Бөлім: 4а органикалық химияға кіріспе



бет41/48
Дата13.04.2023
өлшемі0,93 Mb.
#82366
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   48
Байланысты:
9-сынып. 4-тоқсан

Жаңа сабаққа кіріспе



Тапсырма№1
Топпен жұмыс: Студенттер этанол мен этан қышқылының үлгілерін жинап, содан кейін эфир мен судың түзілуі реакциясын модельдейді. Дәптерге реакция теңдеуін жазады.




Эфирлердің құрылысын, аталуын, изомерлерін, қасиеттерін және қолданылуын презентация арқылы мұғалім түсіндіреді. Егер мүмкіндік болса бейнефильтмер көрсетуге болады.
Мұғалімнің түсіндірмесі: Күрделі эфирлер табиғатта кең тараған. Олар биологиялық өте маңызды қосылыстар. Гүлдер мен жемістердің құрамында күрделі эфирлер болуына байланысты олардың хош иістері болады. Өсімдік және жануарлар майлары күрделі эфирлерге жатады. Карбон қышқылдарының күрделі эфирлерін қышқылдардың карбоксил тобындағы сутек атомының орнын көмірсутек радикалы басқан сутектің немесе спирттердегі гидроксил тобының орнын органикалық қышқылдың радикалы басқан туындылар деп қарастыруға болады:
R мен R' — бірдей немесе әр түрлі көмірсутек радикалдары.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Білімланд сабағынан ұсынуға болады:
https://twig-bilim.kz/kz/film/esters-and-perfumes

Сабақтың ортасы
15 мин.

Майдың да эфирлерге жататынын айтып, гидролизденуі мүмкін екенін ескерту. Оқушыларды майларға арналған жалпы формуламен таныстыру және жалпы формулаға сәйкес майларды анықтауды сұрау.



Химиялық қасиеттері: Гидролиздену реакциясы. Күрделі эфирлердің гидролизі этерификация реакциясына кері реакция, қышқыл немесе сілті қатысында жүреді. Күрделі эфир сумен әрекеттесіп айырылып, реакция нәтижесінде қышқыл және спирт түзіледі:
CH3COOC2H5 + H2O → CH3 - COOH + C2H5OH



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет