасаған жұмыс жоспарында мынадай тақырыптар көрсетілген: 1)қазақ
тілі фонетикасының тарихына байланысты зерттеудің жалғасы, көлемі 2 баспа
табақ, орындайтын-Жұбанов, аяқталу мерзімі-мамыр, маусым, шілде;2)қазақ
дыбыстарын диалектологиялық
тұрғыдан шолу, көлемі 1 баспа табақ,
орындайтын-Жұбанов, аяқталу мерзімі-қараша, желтоқсан;3)«Стилистика
мәселелері» (ұжымдық еңбек), жетекшісі-Жұбанов, көлемі 10 баспа табақ,
аяқталу мерзімі-қазан, қараша, желтоқсан;4) «әдеби тіл мәселелері», көлемі 3
баспа табақ, орындайтын-Жұбанов, аяқталу мерзімі-сәуір, мамыр »[140,92].


59
Қ.Жұбанов халық
ағарту саласындағы ерен еңбегі
үшін 1935 жылы
«Қазақстанның 15 жылдығы» атты құрметті белгімен марапатталады.
Кеңес дәуірінде қазақ тілін тұңғыш рет ғылым тұрғысынан зерттеген
адамдардың мерзім жағынан да, білім дәрежесі жағынан да ең алғашқылардың
бірі–Қ.Жұбанов ең алдымен қазақ тілінің дыбыс жүйесін және грамматикасын
ғылыми негізде зерттеп, мектеп оқулығы мен программасын жасады. Сауат
ашу, мектеп балаларына қазақ тілін оқыту, жазу таңбаларын қабылдау. Емле
ережелерін түзу, терминдер жасау сияқты мақсаттарды көздеген Қ.Жұбановтың
1936 жылы «қазақ тілінің бағдарламасы», «Жаңа грамматика» орта мектептке
арналған қазақ тілінің тұңғыш жүйелі грамматикасы жарық көрді. 1935жылы
мемлекеттік терминком «Бюллетенінде» «Термин сөздердің спецификасы
жөнінде» атты мақалсында Қ.Жұбанов термин деген не, термин болатын
сөздердің жай сөздерден ерекшелігі қандай жайттарды ашып, терминология
табиғатын түсіндіріп берген. «Қазақ әдебиет тілінің терминдері туралы»
еңбегінде терминология принциптерін жасап, көпшілік назарына ұсынды. Бұл
принциптер Мәденит
қайраткерлерінің
съезінде бекітіліп, терминология
саласының
берік
қалыптасуына негіз болды. Түрлі тақырыпта жазған
теориялық еңбектері мен «Қазақ тілінің грамматикасы» (1936) оқулығы және
«Қазақ тілінің программасы» (1936), «Исследование по казахскому языку.
Заметки о вспомагательных и сложных глаголах» (1936), «Исследование по
казахскомй языку (Из истории порядка слов в казахском предложении)» (1936)
еңбектерінде қазақ тілінің терминдерін түзіп, оларға толық талдау жасады.
Қ.Жұбановтың көптеген мақалалары 30-жылдарда шығып тұрған «Ауыл
мұғалімі», «Политехникалық мектеп», «әдебиет майданы» журналдарында,
терминком бюллетендерінде, жеке жинақтар құрамында бұйырылды. 1934
жылы Қ.Жұбанов «Абай қазақ әдебиетінің классигі» деген еңбегін шығарған.
Құдайберген Жұбанов 1937 жылы нақақтан жала жабылып, тұтқынға
алында да, 1938 жылдың ақпанында ату жазасына бұйырылды. СССР Жоғары
Соты әскери коллегиясының 1957 жылы 3 қанадағы шешімімен азаматтық
тұрғыдан ақталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет