Топтық жұмыс
6 мин
|
Топтық тапсырма. Сыныпты 1,2,3-ке санау арқылы 3 топқа бөлу:
1-топ. Аррениус теориясы.
2-топ. Льюис теориясы.
3-топ. Брэнстед-Лоури теориясы.
Топ өнімі: Ақпараты толық, түсінікті, көрнекті постер.
Әр оқушыға Аррениустің, Льюистің және Брэнстед-Лоуридің теориялары туралы мәтін таратылады. (Қосымша 1)
|
Әр топқа дескриптор таратылады.
Дескриптор:
Мәтінді әр оқушы жеке оқиды (3 мин);
Мәтіндегі маңызды мағыналы кілт сөздерді анықтап көрсетеді (2 мин);
Топта талқылайды (5 мин);
Топқа ұсынылған теориядағы қышқыл мен негізге берілген анықтамаларды, теорияның қай жағдайда қолданылатынын сипаттайтын постер дайындайды (7 мин);
Ұсынылған теория бойынша басқа топтарға 3 сұрақ дайындайды (2 мин);
Басқа топтарды ұсынылған теория туралы постермен таныстырады (6 мин).
Бағалау: Әр топ 3 сұрақ қою арқылы бір-біріне стикер беріп бағалайды (5 мин).
|
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
http://smk.edu.kz/Attach/FileDownload/daee580c-2590-49e8-bdd9-a71076fc53e4
|