170
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
ҒЫЛЫМЫ
МЕН
Ө
М
ІР
І •
НАУКА
И
ЖИЗНЬ
КАЗАХСТАНА
•
SCIENCE
AND
LIFE
OF
KA
ZAKHST
AN
Сонымен «мағынаны» сөзге (тілдік бірлікке,
таңбаға) әу бастан тән бастапқы «ұғымы», қасиеті,
ал «мәнді» сөздің (тілдік бірліктің, таңбаның) негі-
зінен сөз қолданыста, контексте туындайтын «тү-
сінігі» деуге болады. Ш.Жалмаханов бұл жөнінде
былай деп жазады: «Қазақ тілі білімінде фразео-
логиялық шартты, мағыналық және қолданыстық
реңк (І.Кеңесбаев), контекстік мағына (Р.Барлы-
баев) және стильдік көп мәнділік (Н.Сауранбаев)
деген түрлі терминдермен аталып жүрген құбы-
лысты отандық тіл білімінде қалыптасқан дәстүрге
сүйенен отырып, мән (смысл) ... деген терминмен
атаған жөн» [Жалмаханов Ш., 2002, 15].
Тілдік бірліктердің мағыналарын семантика-
лық екіұштылықтар тұрғысынан қарағанда моно
және полисемалы мағыналар мәселесіне назар
аудару керек. Айталық, терминдер қатаң түрде
бір мағыналы болуы тиіс. Ресми іс қағаздарында,
ғылыми-техникалық әдебиетте, заң мәтіндерінде
екіұшты не көп мағыналылықты барынша бол-
дырмау қажет. Дегенмен, мұндай мәтіндерде де
амалсыз болса да екіұштылықтар кездесіп қалады.
Айталық,
«Болат Сабырбай 1973 жылы туды» де-
ген сөйлемде сөзсіз екіұштылық бар, яғни алғаш
қарағанда Болаттың өзі бала туған секілді болып
көрінеді.
Тілдік бірліктердің мағыналары диффузды бо-
латындықтан, кейбір мағыналардың көмескі, аса
айқын еместігінен, олар бір-бірінен нақты ажы-
ратыла бермейтіндіктен және өзара ұласып жа-
татындықтан, әрі сан қабатты көп болатындықтан
алғашқы қарағаннан-ақ мәтіндегі екіұштылықты
немесе жасырын, астарлы мағыналарды тану, бай-
қау қиын болатын кездері де жиі кездеседі. Көбіне
мәтіндегі тілдік бірліктердегі кездесетін екіұшты-
лық жасырын көп мағыналылыққа ұласып, өзара
бірігіп жатады. Астыртын немесе жасырын мағы-
налардың семантикалық екіұшты мағынадан бас-
ты айырмашылығы ол екіұштылыққа қарағанда
кең аумақтылығымен, көп түрлілігімен, әрқилылы-
ғымен ерекшеленеді.
Л.А.Исаева былай деп жазады: «Тілдік (ретті)
мағыналарға және мәтінді құрайтын қатынастар-
ға қатыспайтын, бірақ бірліктердің мәтіндегі түр-
лік өзгерулерінің, олардың мүмкін болған бірне-
ше мағыналарының бір мезетте жүзеге асуының
(актуалденуінің), сондай-ақ тілдік таңбаның «мә-
тіннен» тыс қосымша мәндерінің мәтінде актуал-
денуінің салдары болған мағыналар жасырын ма-
ғыналар деп есептеледі» [Жалмаханов Ш., 2002, 8].
Жасырын мағыналарға берілген бұл анықтама-
да екіұшты мағына мен жасырын мағынаның та-
биғатының, пайда болу көзінің бір екендігі, бірақ
жасырын мағынаның екіұштыға қарағанда кеңі-
рек, көп түрлі, көп қабатты болатындығы нақты-
ланып тұр. Жасырын мағыналардың төмендегідей
түрлерін бөліп көрсетуге болады:
а) таза лингвистикалық (бұлар тілдік бірліктер-
дің мәтіннің шеңберіндегі өзара күрделі қарым-
қатынастарынан туындайды);
ә) лингвистикалық емес (бұлар тілден тыс фак-
торлардың – хабарлаушы мен қабылдаушының
«вертикалді контексінің», «фондық білімінің» әсе-
рінен туындайды);
б) табиғаты жағынан тілдік емес жасырын ма-
ғыналар (олардың пайда болуында пресуппози-
тивтік – экзистенциалдық, логикалық элементтер
басты рөл ойнайды).
Көркем шығарманың жасырын, астарлы ма-
ғыналары неғұрлым көп, бай болған сайын оның
құндылығы да өсе түседі. Семантикалық екіұшты-
лық осындай жасырын көп мағыналылықтың құ-
рамдас бір бөлігі ретінде көрініс табуы да мүмкін.
Төмендегі мысалды саралап көрейік:
«Құдықтың түстігі тырбық тікенек бұталы
қатқыл, терістігі біраз жерге дейін ұры жырала-
нып барып құздата құлайтын аңғар сай. Жаңа
сол аңғар сайдың қалтарыс-қалтарысын тінтіп
жүріп, қолқат түбінен өрге тырмысқан жіңішке
соқпақ көріп еді, осы құдықтан шығарды. Сай-
Достарыңызбен бөлісу: