Болат мырзалиев


Keywords: process, education, family, national Outlook, ethnopedagogy. КІРІСПЕ



Pdf көрінісі
бет162/395
Дата06.01.2022
өлшемі14,41 Mb.
#13769
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   395
Keywords: process, education, family, national Outlook, ethnopedagogy.
КІРІСПЕ
Кейінгі жылдары қоғамда көрініс алып отыр-
ған келеңсіз жағдайлар да (балалардың тәрбие-
сіндегі кемшіліктер, жеткіншектердің мінез-құл-
қындағы дөрекі қылықтар, қатыгездік, жауыздық 
және  т.б.),  бүгінгі  тәрбие  саласындағы  жаңаша 
көзқарасты ғылыми педагогикада жүйелі түрде 
пайдалануға  байланысты  тиімді  идеяның  бол-
мауы  да  адамгершілік  тәрбиесін,  соның  ішінде 
бүгінгі  таңда  балаларға  жасына  қарай  кезеңге 


108
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
бөліп  тәлім-тәрбие  және  білім  беруде  қолдану 
қажеттілігін  туғызып,  тәрбие  мәселесін  дағда-
рысқа әкелуде.
Бұл  мәселенің  шешімін,  ғасырлар  бойы  өзі-
нің көкейкестілігін жоғалтпаған, керісінше, әрбір 
қоғамдық формацияда болған өзгерістерге бай-
ланысты жетіліп отырған қазақ халқының озық 
салт-дәстүрлерінен  іздестіру  қажет.  Өйткені, 
қазақ  халқының  озық  салт-дәстүрлерінің  негізі 
болып  қаланған  гуманистік  идеялар  адамгер-
шіліктің  басты  құндылықтарымен  байланысты 
болады  және  адамгершілік  қасиеттерінің  негіз-
дерін  мағыналы  түрде  жан-жақты  меңгеруде, 
адамдар арасында таза адами қарым-қатынасты 
тәрбиелеуде  жетекші  құралдардың  бірі  болып 
табылады. Сол себепті болып жатқан әлеуметтік 
өзгерістерге байланысты біз отбасыдағы тәрбие 
берудің дәстүрлі және халықтық әдістеріне жиі 
жүгінеміз. Балалардың оқуда пәндерге қызығу-
шылық  таныту  мен  меңгеруге  назарын  аудара 
отырып, оқушылардың рухани-адамгершілік да-
муына көңіл бөлуге уақыт та жоқ. Баланың жеке 
тұлғасын  қалыптастырудағы  мектептің  рөлін 
жоққа  шығаруға  болмайды,  бірақ  бала  өмірде 
маңызды  және  ең  бастысы  отбасында  болаты-
нын  ұмытпаған  жөн.  Көптеген  ғасырлар  бойы 
қазақ  отбасында  салт-дәстүр,ұлттық  құндылық-
тар  қалыптасты.Отбасы-бұл  біздің  балаларды 
тәрбиелеудің басты тірегі және көзі. Ата-аналар 
мен  аға  ұрпақтың  тәрбиесіндегі  рөлі  өте  зор. 
Ең  алғашқы  тәрбие  сабақтарын  біз  дәл  өз  ша-
ңырағында аламыз. Айналасындағыларға деген 
сүйіспеншілік пен құрмет дәстүрі тек салауатты 
толыққанды отбасында қалыптасады.
Жалпы  қандай  қоғамның  болмасын  рухани 
мәдениетінің келешек деңгейі ұрпақ тәрбиесіне 
тікелей  байланысты  [Ананьев  Б.  Г.,  1977].  Олай 
болса,  қоғамдық  өмірде  оқу-тәрбие  мәселесін 
алдыңғы орынға қою – басты міндет. 
«Ел сәні – атаға қарап өскен ұл, анаға қарап 
өскең қыз», – дейді бабаларымыз. Қазақ халқы-
ның тарихы, жалпы адамзат баласының болмы-
сы сияқты, қарама-қайшылықтан, дамудан, түр-
ліше диалектикалық байланыстардан тұрады. 
Әлеуметтік  орта,  әлеуметтік  тәрбие  тұлғаға 
өзгелермен  әрекеттестік  үстінде  жүзеге  асып, 
өскелең  ұрпаққа  қоғамдағы  өмірлік  тәжірибе 
жинақтауға,  айналадағылармен  араласуға,  өзін 
тануға, өзін анықтауға, өзін бекітуге, жан-жақты 
ашуға бағытталған жағдай құруға, жалпы алған-
да – қоғамда өмір сүруге бейімделуге мүмкіндік 
береді [Гершунский Б. С. , 1998]. 
Қоғамның назарын ерекше аударып отырған 
кез-келген  жеке  тұлғаға  жас  ерекшеліктеріне 
байланысты  қажеттіліктердің  қанағаттанбауы, 
әлеуметтік  өмір  талаптарына  сәйкес  болмауы, 
қоғамдағы  құндылық  нормалық  жүйенің  бұ-
зылуы,  индивидке  әлеуметтік  қалып  әсерінен 
төмен  деңгейі,  өздерін  төмен  немесе  жоғары 
бағалауына ықпал етеді. әрбір жеке тұлғаға өз-
гелермен әрекеттестікке түсе білуге, өзін тануға, 
анықтауға, өзгелер алдыңда өзін бекітуге жағдай 
құру бүгінгі таңдағы ата-аналармен балалар қа-
рым-қатынасының барысында жүзеге асырыла-
тын үрдіс болып табылады. 
Түрлі  зерттеулер  көрсеткеніндей,  ересек 
адамдармен  жасалған  тиімді  қарым-қатынас 
балалардың  жеке  тұлғалық  дамуына  жан-жақ-
ты  әсер  ететінін  атап  өтеді.  Балалар  тұлғалық 
ерекшеліктері  дамумен  қатар,  қарым-қатынас 
барысында өз құқын қорғауға және ашулануға, 
ашуын басуға үйренеді.
Балалардың жас ерекшелігіне қарай жоғары-
да  аталған  кезеңдерді  басынан  кешіруде  олар-
дың психикалық санасы, ойлау қабілеті сонымен 
бірге  өмірге  деген  көзқарастары  әртүрлі  дең-
гейде болады. Осындай ауытқымалы кезеңдер-
де  көптеген  балалардың  психологиясы  әртүрлі 
жағдайлардың  әсерінен  өзгерістерге  ұшырап, 
келеңсіз оқиғалардың орын алуына себепші бо-
луы  мүмкін.  Балалардың  осындай  ауытқымалы 
кезеңдерден кедергісіз өтіп, саналы азамат бо-
лып  қалыптасуына  біріншіден,  отбасылық  тәр-
биенің ықпалы тікелей әсер етеді, екіншіден, әр-
бір баланың дүниеге келген отбасындағы әлеу-
меттік  жағдай  айтарлықтай  өз  септігін  тигізбей 
қоймайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   395




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет