Топ жұмыстарын бағалау критерийлері:
Топтық жұмысқа арналған мәтін қосымшада көрсетілген.
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
15 мин.
|
|
Топтық жұмысты қорытындылау мақсатында сыныппен бірге төмендегі тапсырма орындалады және сұрақтар қойылады:
Әр топ мүшелері өз мәтіндерін сынып алдында түсіндіріп, сәйкес реакция теңдеуін қажетті қағдайларымен жазады.
Контактылы процестің қай этапы қайтымды реакция болып табылады?
Не себептен күкірт триоксидін сумен әрекеттестіру арқылы күкірт қышқылын алуға болмайды? Түсіндіріңіздер.
Олеум дегеніміз не?
Күкірт триоксидін алу үшін қандай жағдайлар қажет?
400-450 С
7-12 атм.
V 1:1
Катализатор V2O5
|
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
|
|
Топтық жұмыс
6 мин
|
Неліктен күкірт қышқылын өндірудің екінші сатысындағы реакцияның жүруіне жоғарыда аталған жағдайлардың қажет екендігін және Ле-Шателье принципіне сүйене отырып реакция өнімін арттыру үшін аталған жағдайлардың әсерін түсіндіру үшін, алдыңғы сыныптарды алған білімді қайталап, топпен жұмыс орындалады.
|
|