___________________________________________ (білім беру ұйымының атауы)
Орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар
Бөлім:Мәдениеттің дамуы
Тарау: Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті - дала өркениетінің мұрасы
Қазақ халқының материалдық мәдениеті және қолданбалы өнері (сабақтың тақырыбы)
10.4.1.1 Қазақ халқының мәдени жетістіктерін сипаттау үшін «мәдениет», «дала өркениеті», «материалдық мәдениет», «рухани мәдениет», «қолданбалы өнер», «мәдени мұра» ұғымдарын пайдалану
10.4.1.2 қазақ халқының материалдық мәдениетінің маңызды жетістіктерін анықтау - Қазақстандағы тарихи-этнографиялық процестердің сабақтастығын талдау
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар қабілетті болады:Материалдық мәдениет туралы түсініктерін кеңейтеді және түрлерін анықтайды. Қазақ халқының материалдық мәдениеті және қолданбалы өнерінің маңызын сипаттайды.
Көптеген оқушылар кабілетті болады:Қазақ халқының материалдық мәдениетінің дамуы және әр кезеңде жалғасуын талдайды, бағалайды.
Кейбір оқушылар қабілетті болады: Қазақ халқының материалдық мәдениетін қазіргі заманда насихаттаудың әртүрлі жолдарын ұсынады.