Бөлім жалпы психологияға кіріспе Тарау Психология ғылымының жалпы мєселелері. Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері


§ 2. Қабілеттің даму деңгейі және дербес ерекшелігі



бет97/99
Дата26.11.2023
өлшемі1,18 Mb.
#128331
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   99
Байланысты:
ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯГА КИРИСПЕ

§ 2. Қабілеттің даму деңгейі және дербес ерекшелігі
Психологияда қабілеттің даму деңгейін жіктеудің төмендегідей түрлері жиі кездеседі: қабілет, дарындылық, талант, данышпандық.
Кез келген қабілет өзінің даму процесінде өзінің дамуын алдағы деңгейде жеткілікті рәсімделуіне қажетті неғұрлым жоғары деңгейге көтеретін кейбір қабілеттер үшін бірқатар кезеңнен өтеді. Алайда қабілеттің дамуы үшін алдыменен атлаптылықты құрастыратын негіздемесі анықталатын болуы тиіс. Бейімділікпен қабілеттілік дамуының табиғи негізін қалыптастырушы, жүйке жүйесінің анатомия-физиологиялық ерекшелігі түсіндіріледі. Мысалы, тума бейімділік ретінде алуан түрлі анализаторлардың даму ерекшелігі шыға келеді. Солай, музыкалық қабілетті дамытуға арналған негіз ретінде естуді қабылдаудың белгілі бір сипаттамалары бой көтере алады. Ал интеллектуалдық қабілет бейімділігі ең әуелі ми қызметінде - үлкен немесе кіші қозуы, жүйке үрдісінің жылжымалылығы, уақтылы байланыстарды құрастырудың жылдамдылығы және т.б. яғни, И.П.Павлов генотип – деп атаған жүйке жүйесінің тума ерекшеліктерімен айқындалынады. Бұл қасиеттерге мыналар жатады:
- қоздыруға қатысы бойынша жүйке жүйесінің күші, яғни, қарқынды және жиі қайталанатын жүктемені, оның белгілі шекте тежеуді болдырмай, ұзақ мерзімге төзіп тұра алатын қабілеттілік;
- тежеуге қатысы бойынша жүйке жүйесінің күші, яғни, ұзақ және жиі қайталанылатын тежеу әсеріне төзіп тұра алатын қабілет;
- қоздыру және тежеу әсерінің жауабына жүйке жүйесінің біркелкі реактивтікте анықталынатын қоздыруға және тежеуге қатысы бойынша жүйке жүйесінің салмақтылығы;
- қоздыру немесе тежеудің жүйке процесіндегі пайда болу мен тоқтатылудың жылдамдығы бойынша бағаланылатын жүйке жүйесінің тұрақсыздығы.
Қазіргі уақытта дифференциалды психологияда көбінесе В.Д.Небылицын ұсынған адам жүйке жүйесінің қасиеттерінің 12 өлшемдік жіктелінуі қолданылады. Оған 8 бастапқы қасиет (қоздыру мен тежеуге қатысы бойынша қозғалмалылығы және тұрақсыздығы, жылжымалылығы, күші) және 4 екінші деңгейлі қасиет (осы негізгі қасиеттер бойынша салмақтылық) жатады. Аталмыш қасиеттер барлық жүйке жүйесіндегі (оның жалпы қасиеті) сияқты, жекеленген анализаторларға да (парциалды қасиет) қатыса алатындығы дәлелденген.
Ми құрылысының бұл тума анатомия-физиологиялық ерекшеліктері, қозғалу және сезу мүшелері немесе туа біткен бейімділіктер адамдар арасындағы дербес ерекшеліктердің табиғи негізімен анықталынады. И.П.Павловтың пікірінше, дербес ерекшелік негізін жоғары жүйке әрекетінің басым типтері мен ескерту жүйелерінің сәйкестік ерекшеліктері анықтайды. Аталмыш белгілерді негізге ала отырып, адамдарды үш түрлі тұрпатқа бөлуге болады: шығармашылық тұрпатты (алғашқы ескерту жүйесі басым), ойлау тұрпатты (екінші ескерту жүйесі басым) және орташа тұрпатты (тең өкілді).
Павловтың бөлген тұрпатты топтары ана топтың да, мына топтың да өкілдерінде әр түрлі туа біткен бейімділіктер болатындығын шамалап отыр. Солай, шығармашылық тұрпаттың ойлау тұрпатынан негізгі өзгешелігі “көркемдеуші” үшін бүтіндей қабылдау сипатталған, ал “ойшы” үшін – оның жекелеген бөлігіне ұсақталған қабылдау ортасында айқындалынады; елестету және ойлау ортасында “көркемдеушілерде” кескінді ойлау мен елестету басым көрінеді, сол сәтте “ойлаушы” сияқты абстрактылы, теориялық ойлау неғұрлым сипатты; эмоционалды ортада шығармашылық тұрпатты тұлға көтеріңкі эмоциямен өзгешеленеді, ал ойлау тұрпатының өкілдері мәселеге неғұрлым интеллектуалды, сабырлы реакцияда қасиеттенген.
Адамда белгілі бір бейімділіктің болуы онда сол немесе басқа қабілеттіліктің дамитынын білдірмейтіндігін атап өткен жөн. Мысалы, музыкалық шығармашылықты дамыту үшін елеулі алғы шарты нәзік есту қабілет болып табылады. Алайда шеткі (есту) және орталық жүйке аппаратының құрылғысы музыкалық қабілеттілікті дамытудың алғы шарты болып табылады. Музыкалық естуге байланысты адамзат қоғамында пайда болуы мүмкін музыкалық қабілеттілік байланысты мамандық және кәсіпте ми құрылғысы алдын ала қарастырылмайды. Адам өзі үшін қызметтің қандай саласын таңдау және оның бейімділігін дамыту үшін оған қандай мүмкіндіктер ұсынылатыны қарастырылмаған. Демек, адамның бейімділіктері қандай дәрежеде дамуы оның дербес ерекшелегінің жағдайына байланысты болады.
Олай болса, бейімділіктің дамуы – бұл қоғамның даму ерекшелігі мен тәрбиелеу шарттарына байланысты әлеуемттік шарттастырылған үрдіс. Бейімділіктер егер қоғамда қандай да бір мамандықтарға қажеттілік туындаса, соның ішінде, нақтылы қайда жіңкішке музыкалық есту қажет болған жағдайда дамиды және өзгередң. Бейімділікті дамытудың екінші елеулі факторы тәрбиелеу ерекшелігі болып табылады.
Спецификалық емес бейімдеулер. Адамда бейімділіктің белгілі бір түрініңі болуы оның негізінде қолайлы жағдайда қандайда бір нақтылы қабілет міндетті дамуы тиіс дегенді білдірмейді. Сол бір бейімділіктің негізінде ұсынылатын әрекеттің, талаптың сипатына қарай әр түрлі қабілеттілік дамуы мүмкін. Солай, ырғақты жақсы сезетін және жақсы естуі басым адам, музыкалық орындаушы, дирижер, биші, әнші, музыкалық сыншы, педагог, сазгер және т.б. болуы мүмкін. Сонымен қатар бейімділік болашақ қабілеттің сипатына әсерсіз деп тануға болмайды. Есту анализаторының өзгешелігі аталмыш анализатордың ерекше даму деңгейін талап ететін қабілеттерде айтылады. Біз осыдан әлеуметтік елеулі дәрежелі қабілеттілік адамның нақтылы әрекет барысында қалыптасады деген тұжырым жасаймыз. Қабілет даму үшін жағдайдың бар және жоқ болуына байланысты, олар потенциалды және актуалды болуы мүмкін.
Потенциалды қабілет нақтылы әрекет түрінде іске асырылмайтын, бірақ тиесілі әлеуемттік жағдайды өзгерткенде актуализациялауға қабілетті болуымен түсіндіріледі. Қағида бойынша, актуалды қабілетке тура сол сәтте нақтылы әрекет түрінде іске асырылуға қажеттілер жатады. Потенциалды және актуалды қабілеттер адамның қабілетін дамытатын әлеуемттік жағдайлар сипатаның жанама көрсетіші ретінде бой көрсетеді. Дәл сол әлеуметтік жағдай сипаттары потенциалды қабілеттің дамуына мүмкіндік туғызады немесе кедергі келтіреді, олардың актуалдыға айналуын қамтамасыз етеді немесе қамтамасыз етпейді.
Сіз көріп отырғандай, қабілетпен қандай да бір әрекеттің табысты орындалуына қатысты сондай дербес ерекшеліктер түсіндіріледі. Сондықтан қабілет тұлғалықтың негізгі қасиеті ретінде қарастырылады. Алайда, ешбір жекелеген қабілет іс-әрекеттің нәтижелі орындалуын өзі ғана қамтамасыз ете алмайды. Кез келген іс-әрекеттің нәтижелі орындалуы әрқашан бірқатар қабілетке қатысты болады. Жақсы жазушы болу үшін ол қаншалықты жетілген болса да, бір ғана байқампаздығы жеткіліксіз. Жазушы үшін бірінші дәрежелі мәнділік байқампаздық, кескінді есте сақтау, ойлаудың бірқатар түрлері, жазба тілмен байланысты қабілет, назарды шоғырландыратын қабілет және басқа да қабілеттердің болуы.
Екінші жағынан, кез келген нақты қабілеттің құрылымына іс-әрекеттің сан алуан түрлері мен арнайы қасиеттерінің талаптарына жауап беретін, іс-әрекеттің тек қана бір түрін табыспен қамтамасыз ететін әмбебап және жалпы қасиеттер жатады. Мысалы, математикалық қабілетті зерттей отырып, В.А.Крутецкий математикалық әрекетті табысты орындау үшін қажетті деп мыналарды белгіледі:
- пәнге белсенді, оң қатынасы, онымен шұғылдануға икемділігі, құмартып әуестенуде дамудың жоғары деңгейіне өтуі;
- мінездің кейбір белгілері, ең әуелі еңбексүйгіштік, ұйымдастырушылық, дербестік, мақсаттылык, табандылық, сонымен қоса, тұрақты интеллектуалды сезім;
- әрекет барысында орындалуына қолайлы психикалық жағдайдың болуы,
- сол салаға қатысты белгілі білім, іскерлік және дағдының қоры;
- сенсорлық және ақыл-ой орталарында аталмыш әрекеттің дербес-психологиялық ерекшеліктерінің талаптарына жауап беретін.
Бұдан аталған қасиеттердің алғашқы төрт категориясын барлық әрекеттер үшін қажетті жалпы қасиет ретінде қарастыру көзделеді, және оларды қабілеттің компоненттері деп санауға болмайды, қабілеттің компонентімен қызығушылығы мен икемділігі, мінез құлықтары, психикалық жағдайы, сонымен қатар іскерлігі мен дағдылары есептелінуі тиіс.
Қасиеттің соңғы тобы табыстылықты тек қана нақты әрекетте анықтайтын спецификалық болып табылады. Бұл осы қасиеттер ең алдымен басқа салаларда қабілеттіліктердің айқындалуымен байланыссыз және арнайы ортада айқындалатындығымен түсіндіріледі. Мәселен, биграфилық мәліметтер бойынша А.С.Пушкин лицейде математикаға көп тер төккенімен елеулі жетістік көрсеткен жоқ; Д.И.Менделеев мектепте математика және физика саласында зор жетістіктерімен өзгешеленіп, ал тіл сабақтарында толық “бірлікке† иелік еткен.
Сонымен қоса арнайы қабілетке музыкалық, әдеби, сценалық және т.б. жатқызу қажет. Қабілет дамуының келесі деңгейі дарындылық болып табылады. Дарындылық адамды қандай да бір әрекетті табысты орындау мүмкіндігімен қамтамасыз ететін қабілеттің өзгеше сәйкестігі деп аталады.
Бұл анықтамада дарындылықтан әрекеттің жетістіксіз орындалуы емес, тек сондай жетістікті орындалу мүмкіндігі ғана тәуелді екені атап өту керек. Кез келген әрекетті табысты орындау үшін тек қана лайықты қабілеттің сәйкестігі болуы ғана талап етілмейді, сонымен қоса қажетті білім мен дағдыны талап етеді. Адам қандай да феноменалдық математикалық дарындылығы болса да, егер ол ешқашан математика оқымаған болса, ол осы саладағы ең қарапайым қызметті табысты атқара алмайды. Дарындылық қандай да әрекеттің табысқа жету мүмкіндігін ғана анықтайды, осы мүмкіндікті іске асырылуы лайықты қабілетті қандай өлшемде дамытады және қандай білім мен дағды игерте алатынын анықтайды.
