Вестник евразийского национального университета имени Л. Н. Гумилева



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата19.05.2023
өлшемі417,66 Kb.
#95062
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


127
№ 4(141)/2022
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. 
Серия Педагогика. Психология. Социология
BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. Pedagogy. Psychology. Sociology Series
А.Қ. Қозыбай
Г.М. Нысан*
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан
(Е-mail: n_gulshat@list.ru)
ХҒТАР 14.09.25
Дәстүрлі және жаңартылған оқу бағдарламасының 
ерекшеліктері
Аңдатпа. Бұл мақалада дәстүрлі және жаңартылған оқу бағдарламасының ұқса-
стықтары мен ерекшеліктері зерттеліп, екі оқу бағдарламасының айырмашылықта-
ры салыстырмалы түрде берілді. Кіріспе бөлімде білім мазмұнын жаңартудың маңыз-
дылығына шолу жасалып, зерттеу әдістері нақты ақпаратқа негізделді. Мұнда бірінші 
қазақ халқының кең-байтақ жерінде білім ісінің пайда болып, дамуына көз жүгіртіліп 
өтті. Дәстүрлі оқыту бағдарламасы бойынша сабақтағы ең басты рөл ұстаз, яғни 
мұғалімде болатындығы айтылып, осылай оқыту әдісі білім алушылардың белгілі бір 
көлемдегі біліммен қамтамасыз етілетіндігін және олар игерген білімін кең ауқымда 
қолдануға қабілетсіз болатындығына да тоқталды. Мақалада зерттеу әдістеріне 
тоқтала келе, оқыту әдістерінің дидақтикалық мақсаттары мен міндеттері көр-
сетіліп, кесте берілді. Талқылауда интербелсенді әдістер және осы әдістерді сабақта 
қолдану барысында жететін жетістіктерге тоқталып, сабақ өту барысында қолданы-
латын тиімді әдістер жазылды. Интербелсенді әдістердің ішіндегі проблемалық оқы-
ту әдісінің негізгі айырмашылығы берілді [1]. Сонымен қатар, зерттеу жұмысы инте-
рактивті әдісті пайдаланып отырған жаңартылған білім беру бағдарламасының тағы 
бір артықшылығына да тоқталды. Нәтижелерге келетін болсақ, қазіргі жаңартылған 
білім беру бағдарламасының артықшылықтары да аталып өтіліп, дәстүрлі және жаңар-
тылған білім беру жүйесін зерттеу нысаны ретінде ала отырып, екі оқу бағдарламасы-
ның негізгі айырмашылықтары кесте жүзінде көрсетілді. Яғни осы оқыту жүйелерінің 
негізгі ерекшеліктерін көрсететін салыстырмалы критерийлер берілді. Қорытынды 
бөлімде, жалпы мектептің баланы оқытудағы негізгі басты міндетіне тоқталды және 
жаңартылған оқу бағдарламасының басты бағыттары айтылып, ерекшеліктері де жа-
зылды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет