Болтаева ә. М



бет37/89
Дата19.06.2023
өлшемі350,96 Kb.
#102180
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   89
Байланысты:
2022 Болтаева А.М. ОПНИ

Пайдалану аймағы: адамдардың сана-сезімі сферасын зерттеудің басты әдістерінің бірі. Әлеуметтік құбылыстар мен оқиғаларды зерттеуде қолданылады.
Негізгі нормативтік талаптар: зерттеудің айқын мақсаты, сұрақтардың зерттеу міндеттерінің адекваттылығы. Респондентке түсініктілігі, сауалнама бағдарламасында әлеуметтік-психологиялық қарым –қатынас қағидаларін сақтау, респонденттердің ерекшелігі мен компонеттілігі, сауалнама нәтижелеріне респонденттердің қызығушылығын ояту мәліметтерді тіркеу дәлдігі, сауалнама жүргізу жағдайларын стандарттау.
Пайдаланудағы шектеулер: алынған мәліметтер респонденттердің субъективті пікірі болғандықтан, оны басқа да объективті зерттеу мәліметтерімен сәйкестендіру.
Объекті - әлеуметтік қауым, топ, ұжым, индивид.
Пәні - респонденттердің көзқарастарынан көрінетін және олардың өміріндегі фактілер мен уақиғаларын, құндылық бағдарларын, мотивтері, әлеуметтік жүріс-тұрысынан сипатталатын субъективті бағалаушылық ақпарат. Анкета - зерттеу міндетінің пәндік мазмұнына қатысты мәліметтердегі респонденттік пікірін білу мақсаттарда жасалған ауызша немесе жазбаша
қатынас болып табылады.


Сауалнаманың негізгі этаптары


Дайындық этапы - зерттеудің мақсатын, пәнін, объектілерден анықтаудан басталып, сауалнаманы жүргізу жағдайларын реттеуге дейінгі аралықты қамтиды.
Мәліметтерді жасаудың оперативті кезеңі зерттеуді өткізу орнымен танысудан басталып, респондентпен кездесу, сұрау, әңгімелесу, бақылау, негізгі мәліметтерді жинауға дейінгі аралықты қамтиды..
Мәліметтерді талдау және өңдеу кезеңі.

Сұрақтардың типтері


а) Респонденттің ситуацияға қатысуын көрсететін сұрақтар. (Мысалы: сіз жүгіру, жүзумен айналысасыз ба?)
б) Респонденттің ситуацияға қатысу мотивіне байланысты сұрақтар. (Сізді жүгіру, жүзумен айналыстыруға не себеп болды?)
в) Респонденттің ситуацияға қатысудан қанағаттану деңгейін анықтауға берілген сұрақтар. (Сіз жүгіру, жүзумен айналысқанығыңызға қанағаттанасыз ба?)
г) Респонденттің ситуацияға болашаққа қатысу жоспарын анықтайтын сұрақтар. (Сізді жүгіру, жүзумен айналысқаныңызды жалғастыра бересіз бе)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет