Болат мырзалиев



Pdf көрінісі
бет108/395
Дата06.01.2022
өлшемі14,41 Mb.
#13769
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   395
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана 4 6 2020

    Бұл бет үшін навигация:
  • Keywords
Ключевые слова: компетенции, коммуникативные, управленческие, студенты, способности.
Summary. The article considers the formation of pedagogical conditions for students ‘communicative 
and managerial competence in higher education; the content, forms and methods of improving students’ 
training for professional activities.
Keywords: competencies, communication, management, students, abilities.
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда кәсіби білім берудің сапалылы-
ғын жоғарылату жалпыұлттық мәселе және мем-
лекеттік  саясаттың  басым  бағыты  болып  табы-
лады. Жоғары педагогикалық білім беру жүйесі 
үшін бұл мәселені шешудің ерекше маңыздылы-
ғы бар, себебі елдің болашағына жауап беретін 
білім  беру  үдерісінің  маңызды  тұлғасы  ретінде 
мұғалімдердің  дайындығы  жүзеге  асырылады. 
Заманауи мұғалімнің қызметін үнемі күрделен-
діріп,  кеңейту  тенденциясы  оның  кәсіби  құзі-
реттілігіне  қойылатын  талаптарды  айтарлықтай 
арттырады.  Сонымен  қатар  мұғалімнің  негізгі 
қызметі  басқарушылық  сипатқа  ие  және  ком-
муникативті  кеңістікте  жүзеге  асырылады,  бұл 
бағытта оның негізгі кәсіби міндеттерін орындау 
тиімділігін  қамтамасыз  ететін  коммуникативтік 
және  басқару  құзыреттілігіне  ие  мұғалім  үшін 
ерекше маңызы бар. Әмбебап сипатқа және бі-
лім берудің кеңейтілген өлшемдеріне ие мұғалім 
құзіреттіліктің осындай көрсетіштері оның білім 
беруде оқыту сапасының басты көрсеткіші мен 
жұмысының тиімді әрі маңызды факторы болып 
табылады.
Коммуникативтік  және  басқарушылық  құзі-
реттілік өздігінен пайда болмайтын күрделі және 
көпөлшемді тұлғалық қасиет болғандықтан, оны 
мақсатты түрде қалыптастыру керек және бола-
шақ  мұғалімдерді  университетте  даярлау  кезе-
ңінде бұл үдеріске ерекше назар аудару керек.
Мұндай  міндеттің  түбегейлі  шешілуі  қазіргі 
педагогикалық ғылымда бұрыннан жинақталған 
нәтижелі  тәжірибемен  анықталады.  Психоло-
гиялық-педагогикалық  әдебиеттерде  болашақ 
мұғалімдерде  кәсіби  құзіреттіліктерінің  қалып-
тасуы өте терең зерттелген [Электронды ресурс, 
Петрова  Т.Н.,  2017,  295-298  б.].  Атап  айтқанда, 
педагогикалық  бағыттағы  ЖОО  студенттерінде 
коммуникативтік  құзіреттілікті  қалыптастыруда 
А.Ш.  Гусейнова,  О.В.  Ванновский,  Т.В.  Штыкова-
ның,  ал  басқарушылық  құзіреттіліктеріне  И.А. 
Елисеева, Е.Ю. Зимина, Галиева Б. Х., Аипова А. 
К., т.б. еңбектері арналған.
Бірақта  бірқатар  ғалымдардың  жүргізген 
зерттеулері  мен  алынған  нәтижелердің  маңыз-
дылығына  қарамастан,  педагогикалық  универ-
ситеттердің  студенттері  арасында  коммуника-
тивтік және басқару құзіреттілігін қалыптастыру 
мәселесі әлі де жеткілікті деңгейде шешілмеген. 
Мұның басты себептері:
–  мұғалімнің  жалпы  кәсіби  қызметінің  нәти-
желі  жүзеге  асырылуы  үшін  коммуникативтік 
және басқарушылық құзіреттіліктің рөлін, соны-
мен қатар барлық басқарушылық деңгейлердегі 
коммуникативті әсерді түсінбеуі;
–  коммуникативтік-басқарушылық  құзіретті-
лікті қалыптастыру үшін арнайы ұйымдастырыл-
ған  шараларды  қажет  ететін  күрделі  құбылыс 


68
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
ретінде қабылданатын және білім беру сапасын 
жақсарту мәселерін шешуде елеулі әлеуетке ие 
жалпыға ортақ түсініктің жоқтығы;
–  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарының 
студенттерінде  коммуникативтік  және  басқару-
шылық  құзіреттілікті  қалыптастыру  үдерісінің 
табиғатын, мәнін және жетілдіру мүмкіндіктерін 
көрсететін  теориялық  және  педагогикалық  не-
гіздердің жеткіліксіз дамуы;
–  болашақ  мұғалімдердің  коммуникативтік-
басқарушылық құзіреттіліктерін құрайтын білім, 
білік, кәсіби маңызды жеке қасиеттерін маман-
ды даярлауда қалыптастырудың мазмұнды және 
әдіснамалық-технологиялық аспектілерінің бол-
мауы [Турчинова А.И., 2014, 103-117 б.].
Зерттеулерді талдау негізінде зерттеу мәселе-
сі  тұжырымдалды.  Оның  мәні  коммуникативтік 
және  басқарушылық  құзіреттілігі  жоғары,  тео-
риялық-  әдістемелік  және  әдіснамалық-техно-
логиялық дамуы жоғары болашақ мұғалімді да-
йындауда жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   395




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет