Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
Оқушылармен осы бейнебаяндарда жүрген реакциялардың молекулалық, толық иондық және қысқартылған иондық теңдеулерін талқылау.
3. Көлемі 100 мл, тығыздығы 1г/мл натрий гидроксиді ерітіндісінен 4,928 л көміртек (ІV) оксидін өткізді (қ.ж), нәтижесінде 22,98 г екі тұз қоспасы түзілді. Алынған ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін есептеңдер.
Жауабы: w(NaHСO3) = 18,52% , w(Na2СO3) = 18,52%
Дескриптор
Тізбектелген реакция теңдеулерін жазады;
Белгілі заттың мәні арқылы белгісіз зат мөлшерін анықтайды;
Анықталған зат мөлшерін анықтауға қажетті мәнін анықтауға қолданады.
Тізбектелген реакация теңдеулерін жүзеге асыра алады;
Заттың зат мөлшерін анықтайды;
Белгісіз заттың зат мөлшерін анықтай алады;
Белгілі мән арқылы массаны, көлемді анықтай алады;
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде саралаудың
«Қорытынды» тәсілі көрінеді.
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
«Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.