Дарынды адамдардың дербес ерекшелігі қызығушылығы бағыттылықта басты кейіпте білінеді. Мәселен, бір адамдар математикаға, келесісі – тарихқа, үшіншісі - қоғамдық жұмысқа тоқталып жатады. Қабілеттің ары қарай дамуы нақтылы әрекетке өтеді.
Қабілет құрылымында компененттерді екі топқа бөлуге болатынын атап өту жөн. бірі жетекшілік жағдаймен шұғылданса, келесісі көмекші болып табылады. Суретшілік қабілет құрылымында жетекші қасиет көруші анализатордың жоғары табиғи сезімталдығы- сызық, пропорция, формалар, сәуле мен көлеңке, колорит, ырғақты сезу, және де суретші қолының сенсомоторлық қасиеті, жоғары дамыған есте сақтау және т.б. болады. Көмекші қасиеттерге көркемдік елестету, эмоционалды көңіл күй, салытын суретіне эмоционалды қатысы және т.б. жатқызуға болады.
Қабілеттің жетекші және көмекші әрекеттің жетістігін қамтамасыз ететін бірлікті жасайды. Алайда қабілет құрылымы – бұл өте икемді құрылыс. Жетекші және көмекші қасиеттерін сәйкестігі әр түрлі адамдарда нақты қабілеттіліктері бірдей емес. Адамда қандай қасиеттің жетекші болатына байланысты әрекетті орындауға қажетті көмекші қасиеттердің қалыптасуына өтеді. Сонымен қоса, тіпті, қандай қызметтің шеңберінде де адамдар аталмыш әрекетті біркелкі табысты орындауға мүмкіндік беретін, кемшіліктердің орнын толтыратын әр түрлі қасиеттің сәйкестігін игере алады.
Қабілеттің болмауы қандай да әрекеттің орындалуына жоқ қабілеттіліктің орнын толықтыратын механизмдері болғандықтан адамның жарамсыздығын білдірмейтінін атап өткен дұрыс. Әрекетпен үнемі шұғылдану кімнің оған қабілеті бар тек сол ғана емес, кімде жоқ оларда бола береді. Егер адам бұл әрекетпен шұғылдануды жалғастыруға мәжбүрлі болса, ол онда өзінің тұлғалылығының күшті жақтарына сүйене отырып, жете түсіне отырып немесе жете түсінбей-ақ қабілеттің кемшіліктерін толықтыратын болады. В.И.Ильиннің пікірі бойынша орнын толықтыру меңгерген білім немесе іскерлігі арқылы, немесе әрекеттің дербес-тұрпаттылық стилінің қалыптасуы арқылы, немесе неғұрлым дамыған қабілеттіліктің басқасы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Бір қасиетті басқалармен кеңінен толықтыру мүмкіндігі қандай да қабілеттің салыстырмалы әлсіздігіне әкеп соғады, бұл қабілеттілікпен анағұрлым тығыз байланысты әрекеттің жетістікті орындалу мүмкіндігін мүлдем жоққа шығармайды. Жеткіліксіз қабілет сол адамның жоғары дамыған басқалармен кең көлемде орнын толықтыру болуы мүмкін. Тура осы сан түрлі салалардағы адамның жетістікті әрекетінің мүмкіндігін қамтамасыз етуі ықтимал.
Қабілеттің білінуі әрқашан қатаң дербес және көбіне сирек ұшырасады. Сондықтан адамдардың дарындылығын қиюластыру, тіптен бірдей әрекетпен шұғылданатын нақтылы көрсеткіштер жиынтығын ұсыну мүмкін емес. Әр түрлі психодиагностикалық әдістің көмегімен қандай да қабілеттіліктің болуын қалыптастыруға және олардың дамуының салыстырмалы деңгейін анықтауға болады. Неге салыстырмалы? Себебі, қандай да қабілеттің даму деңгейін немесе абсолюттік бастамасын ешкім де білмейді. Әдетте, зерттелінетін қандай да бір таңдаудың біршама нәтижесімен оның нәтижесін салыстыру жолымен нақты адам үшін байымдылық шығарылады. Қабілетті бағалаудағы мұндай тәсілдеме сандық әдістерді қолданғанда негізделінеді.
Адамның қабілетті сипаттай отырып, олардың дамуының шеберлік деңгейін, яғни, әрекеттің нақтылы түріндегі кемелдігін жиі бөліп көрсетеді. Адамның шеберлігі туралы айтқанда алдымен оның өндірістік әрекеттегі жетістікті шұғылдану қабілеттілігін сөз етеді. Алайда бұдан шеберлік дайын іскерлік пен дағдының тиесілі жиынтығынан туындайды деп іздестіруге болмайды. Кез келген мамандықтың шеберлігі туындайтын мәселенің шығармашалық шешілуіне психологиялық дайындығын шамалайды. “Шеберлік – бұл бір мезетте келетін “не” және “қалай” – деп текке айтпайды: шебер үшін шығармашылық міндетті жете түсіну және оны шешудің тәсілдерін табудың арасында үзіктің жоқ екенін атап көрсетеді.
Адам қабілеттілігі дамуының келесі деңгейі – талант. “Талант” сөзі бір жалқау құл өзінің қожасы жоқ кезде ұрлап алған күмісін, айналымға жібертіп пайда алудың орнына оны жерге көміп тастайтын (осыдан, “талантыңды жерге көм” –деген мақал шыққан) Библияда кездесетін шекті ұғым. Қазіргі кезде талант арнайы қабілеттіліктің (музыкалық, әдеби және т.б.) жоғары деңгейі болып түсіндіріледі. Қабілет сияқты талант та әрекет негізінде айқындалып, дамиды. Талантты адамның әрекеті тәсілдеменің сонылығымен, принципиалды жаңалылығымен ерекшеленеді.
Талантты ояту қабілет сияқты жалпы қоғамды шарттастырылған. Онда аталмыш қоғамның алдында тұратын нақтылы міндеттерінің ерекшеліктері мен дәуір қажеттілігіне байланысты толыққанды даму үшін неғұрлым қолайлы жағдай қанадай дарындылық.
Талант – бұл қабілеттің белгілі бір үйлесімділігі, олардың жиынтығы екенін атап өту қажет. Жекелеген айырушы қабілет, тіпті өте жоғары дамығаны да талант деп аталуы мүмкін емес. Мәселен, таланттылардың арасынан есте сақтауы жақсы да, жаман да адамдарды көптеп табуға болады. Адамның шығармашылық әрекетінің есте сақтауы бұл оның жетістігіне байланысты факторлардың бірі ғана. Бірақ нәтижелер терең қызығушылықсыз, күшті екпінсіз, бай қиялсыз, икемді ақылсыз жеткілікті болмайды.
Қабілет дамуының жоғары деңгейі данышпандық деп аталынады. Данышпандық туралы адамның шығармашылық жетістігі қоғамдық өмірде, мәдениет дамуында бүтін дәуірді құрастырғанда айтылады. Данышпан адамдар өте аз. Барлық бесмыңжылдық өркениет тарихында небәрі 400-ден астам ғана данышпан бар деп саналынады. Данышпандықты сипаттайтын дарындылықтың жоғары деңгейі әрекеттің әр түрлі салаларындағы сиректілігімен шарасыз байланысты. Лайықты әмбебептылыққа қол жеткізген данышпандар арасында Аристотель, Леонарда да Винчи, Р. Декарт, Г.В. Лейбниц, М.В. Ломоносовтарды атауға болады. Мысалы, М.В. Ломоносов білімнің әр түрлі салаларында: химия, астрономия, математика, сонымен қатар суретші, поэзияны күшті білген әдебиетші, тілші, жетістіктерге қол жеткізген. Алайда бұл данышпандардың барлық дербес қасиеттері бірдей дәрежеде дамыды деуге келмейді. Данышпандықтың өзіндік “профилі” болады, қандай да бір жақты онымен басым болса, кейбір қабілеттерде айқынырақ болып жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет