Болтаева ә. М



бет44/89
Дата19.06.2023
өлшемі350,96 Kb.
#102180
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   89
Байланысты:
2022 Болтаева А.М. ОПНИ

Эксперимент валидтілігі - ол біз дәл қажетті қасиетті зерттеп, өлшеп жатқанымызды дәлелдеуге бағытталған эксперимент қасиеті. Валидтілік ішкі және сыртқы валидтілік болып екіге бөлінеді.
Ішкі валидтілік – бұл зерттеп жатқан өзгерістердің себебі эксперименттік әсер екендігіне кепілдік беретін эксперименттің қасиеті болып табылады. Ішкі валидтілікке көз жеткізбей бірде бір экспериментке (талдау) жасалынбайды.
Сыртқы валидтілік – бұл алынған қорытындыны жалпылап, оларды басқа эксперименттік жағдайларға тарата алуға кепілдік беретін эксперимент қасиеті. Яғни сыртқы валидтілік арқылы эксперимент нәтижесін кандай таңдау тобына, ситуацияға таратуға болатындығы және қандай тәуелсіз айнымалылар мен параметрлер жалпыланатындылығы анықталады.
Экперимент жүргізу үшін бұл 2 критерийде маңызды. Бірақта ішкі валидтілік жоғарылаған жағдайда сыртқы валидьтілік төмендейді немесе керісінше жүреді.
Қосымша айнымалылар эксперименттік жоспарлар арқылы шектелмеген, бақыланбаған жағдайларда, ол эксперимент әсерімен араласып жалған эффект береді. Әдетте осы жалған эффектіні тудыратын мынадай факторлар кездеседі. Олар ішкі және сыртқы валидтілікті төмендетуші факторлар деп аталады19.

Ішкі валидтілікті төмендетуші факторлардың қатарында:


  • Фон факторы (“hіstory”) –тарихи даму. Бұл зерттелуші тұлғасына бірінші және екінші зерттеу арасында болатын нақты оқиғалардың әсері.

  • Табиғи даму факторы. Зерттелушінің уақыт өту нәтижелерінде дамуы, есеюі.

  • Тест эффектісі. 2 рет өткізілетін зерттеу нәтижесінде алдыңғы зерттеулердің әсер етуі.

  • Инструментальды қателік, өлшеу инструменттерінің өзгеруі. Бұл зерттелушінің зерттеу құралдарына қатысты сезімталдығымен анықталады.

  • Статистикалық регрессия. Зерттелуші топтар шеткі көрсеткіштер мен бағалаулар негізінде іріктелініп алынған жағдайларда көрінеді.



19 Готтсданкер Р. Основы психологического эксперимента: Учеб. пособие. Пер. с англ. М.: МГУ, 1982, 464 с.

  • Сыналушылардың құрамы жағынан эквивалентті болмау факторы. Бұл зерттеу тобы мен бақылау тобындағы зерттелушілер санының пара-пар болмауымен, нәтижесінде құбылыстың кездесу жиілігінің сандық немесе пайыздық теңсіздігімен сипатталады.

  • Эксперимент барысында зерттелушінің шығып қалуы. Бұл зерттеу барысында қандай да бір себептермен топтан бір немесе бірнеше адамдардың шығуымен сипатталады..

  • Факторлардың өзара әрекеттесуі. Жоғарыдағы факторлардың бірігуінің әсерінен жаңа факторлардың тууы.

Бұл 8 фактор ішкі валидтілікті төмендететін факторлар (қосымша айнымалылар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет