Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі:Сөйлеу дамыту.
Тақырыбы: «Ас атасы - нан».
Мақсаты: жалпылауыш сөздерді түсіну арқылы ыдыстар мен тағамдар жайлы сөйлем құрап айту дағдысын қалыптастыру.
Көрнекілік құралдар: Әртүрлі суреттер
Халық даналығында Нан бар жерде-ән де бар деген.
Нан болмаса біздің қарынымыз тоймайды.Нансыз өмір сүре алмаймыз.Балалар сендер нанның қандай түрлерін білесіндер?
Ал нанды біз қайдан аламыз білесіндер ма?
Мен сендерге осы нанның бір түрі бауырсақ туралы өлең оқып беремін.
Қайдан келдің бауырсақ?
-Дүкеннен келдім нан сатқан.
-Дүкенге келдің қай жақтан?
-Наубайдан келдім нан жапқан.
-Наубайға келдің қай жақтан?
Диірменнен келдім кең жақтан.
Жер анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.
(өленнін мазмұның өсірген)
Балалар өлең не туралы екен?
Бауырсақ дастарханға қалай келіпті?