Сабақ соңында оқушылар «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бір-бірін бағалайды.
Рефлексия
Нені білдім, нені үйрендім
Нені толық түсінбедім
Нені білгім келеді?
Сабақ жоспарының аталған тармақтары міндетті болып табылады. Педагог пәннің ерекшілігі мен оқушылардың қажеттілігіне қарай қосымша элементтер енгізуге құқылы.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ Сабақтың басында: Сабақ қызығушылықты ояту әрі қарқынды басталу үшін, қысқаша немесе ойша орындалатын бірнеше сұрақтарға жауап беруден басталады. Миға шабуыл, суретпен жұмыс жаттығуын бастамас бұрын, ең алдымен оқу мақсатына сәйкес «мәдениет», «дала өркениеті», «материалдық мәдениет», «рухани мәдениет», «қолданбалы өнер», «мәдени мұра» ұғымдарының мағынасын ашып алыңыз. Ол үшін, оқушыларға «Осы ұсынылған ұғымдарға сендер қандай анықтама бересіңдер?» деген сияқты сұрақ қоюдан бастауға болады. Бұл оқушылардың өз бетінше белсенді жұмыс істеуге деген сенімін арттырады. Осыдан кейін тақтаға жоғарыдағы ұғымдардың анықтамасын беріңіз.
1-тапсырманы орындау барысында:Оқушылардың жаңа ақпаратты жылдам қабылдауы немесе белсенді ынталандырылуы үшін https://www.youtube.com/watch?v=24qi6iby8Ms сілтемесін қолданып, DARYN.ONLINE орталығының ұсынған «Қазақ халқының материалдық мәдениеті және қолданбалы өнер.» 10 сыныпқа арналған бейне сабағын көрсетіңіз. Тыңдалым дағдысын дамытуға көмектесетін бейнематериалдың мазмұнына сәйкес қойылған сұрақтарға жауап берулерін сұраңыз.