1-топ: Химиялық тепе-теңдікке концентрацияның әсері.
2-топ:Химиялық тепе-теңдікке қысымның әсері.
3-топ: Химиялық тепе-теңдікке температураның әсері.
Топтар жұмысын бағалауға арналған критерийлер:
Химиялық реакцияның тепе-теңдігіне берілген фактордың әсерін толық түсіндіреді.
Аталған фактордың әсерін бүгінгі тақырыппен байланыстырады;
Уақытты тиімді пайдаланады (2 мин)
Әр топ өз жұмысын түсіндіреді. Топтар бірін-бірі формативті (ауызша) бағалап, өз пікірлерін білдіреді.
Оқушыларға аталған факторлардың химиялық реакция тепе-теңдігіне әсері графигі таратылады. Оқушылар өз жұмыстарын топта жалғастырады.
|
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Жеке жұмыс
5 мин
|
Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру мақсатында сұрақ қойылады:
|
Демек, күкірт триоксидін алу үшін қай температураны алған тиімді:
1000 0C
450 0C
300 0C
Неліктен?
Оқушылардың бүгінгі сабақтың мақсатына қаншалықты деңгейде жеткендігін бақылау мақсатында жеке жұмыс орындалады. Жеке жұмыс тапсырмалары қосымшада көрсетілген.
Оқушылар бірін-бірі тексеріп, бағалайды.
|
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- немен жұмысты жалғастыру қажет
|
http://www.alhimikov.net/elektronbuch/ammiak.html
|