Таблеткалар – дәрілік заттарды ,дәрілік қоспаларды ,көмекші заттарды қалыпқа салу жолымен алынған мөлшерлі дәрілік форма.
Драже – дәрілік заттар мен көмекші заттарды қат-қабаттап , жұмырлау арқылы алынған , мөлшерлі дәрілік форма .
Гранулалар – біріңғай бөлшектер(түйіршік ,дән тәрізді) , жұмырланған , цилиндр немесе 0,2-0,3мм көлемдегі бұрыс дәрілік заттар .
Ұнтақ – сусымалы қасиеті бар дәрілік формалар ;ұнтақтар : қарапайым (бірсыңарлы) және күрделі(екі нмесе оданда көп сыңарлы) ,дара және бөлінбеген дозаларды ажыратады.
Жиынтық – кесілген , ірі ұнтақ . Жүн-жұрқа өсімдіктер , кейде басқа да дәрілік заттарды қосып даярлайды.
Капсулалар – мөлшерленген , ұнтақ тәрізді ,кейде сұйық , сырты делатин , крахмал , биополимерлермен қаусырылған дәрілік заттар.
Спансулы – белгілі бір мөлшердегі гранула мен микрокапсула мен құрамдалған капсулалар.
Дәрілік (медициналық) қарындаштар – қалыңдығы 4-8мм , ұзындығы 10см жететін дөңгелектенген цилиндрлік таяқшалар.
Дәрілік пленкалар - полимерлі , қабыршақты дәрілік формалар.