Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
15 мин.
|
Оқушыларға функционалдық топты класқа сәйкестендіру ұсынылады.
|
Өзін –өзі бағалау
Оқушыларға қосылыстардың қандай класқа жататыны формула бойынша көрсетілмесе, оларды қалай анықтауға болады деген сұрақ төңірегінде талқылау жасауды ұсыну.
Күтілетін жауап:
Функционалдық анализ жасау арқылы анықтауға болады деген тұжырымға келеді.
Ол үшін реакция нәтижесінде түсі өзгеретін, тұнба түзетін және газ түзілетін реакцияларды таңдаймыз. Бұл реакциялар сапалық реакция деп аталады. Олар берілген белгісіз заттарды анықтау үшін қолданылады.
|
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
|
http://smk.edu.kz/Attach/FileDownload/8898a6a1-802c-455d-b87d-d0d50c4a5b3b
|
Топтық жұмыс
6 мин
|
Оқушылар түсті стикерлерге қауіпсіздік ережелерін жазып, стикер түсі арқылы топқа бөлінеді.
Оқушыларға зерттеу жұмысын жасау үшін нұсқаулық таратылады
1.ҚЕ бойынша инструктаж .
2.Жұмыс мазмұнымен танысу.
3. Жұмысты орындау
4. Қорытынды шығару.
|
Мұғалім бейнематериал арқылы көмірсулар мен ақуыздарды анықтау үшін қолданылатын сапалық реакцияларды көрсетеді.
Бейнематериал бойынша талдау
Мақсаттарға оралу
Сабақтың қорытындысы:
Оқушыларға ауызша сұрақтар қою
|
|