кезең. Алынған мәліметтерді интерпретациялау.
Контент-анализ әдісінің түпкі мақсаты - текстен тыс шындыққа жету, яғни құжаттегі текст негіздерінде оны талдау нәтижесінде, біз нақты адамдар мен құбылыстар жалпы қорытынды жасаймыз.
4. Эксперимент әдісі
Эксперимент термині латынның
«experimentum» (үлгі, тәжірибе) сөзінен шығып, ғылыми қалыптасқан тәжірибе ретінде түсіндіріледі. Арнайы жағдайда құбылыстарды зерттеу, бақылау, және оны қайталау кезінде де тура сондай нәтиже алуға бағытталған зерттеу әдісі. Бұл зерттелетін объекті әрекеті көрсеткіштерінің тапсырылатын және бақыланатын әсерлер нәтижесінде өзгеруі туралы ақпарат алу әдісі.
Психологиялық эксперимент – зерттелушілердің психикалық ерекшеліктерін зерттеуге бағытталып, экспериментатормен ұйымдастырылатын зерттелуші мен экспериментатордың ортақ іс-әрекеті. Ортақ іс-әрекетте ұйымдастырушы және бағыттаушы процесс қарым-қатынас болып табылады
18.
Эксперимент-әдісінің эмпирикалық әдістерден негізгі ерекшеліктерінің бірі - экспериментатор белсенділігі, яғни қандай да бір эксперименттік әсерлердің енгізілуі. Сондықтан да эксперименттік әсерге дейінгі
тәуелсіз айнымалы, ал оның салдары немесе нәтижесі
тәуелді айнымалы деп аталады. Ал, эксперименттік салдардың өзгерісіне әсер ететін қосымша факторлар
қосымша айнымалылар деп аталады.
18 Кэмпбелл Д. Модели экспериментов в социальной психологии и прикладных исследованиях. М.: Прогресс, 1980. 392 с.