Болтаева ә. М


Джонкирдің S-тенденциялар критерийі



бет57/89
Дата19.06.2023
өлшемі350,96 Kb.
#102180
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   89
Байланысты:
2022 Болтаева А.М. ОПНИ

Джонкирдің S-тенденциялар критерийі


Критерий тағайындалуы. S - критерийі 3-тен көп таңдауларды салыстыру кезіндегі бір таңдаудан екіншіге өту жағдайындағы белгілердің өзгеру тенденцияларын айқындау үшін пайдаланылады31.
Сипаттамасы: S - критерийінің есептелу тәсілі Q - критерийі барынша ұқсас болып келеді. Барлық таңдаулар зерттелетін белгілердің өсу реті бойынша орналастырылады. Мұнда төменгі мәндерге ие болған қатар сол жаққа, ал жоғарғы мәнге ие болған қатар оң жаққа орналастырылады.




31 Сидоренко Е. В. Методы математической обработки в психологии. -СПб: ООО «Речь», 2007.
– 350с.-61б
Осылайша барлық таңдаулар солдан оңға қарай зерттелінген белгілердің өсу реті бойынша орналасады.Таңдауларды реттеу әр топтағы орта мәнге немесе барлық мәндер жиынына сүйенеді.
Сондықтанда әр топтағы мәндер саны тең болу керек. Әрбір индивидуалды мән үшін оң жақтан бастап биіктігі бойынша басым түсетін мәндер саны есептелінеді. Егер белгінің өсу тенденциясы солдан оңға қарай маңызды болса, онда оң жақтағы мәндердің көп бөлігінің мәні жоғары болып қалады. S статистикасы осы басымдылықтың деңгейін бейнелейді.

Пайдаланудағы шектеулер:


  1. Әрбір салыстырылатын таңдаудағы бақылаулар саны бірдей болуы керек. Егер бақылаулар саны тең болмаған жағдайда таңдаулар көлемінің жасанды теңістірілуін жүзеге асыру қажет. Бұл үшін бақылаулар саны артық таңдау көлемінің мәліметтері берілген карточкаларының бет жағын төмен қаратып орналастырып, араластыра отырып, қажетті мәліметтерді кездейсоқ таңдау арқылы іріктеп қалғанын өңдеуден шеттету қажет.

  2. Салыстыратын таңдауларының төменгі шегі 3 таңдау және әрбір таңдауда 2 бақылаудан кем болмау, жоғары шегі 6-дан көп емес таңдау және әр таңдауда бақылау саны 10 –нан артық болмау керек.

Болжамдар:
H 0 белгілік мәндердің 1 таңдаудан 2 таңдауға өтудегі өсу тенденциясы кездейсоқ.
H 0 белгілік мәндердің 1 таңдаудан 2 таңдауға өтудегі өсу тенденциясы кездейсоқ емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет