Бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 9-сынып



бет14/14
Дата25.02.2022
өлшемі347,97 Kb.
#26391
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
� �� ������� ������ �� ���� � ����� �� �������� �������� 9

Бағалау критерийі



тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Әртүрлі жанрдағы

мәтіндердің мақсатты

аудиториясы мен көркемдегіш құралдардың қызметін түсіндіреді
Аралас құрмалас сөйлемдерді қолданады.


1

мәтіннің мақсатын анықтайды;

1

аудиториясын көрсетеді;

1

2

көркемдегіш құралдарды табады; эпитет

метафора метонимия


1

1



1

көркемдегіш құралдар қолданысына түсінік береді;

эпитет метафора метонимия



1

1



1

3

ойды дамытып айтады;

1

аралас құрмалас сөйлемді қолданады.

1

Барлығы

10

«Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)



Білім алушының аты-жөні



Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Әртүрлі жанрдағы мәтіндердің мақсатты аудиториясы мен көркемдегіш құралдардың қызметін түсіндіреді

Аралас құрмалас сөйлемдерді қолданады.



Мәтіннің мақсатын,

аудиториясын анықтауда, көркемдегіш құралдарды (эпитет, метафора, метонимияны) тауып, қолданысына түсінік беруде, аралас құрмалас сөйлемді қолданып, ойды дамытып айтуда қиналады.



Мәтіннің мақсатын,

аудиториясын анықтауда, көркемдегіш құралдарды (эпитет, метафора, метонимияны) тауып, қолданысына түсінік беруде, аралас құрмалас сөйлемді қолданып, ойды дамытып айтуда қателіктер жібереді.



Мәтіннің мақсатын,

аудиториясын анықтайды.

Көркемдегіш құралдарды

(эпитет, метафора, метонимияны) тауып, қолданысына түсінік береді. Аралас құрмалас сөйлемді қолданып, ойды дамыта әңгімелейді.


29

«Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» бөлімі бойынша жиынтық бағалау





Оқу мақсаты

9.2.5.1 Мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым- қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастыру

9.3.2.1 Мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру



Бағалау критерийі

Білім алушы

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

Мәтінді түсініп оқыңыз.


Баламалы энергия көздері

Баламалы энергия көздерін іздеудің бүгінгі күні маңызы артып отыр. Бұл үдерістен Қазақстан да артта қалған жоқ. Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Біз энергияның баламалы түрлерін өндіруді дамытуға, Күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз»,- деген еді.

Қазіргі уақытта жел мен Күн сынды баламалы энергия көздерін пайдалану жоғары дәрежеде деп айту қиындау. Өйткені мамандардың есебі бойынша, елімізде жалпы жаңғыртылатын энергия көздерінің үлесі 1% екен. Бүгінде Қазақстанның жер қойнауы табиғи қазбаларға бай болғандықтан энергия тапшылығы айтарлықтай байқалмайды, дегенмен баламалы энергия көздері ол болашақтың қажеттілігі екені сөзсіз.

Қазақстанның климаттық жағдайы – күн қуатын пайдалануға қолайлы. Ғалымдардың айтуынша, елімізде күн энергиясын өндіру мүмкіндігі жылына 2,5 миллиард киловатт-сағат. Бұл отандық ғалымдарды жаңа жобаларды жасауға жетелеп отыр. Мәселен, күн сәулесін жинайтын арнайы тақталар. Толық автоматтандырылған аталмыш тақтайшалар ғимараттан шықпай-ақ, күн сәулесінің түсу бұрышын анықтап, оны компьютер арқылы басқаруға мүмкіндік береді. Бұл арзан әрі қолайлы.

Бүгінде баламалы электр энергиясын өндіру озық әлемдік технологияларды енгізуге және энергетикалық тиімді бағдарламаларды іске асыруға мүмкіндік беретіні сөзсіз, сондықтан баламалы энергия көздеріне қазірден бастап баса назар аударылуы тиіс.


  1. Мәтін оқырманға қалай әсер етуі мүмкін? Оқырманға қандай ой тастайды деп ойлайсыз?




  1. Оқырманның қарым-қатынасын анықтау үшін талқылау сұрақтарын құрастырыңыз. Берілген тірек сөздерді қолданыңыз.

Тірек сөздер Сұрақтар

... қалай ойлайсыз?

Неліктен ... мәселе орын алды?

... келісесіз бе? Сіз бұған қалай қарайсыз?



  1. Сүлеймен патша барлық жануарлардың тілін біліпті деген аңыз ежелден келеді. Бір күні патша барлық тіршілік иелерін жинап алып олардан адамдардың қандай зиян келтіріп жатқаны туралы сұрапты. Сонда барлық жан-жануарлар, өсімдіктер мен жәндіктер адам баласын тек мақтаған екен. Бұл Сүлеймен өмір сүрген дәуірде болған. Қазіргі кезде жан- жануарлар мен өсімдіктер әлемі адамның табиғатқа тигізіп жатқан әсері туралы Сүлеймен патшаға не айтар еді деп ойлайсыз? Жауабыңызды төменде берілген тапсырмалардың бірін таңдау арқылы жазыңыз.

    • Жануарлар әлемнің атынан хат жазыңыз.

    • Өсімдіктер әлемінің атынан өтініш жазыңыз.





Бағалау критерийі



тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Оқырман тұрғысынан мәтінге талқылау сұрақтарын құрастырады

1

мәтінде көтерілген мәселенің

оқырманға әсерін анықтайды;


1


2

талқылау сұрақтарын құрастырады; 1.

2.

3.


1

1



1

Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастырады

3

рөлге енеді;

1

оқырмандарды өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғауға

ынталандырады;


1


мәтіннің жанрын сақтайды;

1

тақырыпты ашады.

1

Барлығы

8

Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)



Білім алушының аты-жөні



Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Оқырман тұрғысынан мәтінге талқылау сұрақтарын құрастырады

Мәтінде көтерілген мәселенің оқырманға әсерін анықтауда, 3 талқылау сұрағын құрастыруда қиналады.

Мәтінде көтерілген мәселенің оқырманға әсерін анықтауда, 3 талқылау сұрағын құрастыруда қателіктер жібереді.

Мәтінде көтерілген мәселенің оқырманға әсерін анықтайды.

3 талқылау сұрағын құрастырады.



Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастырады.

Рөлге енуде, оқырмандарды өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғауға ынталандыруда, мәтіннің жанрын сақтауда, тақырыпты ашуда қиналады.

Рөлге енуде, оқырмандарды өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғауға ынталандыруда, мәтіннің жанрын сақтауда, тақырыпты ашуда қателіктер жібереді.

Рөлге енеді. Оқырмандарды өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғауға

ынталандырады. Мәтіннің жанрын сақтайды. Тақырыпты ашады.




33

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет