Болат әбдікәрімұлы асаубаева ақГҮл кенжебекқызы саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының педагогикалық көзқарастары



Pdf көрінісі
бет14/45
Дата26.07.2023
өлшемі1,25 Mb.
#104812
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45
Ілияс
Жансүгіров(1894-1938)
1894 жылы
қазіргі Талдықорған облысы, Ақсу
ауданында дүниеге келген. Жастайынан шешесінен жетім
қалып,
әке
тәрбиесінде өседі. қатал мінезді әкенің тәрбиесінде өскен Ілияс жас кезінен
бастап-ақ өткір мінезді, өжет, еңбек құмар және зерек болады. өйткені оның
әкесі Жансүгір қолөнеріне мейлінше жетік болған. Мұнымен қатар ескіше хат
танитын, арапша суатты кісі болғандықтан, халық ауыз әдебиетін көп оқып,
жинаған. Бір сырлы, сегіз қырлы осындай шебер әке өз қолынан келетін бар
өнерін Ілиясқа жас кезінен үйреткен. Сондықтан Ілияс те әкесіндей әрі ұста, әрі
әнші, домбырашы болады. Бір жағы әкесінен оқып, арабша хат таниды.
Осының өзі Ілиястың әдебиетке қызғуы мен өмірге деген көзқарасының
қалыптасуына көп көмегін тигізеді. Халық өлеңдері мен ертегілері мено ны
халық өмірімен,арман-тілегімен, зор болашағымен тереңірек танысуына
мүмкіндік туғызады. Күнде өзі көріп жүрген айт пен тойдағы өлең-жыр, аытыс,
жыршылар төгілтіп айтатын қисса қанша қзыық болғанмен, оның жас қиялына
ерекше әсер етіп, орасан зор ықпал жасаған Абайдың шығармалары еді. Жас
ақынның
сұлулық
мұраттарының
орнығуына, 
көркемдік 
талғамының
қалыптасуына, өлең мәдениетін игеруіне реалистік Абай поэзиясының ықпал
жасауы-ел қазынасы, фольклоры өкілдері тәжірибелерінің сабақтары мен жазба
әдебиеті үлгілері ақын туындыларының жаңа келісім тауып, өзіндік арна іздей
бастайды. қазақ тілінде шыққан газет-журналдарды, кітаптарды құныға оқу жас
ақынның жазба әдебиет дәстүрлерін үйренуіне, ой-өрісінің кеңейіп, білімінің
артуына, саяси-әлеуметтік көзқарасының қалыптасуына ықпал жасаған
факторлар болды. І.Жансүгіров бұл туралы: «Бала жасымнан сөзге үйрену,
құйма құлақтау едім. қонақ айтатыны әңгіме, балалар айтысқан жұмбақ,
кемпірлердің ертігісі, қыз-жігіт айтысқан қара өлеңдер... менің ааңқиып
тыңдаған нәрселерім. Хат білген соң өлең оқығыш болдым. «Қыз Жібек»
қиссаларын мен оқығанда талай жан жылайтын. Кейін аймағымыздың өлеңшісі
болдым. Жарып той бастап, таңдап әріптес алып айысып... ауыл әлеуметті
ауызға қаратқан күндер өтті [130,100],-деп жазады. әрі зерек, әрі ұғымтал бала
мұнымен де қанағаттанбай 1905 жылы жергілікті жердегі қарағашта ашылған
орталау мектепте оқып, оны 1911 жылы бітіріп шығады. Осы кездерден бастап
өлең жазумен айналысады. өз білімін көтеру үшін 1920 жылы Ілияс Ташкентке
барады. Онда жаңадан ашылған мұғалімдер дайындайтын қазақ-қырғыз
институтына оқуға түседі. Оқумен бірге «Ақ жол» газетінде кооректорлық
қызметті қоса атқарады. Ақынның өлеңдері 1920 жылдан бастап сол кездегі
«Тілші», «Кедей еркі» газеттері мен «Жаңа мектеп», «Әйел теңдігі»
журналдарында жариялана бастайды. 1927 жылы «Беташар» атты үгіт өлеңі,


49
1928 жылы «Сағанақ» деген тұңғыш кітабы басылды. Институттың екі жылдық
курсын бітірген соң 1921 жылы Жетісуға қайта оралады. өз еліне келісімен
қапал уезі, Ақсу болысына қарасты Белтоған мектебіне мұғалім болып
орналасады. 1922 жылы Алматыда «Тілші» газетіне әдеби қызметкер болып
орналасады Ілиястың алғашқы қызметі халық ағарту жұмысына араласудан
басталғандықтан, ол ең алдымен қараңғыда қалған өзіндей қазақ жастарының
басын құрап, хат танытып, сауатын ашуды өзіне үлкен міндет етіп қояды. Сол
кездің өзінде-ақ «Белтоған» мектебінде оқитын оқушылар Ілиястың өлеңін
әнмен шырқап, бүкіл елге тартататын.
1923 жылы Жетісу облыстық партия комитеті қазақ әйелдерінің тұңғыш
баспасөзі-«Жетісу әйелі» журналын шығаруды қолға алады. Оны көркем дер
әсерлі етуге ол белсене қатысты. Журналдың әдебиет бөлімі материалдарының
көбін өзі жазады. Осы бөлімде оның «Кім екен?» деген өлеңі, «Ақын Сара кім
еді» атты мақаласы, «Күң өлімі» әңгімесі басылады. Ілияс мұғалім болған
кезінде ауылды советтендіру ісіне белсене ат салысады. Ауыл еңбекшілерінің
алғашқы ұйымы-жергілікті қосшылар одағының шақыруымен Алматыға келеді.
Мұнда Алматы облысының қосшылар одағы комитетінің хатшысы болып
орналасады. 
Сонымен 
бірге 
облыстық 
«Тілші» 
газетінде 
істейді.
Адамшылықты, тіршіліктің негізгі тұтқасы өнер-білімде екенін түсінген
І.Жансүгіров 1923 жылы «Тілші» газетінің өзінде бірнеше материал жариялады.
«Жетісуде оқу мәселесі» [131,196] деген мақаласында елді ағарту мәселелеріне
батыл қойды Ескі мектептерді есептен шығаруды,жер кесіп беріп жаңа мекптер
салдыруды, жарақсыз, жарасыз мұлғалімдерді босатуды, оларды жабдықтауды,
ағарту мәселелері туралы үгіт, түсінік жұмыстарын кең жүргізуді, әр мектептің
өзіне, жалпы оқу ісіне арнап қор жинауды ұсынды. Шала мұғалімдерге
пысықтау курсын ашуды, басқа жердегі үлігі, үлкен мектептерге оқушылар
жіберуді талап етті. Бұларды Жетісу. өкімет орындарының, азаматтарының
жалпы халқының алдында тұрған міндеттер деп қойды. Ал 1925 жылы
«Ауылдағы оқытушылар міндеті» деген бас мақаласында «Мұғалім-ауылдағы
мәдени қазық. Оның міндеті-мінезін түзеу, өзін-өзі ұстай білу, жаман әдет-
ғұрыптан, сасық салт-санадан таза болу, елдің дау-шатағынан, үй арасындағы
ауылжан, атқа мінерліктен аулақ жүру» деп ескертті. Көрінген ауылдан тамақ,
тамаша, өсек-әңгіме іздейтін, балаларға үліг-өнеге, білім-тәрбие бере алмайтын,
айналасын түтін айналдырып үркітіп жексұрын болған мұғалімдерге кеңес
мектебінде орын жоқ. Мұндайлардың оқу жұмысының маңынан күреп
тастауумыз керек деп міндет қойды. Автор: «мұғалімдер жас баланың ғана
емес. жалпы қара бұқараның тәрбиешісі, тіршілік шаруа, саяси, мәдени көсемі
болуға тиіс. Бұл үшін әлеумет жұмысына араласу, ысылу, газет, журнал оқу
керек. өйтпеген мұғалім салдыр-салақ, ынжық болады. Жұрт сауатсыз, шаруа
шабан, шалағай, қоныс шашқын, елде нешетүрлі жегіштер, саудагерлер жұртты
тонап жатыр. Осының бәрен мұғалімдер араласып, бас-көз болуға тиіс. Мұны
істемеген мұғалім емес, молда»[131,196],-ашына айтты. Ағартушы журналистің
жоғарыда айтқан үлігі мектептердің озық тәжірибесін пайдалану, оқу ісін
мектеп және тағы басқалар туралы көп ойлары бүгінгі оқу мен оқыту
талаптарына үндесіп жатыр. «Мұғалім 1924 жылы партия қатарына кіреді. Осы


50
жылы ол Қазақ ағарту институтының директоры болып қызмет атқарады.
Осында шәкірттер үшін «қызыл суаат» деген қолжазба журналы мен «Бұлақ»
атты қабырға газетін ұйымдастырады. 1925 жылы І.Жансүгіров Мәскеудегі
журналистика институтына түседі. Мұнда ола оқумен қатар, өзінің ақындық
шығармашылық жұмысын күннен-күнге дамытып, өлеңдерінің көркемдік
жағын жетілдіріп, сапасын арттырады. Жазушы білім жағынан да, ақындық
талантымен енді тек қазақстан көлемінде ғана емес, бүкіл Одаққа таныла
бастайды. Ақынның әдеби еңбегі өте жоғары бағаланды. Орыс, Еуропа
классиктерінің шығармаларын зерттей оқу, тексере үйрену тәжірибесі ақын
талантының жарқырап ашылуына мүмкіндік береді. Журналистика институтын
1928 жылы бітірп шығады. Елге оралған І.Жансүгіров «Еңбекші қазақ» газеті
редакциясына қызмет істеп, қазақ баспасөзінің қалыптасуына көп үлес қосты.
1933-1936 жылдары КАССР Орталық Атқару Комитетінің мүшесі болды. Ол
1934-1938 жылдары КСРО Жазушылар Одағының қазақ ұйымдастыру
комитетінің
төрағасы болып,
Қазақстан совет Жазушылары одағының
төрағалығына сайланады. Осы кезеңде қазақ қаламгерлеріне. Жас ұрпақ
тәрбиесіне қамқорлық жасап, әдебиеттің дамуына әр алуан жанрлар арқылы
ерекше ат салысқан. 1935-1937 жылдарда көркем баспасында поэзия бөлімін
басқарып. Республиканың әлеуметтік өміріне араласады. Алғашқы қадамын
ұстаздықтан бастаған І.Жансүгіров – әдебиет пәнінен алғаш оқулық жазған
авторлардың
бірі. Ақын Ақан сері, Сүйінбай ақындардың өлеңдерін,
Ш.құдайбердиев жырлаған «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасы т.т. жинап жеке кітап
түрінде шығарған. І.Жансүгіров орыстың классик жазушылары-Пушкиннің,
Лермонтовтың, Крыловтың шығармларын қазақ тіліне аударғандардың бірі.
Пушкипн, Лермонтов, Крылов, Некрассо, Державин еңбектерін аудару,
солардан үйрену арқылы талантын дамытып, шеберлігін шыңдаған. Ол
А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романын, Крыловтың «Жапырақтар мен
тамырлар», Лермонтовтың «Тұтқын», «Қанжар», Некрасовтың «Шойын жол»,
Горькийдің «Дауылпаз» еңбектерін қазақ тіліне толық күйінде аударған.
І.Жансүгіров алғашқы
қызметі халық
ағарту жұмысында араласудан
басталғандықтан, ол ең алдымен қараңғыда қалған қазақ жастарының басын
құрап хат танытып, сауатын ашуды үлкен міндет етіп қояды. Ең алдымен
балаларға арналған шығармалардың тәрбиелік рөлі соншалық күшті де
ықпалды болуын басты міндет етеді. Балаларды баласынбай-ақ олардың алдына
кәдімгі күрделі мақсаттарды қоя білу керектігін айтады. өйткені тәрбие мен
білімнің және оқытудың арасындағы үрдіс балаға жас кезінен үйретілуі тиіс.
1930 жылдарына
қарай партиялық
елімізді
қызқа мерзім ішінде
индустриялы елге айналдыру жайындағы жоспарын жүзеге асыра отырып,
қайта жасарған қазақ елнің өндірісі ілгері дамыды. қазақ халқының өміріндегі
өндірісі ілгері дамыды. қазақ халқының өміріндегі ері оқиғаның бірі Түркістан-
Сібір темір жолының іске қосылуы болды. қазақтың ақын-жазушылары
қазақстанда индустрияландырудағы қол жеткен осындай табыстар, өнекәсіп
орындарындағы еңбек қарқыны , жаңа техниканы меңгерген еңбек озаттары
және тағы басқалар туралы көптеген өлеңдер жазды. І.Жансүгіров осы кезде
«Отарба», «Жаңа дала», «Серт», «Алтын қазан», «Социалды қазақстан» т.б.


51
өлеңдерін жазды. 1933 жылы І.Жансүгіров Алматыда орта мектептің 6 оқу
жылы үшін жазылған «Көркем әдебиет жинағы» атты еңбегін шығарады.
Аталған еңбектің сөзбасында «Бұл жинақ 1933- жылдың орта мектептің 6-оқу
жылына арналған қазақ әдебиеті сабақтарының программасына жазылды. Бұл
жинақ жаңа әдебиет жинағы. Бұл жинақта енген әдебиет жинақтары төңкерістің
алдындағы жылдардан бастап (1914-1915-1916) бірінші бес жылдық
аралығындағы мезгілді алады. Жинақта программ бойынша қазақ әдебиетінің
басқа Кеңес Одағы елдерінің жаңа әдебиет үлгілері кіргізілді. Бұл жинақ бұған
соңғы жылдарда болатын тұрақты кітап дерегіне жататын, керегіне жарайтын
жинақ деп санау керек. Бұл жинақ-әдебиет сабағы туралы оқу құралы емес, оқу
құралына материал. Осы материалға таяна отырып әдебиет сабағы туралы оқу
құралы жазылуға тиіс»[132,2]. Аталған еңбекте қазан төңкерісі алдындағы
бұқаралық әдебиет, азамат соғысы тұсындағы әдебиет, 1923-1928 жылдар
мезгіліндегі кеңес әдебиеті, қайта құру дәуіріндегі кеңес әдебиеті, шет елдердің
төңкеріс әдебиеттерінің шығармалары берліген. 1927-1937 жылдар арасында
поэзия, проза, драматургия, сын, аударма салаларында кітап шығарып, артына
аса бай әдеби мұра қалдырды. Оның лирикалық шығрамалары «Дала». «Күй»,
«Күйші», «Құлагер» поэмалары, «Жолдастар» романы, «Кек», «Түрксіб»,
«Исатай-Махамбет» пьесалары-қазақәдебиетінің алтын қорына қосылған өлмес
туындылар болып табылады.
1933 жылы І.Жансүгіров Қазақстан баспасында басылған Абайдың толық
жинағына алғы сөз жазды. ұлы Абай құнанбаевтың еңбектерін оқып өскен
І.Жансүгіров: «Абай-біздің ескі әдебиет қазынамыздың бір күрделісі. Бұл
жинақ Абайдың толық өзін бермесе де, сөзін толық беруге таянып шыққаны;
сондықтан осы басылған «Абай» оқушыларға бұрынғыдан кең «Абай», мол
«Абай» болып келеді. Бұл «Абай» Абайды сынаушыларға да кеңірек жол ашып,
көбірек мүмкіндік береді...»[133,2],-деп, І.Жансүгіров толық жинақтың одан
кең, ауқымы мол оқырмандардың көңілін толтыратыны жайлы сөз етеді.
Аталған алғы сөзде І.Жансүгіров Абайдың тарихи туысын, өмір сүрген кезеңіне
де тоқталады. «Абайдың қолымыздағы бар өлеңдерінің, сөздерінің барлығында
да қазақ еңбекшілерінің мұңы, мұқтажы, қайғысы, тілегі ашық көрінбейді. Оны
жақтаған Абай жоқ. Ол-қазақ халқын нашар, өнерлі бол, еңбек қыл, жалқау
болма- дегендерінде жалпылап айтады. Аштық зарын, жалаңаштың халін,
әлсіздің қалың бұқараны сорып отырған сұр жыландарға айбар қылып,
қарсылық қылмайды. Абайша,қазақ кедейінің кедейлігі өзінен, мінезінен,
жалқаулығынан, қазақтың өнерсіздігігнен, алауыздығынан...»[133,2],- деп, Абай
шығармаларындағы
өзекті тақырыптарына көз салып, талқылай келе:
«сондықтан Абайдың өз сөзіне сеніп, сынамай оқыған адам Абайды таниды.
Бұдан-Абай өтірік айтты, ол бізді алдап кетті, ол залым еді, оған сенбеңдер-
деген пікіп шықпайды. Оны айтақан кісі Абайдың қазағынан да надан болып
шығар еді»[133,2],-деп ақын Абайдың еңбектерінің мәнділіген көз жіберуде
ұстанады.
Қазақ әдебиетінде лиро-эпостық жырлар жанрының бүгінгі күні беретін
тәлімдік мәндері айқын берілуі ерекше. Осы ретте ақын І.Жансүгіров қазақтың
әйгілі «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» поэмасының кітап болып шығуына сөз басы


52
ретінде өз мақаласын жазған. Аталған мақаласында ақын поэма туралы өз ойын
былай білдірген: «Песнь о Козы Корпече и Баян-Слу является одним из лучших
образцов творчества казахского народа. Она наиболее старая и популярная
поэма среди казахских масс. Поэма подобна эпосу других народов передавалась
веками из уст в уста из поколоение в поколение
»
[134,2],- дей келе, ақын эпосты
әйгілі батыс пен шығыстың поэзияларымен салыстыруын былай деп: «...Поэма
своего рода творчество об беззаветной любьви, схожая с такими литературным
европейским и восточными литературными образцами как «Ромео и
Джульетта» на западе и арабской поэзии «Лейле» и «Межнюн. Поэма это
замечательный памятник кочевого быта, в ее были влиты все творческие соки,
вся народная мудрость, его страсти, философия, идеалы...»[134,2],- деп өте
жоғары деңгейде баға берген.
Қасіретті де қаралы 1937 жылы «Жансүгіровтің редакциясымен 1935 жылы
Сүйінбайдың ұлтшылдық кітабы шықты. Ол кітаптың ішінде қазақты қырғызға
өшіктіріп айдап салады» деген айыптаулар мен жала жабулар негізінде 1938
жылы жазықсыз атылды. Ақын І.Жансүгіров ел есінде сақталып келеді.
Еліміздің көптеген жері І.Жансүгіров есімі мен еңбегіне байланысты аталды.
Талдықорған қаласында І.Жансүгірұлы атында университет бар. Мәдениет
сарайы мен әдеби мұражайы, көпшілік кітапхана жұмыс істейді. Ақсу, қапал
аудандарындағы орта мектептерге ақын есімі берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет