Болтаева ә. М


Ғылыми зерттеулердің негізгі қадамдары



бет17/89
Дата19.06.2023
өлшемі350,96 Kb.
#102180
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   89
Байланысты:
2022 Болтаева А.М. ОПНИ

Ғылыми зерттеулердің негізгі қадамдары:


  • Зерттеу бағдарламасын жасау;

  • Объектіні немесе бақылау бірлігін анықтау, яғни таңдау процесі;

  • Мәліметтерді жинау құралдарын анықтау, яғни зерттеу әдістемелерін таңдау;

  • Эмпирикалық мәліметтерді жинау;

  • Зерттеу мәліметтерін талдау және оны жалпылау (Здравомыслов А.Г. Методология и процедура социально-психологических исследований. М.:1969). Психологиялық зерттеулер көбіне қолданбалық мақсатта, яғни, қоғамдық қатынастар аймағында, еңбек ұжымдарындағы шиеленістік жағдайларды шешу

үшін жүргізіледі және тапсырыс беруші ұйым мен зерттеу орталықтары арасындағы қолданбалы тапсырыс түрінде бейнеленеді.
Сондықтан да, зерттеу процесін зерттеушілерге түсінікті болу үшін 2 кезеңге бөледі.

  1. кезең. Дайындық кезеңі - мұнда қолданбалы тапсырыстың табиғаты анықталады, нақты ғылыми-психологиялық зерттеудің мақсат-міндеттері, зерттеу жағдайлары мен уақыты, жұмыстың көлемі мен мазмұны, адами және қаржылық қорлардың есебі жүргізіледі. Бұл кезең зерттеуші-психологтан зерттеу жүргізу іскерлігі және оның нәтижелері үшін жауапкершілік пен жұмыс жасау мәдениеттілігін талап етеді.

  2. - кезең. Зерттеу жүргізудің негізгі кезеңі. Бұл кезең - зерттеу бағдарламасын жасаудан бастап, оны жүзеге асыру, мәселені анықтау мен зерттеу және алынған мәліметтер бойынша қорытынды жазу мен ұсыныстар беруге дейінгі барлық шараларды қамтиды.

Ғылыми зерттеулер бағдарламасы - бұл объектіні зерттеудің әдіснамалық, әдістемелік-процедуралық негізі бейнеленетін ғылыми құжат. Ғылыми- психологиялық зерттеу бағдарламасын жасау барысында мына мәселелер шешіледі: объект таңдау, әдістемелерді іріктеу, мәліметтерді талдау және өңдеу, эмпирикалық информацияның сенімділік мәселесі, мәліметтерді ғылыми интерпретациялық мәселесі.
Осы мәселелер жан-жақты қамтылған психологиялық бағдарламасы ғана болашақта жақсы нәтиже беруі мүмкін. Осыған орай, ғылыми-психологиялық зерттеу бағдарламасы 3 қызмет атқарады.

  1. Әдіснамалық қызмет - бұл бағдарламаның ғылыми мәселені анықтау, психологиялық мақсаты мен міндетін қалыптастыру, зерттелетін объект туралы бастапқы түсініктерді тіркеу, осы зерттеудің бұрын жүргізілген немесе ұқсас жағдайларда жүргізілетін зерттеулермен қарым –қатынасын анықтау мүмкіндігін беруіне байланысты жүзеге асатын қызмет.

  2. Әдістемелік қызмет - бағдарламалық зерттеудің жалпы логикалық жоспарын жасау, зерттеу циклін «теория –факт-теория» жасау мүмкіндігімен байланысты қызмет. Бұл қызмет әдістері пайдалану, ақпараттар жинау, салыстырмалы талдаулар жасауды көрсетеді.

  3. Ұйымдастырушылық қызмет - зерттеу мен мүшелерінің арасындағы еңбек бөлінісі жүйесінің нақты жағдайларын белгілейді. Бұл өз кезегінде зерттеу барысын бақылау мен тіркеуді жеңілдетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет