Большевистская власть на юге Казахстана в 1917-1928-е годы


Жұмыстың тәжірибелік маңызы



бет21/23
Дата16.02.2023
өлшемі339,5 Kb.
#68476
түріАвтореферат
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Сейдехан нурмаханулы большевистская власть на юге Казахстана в

Жұмыстың тәжірибелік маңызы оның ғылыми нәтижелерін Қазақстан тарихы бойынша іргелі еңбектерді дайындау барысында қолдануға болады. Себебі Қазақстанның оңтүстігіндегі оқиғалар желісі мұрағат және ғылыми деректер негізінде ашып көрсетілген.
Бұл зерттеулердегі материалдар, дәлелді дерек көздері мен ғылыми нәтижелер Қазақстан тарихы және арнайы тәжірибе сабақтарында елдің жоғары оқу орындары мен орта арнаулы оқу орындарында отандық тарих пен гуманитарлы пәндер бойынша толыққанды еңбектер жазу кезінде өзінің қолданылу мүмкіндігіне ие. Зерттеу тәрбие жұмысында, мұражай ұйымдастыруда және өңірдің рухани өмірін жетілдіруге септігін тигізеді.
Зерттеудің негізгі тұжырымдары мен нәтижесі. Негізгі ғылыми қорытындылардың бірі ретінде, бұрынғы отарлық өлке – Сырдария мен Жетісуда алғашқы Кеңестік тәртіптің «революциялық әдіспен» орнай бастауы, ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында орын алған тарихи тағлымдары мен тағдырлары, тәжірибелері шынайы түрде көрініс тапты.
Қазан төңкерісі болып өткеннен кейінгі өзінің дамуында ауқымды әлеуметтік сынақ алаңы ретінде тек бір партияның, тек «жалғыз дұрыс» идеологиясымен, қуғын – сүргінімен және жазалау лагерлерімен орныққаны белгілі. Соның нәтижесінде қазақ халқының көрнекті өкілдері жаппай жазалау науқанының құрбаны болды. Олардың қатарында оңтүстіктен шыққан ірі қайраткерлер аз болған жоқ.
Экономикалық құлдырау мен әлеуметтік қиыншылықтардың негізінде, тұрғындардың көпшілік бөлігінің тұрмыс жағдайларының күрт төмендеуі, большевиктік партияның жергілікті жерлердегі жүзеге асырылған ұлт саясатындағы кемшіліктер, Кеңес билігіне сенімсіздік туғызып, қарсылық күреске шығуларына негіз болды.
Диссертацияның сынақтан өтуі. Зерттеудің негізгі материалдары оқу құралдарында, 33 ғылыми басылымдар мен халықаралық және республикалық ғылыми практикалық конференцияларында жарияланды.
Жұмыстың құрылымы. Диссертация кіріспеден, бес бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.


SUMMARY




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет