Байланысты: Сейдехан нурмаханулы большевистская власть на юге Казахстана в
Зерттеудің ғылыми жаңалығы төменде көрсетілген нақты зерттеу нәтижелерінен көрініс тапқан:
отандық тарихнамада алғаш рет жаңа құжаттардың негізінде және бұрын жариялаған еңбектерге сын көзбен қарай отырып, бүгінгі күн талабына сай Оңтүстік Қазақстанда 1917-1928 жылдар аралығында большевиктер саясатының жүзеге асырылуы жаңаша зерделеніп, зерттелген;
большевиктік саясатты жүзеге асыру барысындағы жергілікті және орталық мекемелердің билік пен халықтың күрделі де қарама –қайшылықтарға толы өзара қарым-қатынастары, көлеңкелі тұстары анықталып, көрсетілген;
жұмыста большевиктік биліктің алғашқы онжылдығы осы өкіметтің жаңа құрылымдарының негізі жасақталынып, тоталитарлық жүйеге көшудің тетіктерінің негіздері қаланған кезеңі болғандығын айқындайтын тұжырымдар келтірілген;
Қазақстанның оңтүстік облыстары жағдайындағы революциялық большевизмнің мәні мен мақсатын көрсету кеңес билігінің «жеңістік шеруі» туралы қалыптасқан қағидаларын сын көзбен жаңа деректер негізінде қарастыруға талпыныс жасалған;
ұлттық шеткері аймақтар үшін Қазан төңкерісі мен большевиктік биліктің «прогрессивті нәтижелері туралы» қалыптасып қалған көзқарастардан арылуға ұмтылыс жасалынып, зерттеушілердің назарынан тыс қалған, сол кезеңде үстемдік құрған марксистік-лениндік методология ауқымында біржақты айтылып келген мәселелерге жаңаша тұрғыда баға берілген;
Түркістан АКСР- дегі жоғарыда атап көрсетілген қазақ облыстарындағы саяси, экономикалық және мәдени құрылыстың салаларын басқарған, қазақ халқының арасынан шыққан ірі кадрлардың 1917-1928 жылдардағы іс-әрекеттері мүмкіндігінше толыққанды көлемде нақты деректермен талданып, көрсетілген;
Зерттеу жұмысының маңызды ғылыми жаңалықтарының бірі ретінде жергілікті органдарының құрамы туралы нақты мәліметтер келтіріліп мұрағат деректерінің негізінде жан-жақты сараланған;
проблеманы зерттеу барысында айтарлықтай жаңалық ретінде Орта Азияда жүргізілген ұлттық-территориялық межелеуге байланысты мұрағат деректері арқылы бұрын қарастырылған мәселелердің белгісіз болып келген, немесе басқаша түсіндіріліп келген көлеңкелі тұстары анықталып көрсетілді.