тапсырманы теріс тұжырымдау қажет болған жағдайда, қосымша графикалық əсерді қолдану қажет: көлбеу немесе қалың қаріппен көрсету және т.б.;
берілген мəтіннің сөйлемдерін толықтыруға арналған (бос орындарға қажетті сөздерді қою) тапсырмаларды қолданбауға тырысу;
көп таңдауды қажет ететін тапсырмаларда 2-ден 5-ке дейінгі жауап нұсқаларын қолдану;
жауап нұсқалары түрлі логикалық реттілікпен орналасуы (Атап айтқанда алфавиттік, хронологиялық, өсу/кему, грамматикалық санатына қарай жəне т.б)
тапсырманы құрастыру алгоритміне сəйкес көп таңдауды қажет ететін тапсырмаларды құрастыру кезінде сұрақтары мен дистракторларын тұжырымдамас бұрын алдымен жауап кілтін дайындап алу ұсынылады.