Бөлім тақырыбы: Терімшілер-аңшылардан бастап жер иеленушілер мен мал өсірушілерге дейін Сабақ тақырыбы: Алғашқы адам қалай пайда болды?



Дата06.02.2023
өлшемі8,72 Mb.
#65633
түріСабақ
Байланысты:
5 сабақ. Неліктен Ежелгі Грекияны демократияның отаны деп атайды

Бөлім тақырыбы: Ежелгі Грекия Сабақ тақырыбы: Неліктен Ежелгі Грекияны демократияның отаны деп атайды?


Дүниежүзі тарихы
5-сынып
Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы
Оқу мақсаты:
5.3.1.1 – ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін сипаттау;
5.3.1.2 – Афина мемлекетінде демократияның пайда болуын түсіндіру;
5.1.2.1 – ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау

Бағалау критерийлері:
  • демократияның пайда болуын түсіндіреді;
  • Ежелгі Грекияның қоғамдық құрылысына сипаттама береді.


Тірек сөздер

  • Полис – Ежелгі Грекиядағы өз алдына дербес шағын қала-мемлекеттер.
  • Демократия – мемлекетті халық (демос) басқаратын биліктің түрі.
  • Азамат – ата-анасының екеуі де афинылықтар болып саналатын Афины тұрғындары.
  • Халық жиналысы – Б.з.д. V–IV ғғ. Афиныда жоғарғы өкімет билігі.
  • Ареопаг – Афиныдағы биліктің ежелгі органы.

Полистер
Спарта
Афины
Спарта
Ежелгі гректердің биік төбе басына салынатын бекінісі. Акрополь — өзге үйлерден шоқтығы биік, қабырғасы қалың, қала халқының жаулардан қорғаныс табатын бекінісі, қасиетті орны болған.
Агора - жиналыс өткізілетін жер (қаланың орталықтары, базар).

Афины қаласы


Афины қаласының реконструкциясы.
Афины қаласының қазіргі бейнесі.
Биіктіктен көрініс.
Парфенон храмы.
Афины халқы
Еркін азаматтар
Тәуелді адамдар
Аристократтар
Демос -халық
Ақсүйектер
Шаруа
Саудагер
Қолөнерші
Құлдар

Солон
Б.з.д. VI ғ. Афиныда демократия орнатылды.
Солон – ежелгі грек данышпаны, атақты саясаткер, реформатор. Архонт (басқарушы) ретінде сайланған Солон борышқорлық құлдықты жойды. Ол мемлекеттік қаражаттың есебінен басқа елдерге құлдыққа сатылған шаруаларды қайта сатып алды. Солон жер иеліктерінің көлемін шектеуді талап етті.
АФИНЫДАҒЫ ӨМІР ҚАЛАЙ ӨЗГЕРДІ?
  • Ареопаг – Афиныдағы биліктің ежелгі органы
  • Б.з.д. V–IV ғғ. Афиныда жоғарғы өкімет билігі Халық жиналысы қолына көшті.
  • Халық жиналысына тек азаматтар ғана қатысты.

Перикл (б.з.д. 494–429 жж.)
  • Афинының атақты мемлекет қайраткері. Оны бірінші стратег қызметіне он бес рет сайлаған. Оның тұсында Афины өзінің шарықтау шегіне жетіп, гүлденді.

Ұлы ғұлама
Аристотель
б. з. д. 384 – 322 ж.
«…барлық қарапайым халық бай адамдарға қарыздар болды, сол себепті олар бай адамдардың жерін өңдеді, алған өнімдерінің алтыдан бір бөлігін төледі немесе олардан қарызға қаражат алып, сол қарызды төлеп аяқтағанша, бас еркіндігінен айырылып, бай адамдарға қызмет етті... ».
Аристотель

1 – тапсырма
Берілген анықтамаларды оқып, қай тұлға екенін анықтаңыз.

Демократияның негізін қалаған
Бірінші стратег қызметіне он бес рет сайлаған.
Ежелгі грек философы, «адамзаттың бірінші ұстазы»
Жауабы:
Демократияның негізін қалаған
Бірінші стратег қызметіне он бес рет сайлаған.
Ежелгі грек философы, «адамзаттың бірінші ұстазы»
Солон
Перикл
Аристотель

2 – тапсырма
Суреттерде грекияның қандай қоғамдық басқару жүйелері көрсетілген?
Жауабы:
Халық жиналысы
Ареопаг

Қорытынды

  • демократияның пайда болуын түсіндіңіздер;
  • Ежелгі Грекияның қоғамдық құрылысына сипаттама бердіңіздер.

Үйге тапсырма

  • Берілген мәліметтерді қолдана отырып эссе жазу.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет