Болат мырзалиев



Pdf көрінісі
бет252/395
Дата06.01.2022
өлшемі14,41 Mb.
#13769
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   395
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана 4 6 2020

ҚОРЫТЫНДЫ
Тіл мәдениеті дегеніміз – сөздерді дұрыс қол-
дану, сөйлеу үстінде оларды бір-бірімен қиюлас-
тырып,  үндестіріп,  дұрыс  айту,  емле  мен  тыныс 
белгілері ережелерін сақтап, сауатты жазу, тілдің 
ғасырлар бойы сұрыпталып келген, сөз зергерлері 
оюлап берген көркемдігі мен әсем өрнегін орны-
мен қолдану. Ғылым сөзімен айтсақ, лексикалық, 
грамматикалық,  орфографиялық,  орфоэпиялық, 
стилистикалық нормаларды ұстану, ол заңдылық-
тарды бұзбай, жетілдіре, орнықтыра түсу. 
Тіл мәдениеті – сөйлеудегі, жазудағы тіл жұм-
саудың  өнегелі  үлгілері,  сауаттылық,  ізеттілік,  ай-
қын ойлылық. Әдеби тілдің нормаларының өзге-
ріске  ұшырауы  –  нормадан  ауытқу  деп  аталады. 
Профессор М.Балақаев өзінің «Қазақ тілінің мәде-
ниеті»  еңбегінде  нормадан  аукытқудың  екі  түрін 
көрсетеді: 1. Жөнімен ауытқу; 2. Жөнсіз ауытқу.
Әдеби норманы белгілі мақсатпен, стильдік өңі 
болғандықтан өзгертіп қолдану – жөнімен ауытқу 
болады. Әдеби норманы жөн-жосықсыз бұзып, ес-
тіген-білгенін қалай болса солай талғамай қолдану 
жөнсіз ауытқу болады. 
Тіл мәдениеті тілдік норманың 3 түрін қамтиды:
1.  Тілдік  норма  (лексикалық,  сөзжасамдық, 
грамматикалық, дыбысталу нормасы);
2.  Этикалық  норма  –  сөз  нормалары  (сөйлеу 
этикасының ережелері);
3. Коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қаты-
насының тиімділік қағидалары).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   395




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет