Болат мырзалиев



Pdf көрінісі
бет163/395
Дата06.01.2022
өлшемі14,41 Mb.
#13769
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   395
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Егеменді еліміздің ертеңі мен болашағы бүгін-
гі бүлдіршін жастар екенін және оларға келешек 
қоғамның  тәуелділігін  ескеретін  болсақ,  олар-
дың жасына қарай кезеңдерге бөліп жан-жақты 
жүйелі түрде тәрбиелеу арқылы салауатты өмір 
салтын қалыптастыруымыз қажет. Осыған орай 
әлеуметтік  тұрмысы  төмен  отбасыдан  шыққан 
балаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсету 
және  қазақ  этнопедагогикасындағы  отбасылық 
тәрбиелеу арқылы балалардың болашағын жар-
қын етіп, келешегін кемелдендіре аламыз. Міне, 
бүгінгі  таңда  болашағы  бұлыңғыр  балалардың 
әлеуметтік тұрмыс жағдайы мен жас ерекшелі-
гін ескере отырып, отбасылық тәрбие беру ар-
қылы олардың өмірге жағымды көзқарастарын 
қалыптастыру өзекті мәселеге айналып отыр. 
Біз балалардың өмірге деген жағымды көзқа-
растарын  қалыптастырмас  бұрын  олардың  ал-
ғашқы  адамгершілік  туралы  түсінігін  қалыптас-
тыруымыз  қажет  [Қазақстан  Республикасының 
Конституциясы, 1995]. Балалардың жас ерекше-
лігіне қарай адамгершілік туралы түсініктері жа-
ман мен жақсы, әсемдік пен көріксіздік, сыпайы-
лық пен дөрекілік сияқты қарама-қарсылықтағы 
түсініктер мен іс-әрекеттерді және қарым-қаты-
настарды ажырата білуден басталады.
Балалардың  адамгершілік  туралы  түсініктері 
біріншіден, ересектердің баға беруі арқылы; екін-
шіден,  нақты  бір  іс-әрекет,  қылық,  мінез  көрсету 
кезінде; үшіншіден, баланың өз ісіне немесе жол-
дастарының ісіне баға беруі арқылы қалыптасады.


109
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
Балалардың жасына қарай нақты бір жақсы 
мен жаманды, көріктілік пен көріксіздікті ажыра-
та білуі көп жағдайларда нақты үлгі арқылы жү-
реді. Мәселен: «аяушылық», «біреуге жақ болу», 
«біреумен  бөлісу»,  «біреудің  айтқанына  көну» 
сияқты нақты ішкі сезімі арқылы сезіне алады. 
Мектеп жасына дейінгі балалар көбінесе үл-
кендердің  қамқорлығында  болып,  іс-әрекетті 
өз бетінше жасай бермейді. Олар ересектердің 
қамқорлығына жүгінеді.
Бастауыш  сынып  оқушылары  да  ересектер-
дің  қамқорлығына  тікелей  мұқтаж  [Қалиев  С., 
1998]. Әсіресе отбасы мен мектептің ықпалында 
болады. Дегенмен бұл жаста өзіндік «Мен» де-
ген қасиет пайда бола бастайды. Осы менмендік 
қасиетті оларға әдептілік жолында тәлім-тәрбие 
беріп, мәдениеттілікке баулыса, оларды жағым-
сыз қылықтардан аулақтатады. 
Жоғары сынып сыныпта оқитын балалар от-
басының  тәуелдігінде,  мектептің  ықпалында 
бола тұрып, көп мәселеге өзіндік тұрғыдан қа-
райды. Өмірге көзқарасы өзгеріп, жасөспірімдік 
кезеңдегі  жағымсыз  іс-әрекеттерге  сын  көзбен 
қарайды.  Осы  кезде  жоғары  сынып  оқушыла-
рын әдептілік, сыпайылық имандылық тұрғысы-
нан  тәрбиелеп  адамгершілік  қабілетін  арттыра 
білсек, ол балалардың өмірге өзіндік көзқарасы 
жағымды жағынан қалыптасады.
Балалардың  жасына  қарай  адамгершілік  ту-
ралы  түсініктерін  қалыптастыруда  отбасылық 
тәрбиенің рөлі аса маңызды. Қазақ халқы үшін 
отбасынан  киелі  ештеңе  жоқ  [Момышұлы  Б., 
1968].  Өйткені  адам  баласының  ой-өрісі  өсіп, 
ақыл  парасатының  кемелденуі  үшін  де  тіршілік 
нәрі санаға отбасынан кіреді. Отбасында көрген 
жақсы-жаман  қылықтардың  бәрі  бала  сезіміне 
әсер  етеді,  күллі  парасат,  тәлім-тәрбие  отбасы-
нан өрбиді деп ұғынады. Қазақ халқының «Ұяда 
не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген нақыл сө-
зінен отбасылық тәлім-тәрбиенің баланың ғұмы-
рының  соңына  дейінгі  әсерінің  маңыздылығын 
білуге болады.
Отбасы-бұл тәрбиенің басты тірегі және не-
гізгі  көзі.  Тәрбиенің  алғашқы  сабақтарын  бала 
отбасында  алады,  онда  адамның  адамгершілік 
пен  ізгілікті  тәрбиелеудің  барлық  процесінің 
негізі қалыптасады. Ұрпақтан-ұрпаққа берілетін 
дәстүрлер мен биік идеалдар дәл осы отбасын-
да қалыптасады. Адамдар арасындағы өзара тү-
сіністікке  апаратын  айналасындағыларға  деген 
сүйіспеншілік пен құрмет дәстүрі тек дені сау от-
басында қалыптасады. Отбасылық тәрбие тұлға-
ның өсуі мен дамуына елеулі әсер ететіндіктен, 
оны зерттеу әлеуметтік, психологиялық және пе-
дагогикалық зерттеулерде ерекше орын алады.
Отбасылық тәрбие беру арқылы қалыптасқан 
адамгершілік  түсінік  қоғамдық  құбылыс  ретін-
де  өскелең  ұрпақтың  қоғам  өміріне,  тұрмысқа, 
қоғамдық-өндірістік  іс-әрекетке,  шығармашы-
лыққа, руханилыққа енуінің, олардың адам, да-
мыған жеке тұлға, қоғамдық өндіргіш күштердің 
маңызды  бөлігі,  өз  бақытын  жасаушы  ретінде 
қалыптасуының  күрделі  және  қарама-қайшы-
лықты әлеуметтік процесі болып табылады [Мұ-
саева С., 2006]. 
Отбасының ұйытқысы, отбасылық тәрбиенің 
негізін құраушылар – әке мен ана.Отбасындағы 
әке мен ананың тектілік тәрбиесінен нәр алған 
ұрпақ әрқашан еліне жақсылық сәулесін себетін 
айбынды  азаматқа  айналады.  Сондықтан  қазақ 
халқы «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон 
пішер» деп саналық та, даналық та, иманжүзділік 
те, адамгершілік те бала бойына тек отбасының 
тәлім-тәрбиесі  арқылы  дарып,  өзгермес  қанға 
біткен қасиетке айналатынын айтып кеткен. 
Ұрпақ тәрбиесіне арналған игі мақсатпен әр 
отбасының мүшесі өз ұрпағының болашағы үшін 
қам жасайды, өсіп келе жатқан жас женкіншек-
теріне жол нұсқау арқылы адамдық парасатты-
лық пен адалдықты үйретеді. Осы орайда қазақ 
этнопедагогикасындағы отбасылық тәрбие тура-
лы профессор К.Оразбекова: «Отбасы дегеніміз 
– туысқандық байланыста болатын (күйеуі, әйелі, 
балалары, атасы, әжесі т.б.) бірлесіп, әлеуметтік-
тұрмыстық  өмір  сүретін  адамдар»  [Оразбекова 
К.,  1993]  –  деп  анықтама  берген.  Бала  өміріне 
байланысты отбасында болатын қуаныштардың 
барлығына қадірменді ел ағалары мен игі жақ-
сылары балаға деген жақсы тілектерін айтып, ақ 
батасын  беріп,  үй  иелерінің  қуанышын  бөлісе 
білген.  Сонымен  қатар,  бала  тәрбиесі  бұрынғы 
қазақ ауылында бір ғана отбасының тілек-тала-
бы мен мүдделерінің деңгейінде ғана емес, қо-
ғамдық  әлеуметтік  сипатқа  ие  болып  отырған. 
Қазақ этнопедагогикасындағы отбасы тәрбиесі-
нің осы жақсы үрдісін бұл күнде қайта жандан-
дыруымыздың қажеттілігі бүгінгі таңда әлеумет-
тік-педагогикалық  проблемаға  айналып  отыр. 
Демек,  біз  қазақ  этнопедагогикасындағы  әдет-
ғұрып,  салт-дәстүр  қағидаларына  негізделген 
отбасылық тәрбиенің тетіктерін тиісінше пайда-
лана  отырып,  балаларды  жасына  қарай  адам-
гершілік қасиетін қалыптастыруымыз қажет.
Қазақ  этнопедагогикасындағы  әдет-ғұрып, 
салт-дәстүр  қағидаларына  негізделген  отба-
сылық  тәрбиенің  мәнділігі  мен  маңыздылығы 
туралы  батыр  бабамыз  Бауыржан  Момышұлы: 
«біріншіден,  бесік  жырын  айтатын  келіндердің 
азайып  бара  жатқанынан  қорқамын,  екінші-
ден, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын 
әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын, 
үшіншіден,  дәстүрді  сыйламайтын  балалардың 
өсіп келе жатқанынан қорқамын. Өйткені, бесік 
жырын естіп, ертегі тыңдап, салт-дәстүрді бойы-
на сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр бола 
ма деп қорқамын. Көкірек көзі көр адамның қо-
лына балта берсең, шаба салады, найза берсең, 
сұға салады, намыстанбай бұға салады» [Рыба-
ков С., 1999] – деп қазақи отбасылық тәрбиенің 
талабын  бойына  сіңірмеген  келешек  ұрпақтың 


110
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
бұлыңғыр болашағына қатты алаңдайтынын біл-
дірген. Отбасында баланы жасына қарай ақылы 
мен  ой-өрісін  саралай  отырып,  өзінің  шыққан 
тегін танып білуге тәрбиелеу өте маңызды мә-
селе. Балаларды жас ерекшелігіне шыққан тегін 
танып, ажырата білуге тәрбиелеу – ол рушыл-
дық емес, жеті атасын біліп, туған-туысқан ара-
сындағы қарым-қатынастың мәнін үйрету және 
генофонды (тұқымды) сақтау керектігін түсінді-
ру болып табылады.
Ата-ананың балаға деген махаббаты – әрбір 
азаматтың отанға, досқа, туыстарға сүйген жар-
ға  деген  махаббатының  жетекшісі,  көш  басы 
деп түсінуге болады.
Ата-ана балаға өз жақсы қасиетерімен, же-
тістіктерін де дер кезінде айтып, соған қызық-
тыра білгені де дұрыс. Бұл әдіс арқылы баланың 
ойына  тек  жақсылықты  уағыздап,  соған  тал-
пындырады.
Жанұя  тәрбиесі  –  қоғамдық  тәрбиенің  бір 
бөлігі, ата-ана борышы.
Жанұяда балалардың тәрбие барысында та-
бысты  ықпал  жасауда  басқа  да  жағдайларды 
сипаттайтын  белгілерді  атауға  болады.  Оларға 
мына мәселелер жатады.
1.  жанұяның  этикалық  құрамы  және  құры-
лымы:  толық,  толық  емес  жанұя,  бір  балалы, 
көп балалы, бір ұлттық, көп ұлттық жанұя.
2.  Тіршілік  әрекетінің  және  ортаның  жағ-
дайлары:  жанұя  мүшелерінің  білім  дәрежесі, 
еңбектану, кәсіпшілік құрамы, бюджеті, жалпы 
материалды әл-ауқаты, ауылдық және қалалық 
жанұя.
3. Жанұяның мәдени потенциялы: күнделікті 
тұрмыстық жалпы мәдениеті, күн режімі, дема-
лыс және оның нысаналары, кітапхананы, теле-
дидарды,  музыка  аспаптарын  пайдалана  білуі, 
спортпен  айналысуы,  жанұяның  дәстүрлік  ме-
рекелері т.б.
4. Жанұяның ішікі қатынастары: жанұя мик-
роклиматының  сипаттамасы,  жанұядағы  көз-
қарастың  бірлігі  және  айырмашылығы,  оның 
мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы, жауап-
кершілігі.
5. Қоғамға көзқарасы: еңбек және қоғамдық 
міндеттерге,  қоғамдық  тәрбие  институттарына 
қатысты.
6. Жанұяның тәрбиелік жағдайы: жанұя тәр-
биесінде  қолданылған  әдістер  ата-аналардың 
және басқа мүшелерінің педагогикалық мәдени 
дәрежесі т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   395




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет