Болтаева ә. М


Ғылыми зерттеулердің стратегиялық және эксперименттік жоспарлары



бет13/89
Дата19.06.2023
өлшемі350,96 Kb.
#102180
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   89

4. Ғылыми зерттеулердің стратегиялық және эксперименттік жоспарлары


Зерттеуде стратегиялық жоспардың 3 нұсқасын пайдалануға болады.
І. Іздеуші (разведывательный) жоспар-объекті туралы нақты, анық түсініктер болмаған кезде, яғни ғылыми болжамды қалыптастыру мүмкін болмаған кезде пайдаланылады. Бұл арада жоспардың мақсаты-мәселені нақтылау және болжам қалыптастыру. Бұл жоспар зерттеу үшін қажетті әдебиет аз болған аймақта қолданылады. Зерттеу бұл кезде ақпарат көздеріне шолу
«разведка» жасаудан байқалады. Бұл жоспар зерттеуді 3-кезеңде жүргізуді болжамдайды.

    1. Құжаттарды зерттеу. Құжаттармен жұмыс зерттейтін мәселе туралы отандық және шетелдік

әдебиеттердің библиографиясын ықтиятты құрудан басталады.

    1. Интервью жүргізу. Интервью осы мәселе аймағындағы эксперттерден (теоретик, практик мамандар) осы объекті туралы қосымша мәліметтер алу арқылы бірнеше жұмыс болжамын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.

    2. Бақылау - бұл жоспардың соңғы кезеңі. Іздеуші жоспар арқылы жұмыстың қорытындысы - зерттелетін мәселені нақты, анық айқындау.

ІІ. Аналитикалық сипаттау жоспары. Бұл зерттеуде мәліметтер объектіні анықтау және сипаттау болжамдарын қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын жағдайда пайдаланылады. Жоспардың мақсаты - сипаттау болжамын тексеру және расталған жағдайда зерттелетін объект туралы нақты сапалық-сандық сипаттама алу болып табылады. Мұндағы шешуші рольді эмпирикалық интерпретациялау қатаңдығы мен тіркелген мәліметтердің дәлдігі атқарады.


5 Сидоренко Е. В. Методы математической обработки в психологии. -СПб: ООО «Речь», 2007. – 350с
Бұл жоспар барысында эмпирикалық және монографиялық зерттеу, анкета, топтастыру, алынған мәліметтердің корреляциялық талдауы болып табылады. Бұл жоспардың нәтижесі- зерттелетін объект сипаттайтын мәліметтерді жіктеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет