Болтаева ә. М


Ғылыми зерттеулердегі теория және оның типтері



бет10/89
Дата19.06.2023
өлшемі350,96 Kb.
#102180
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   89

1. 2. Ғылыми зерттеулердегі теория және оның типтері


Теория (гректің theria-қарау, зерттеу)-ұғымдардың жүйесі шындықтағы дәлелдемелер туралы сенімді ғылыми білімнің формасы, қоғамдағы заңдылықтары мен өзара қарым-қатынастардың тұтас көрінісін береді. Теория танымдық қызметтің мен практиканың нәтижесі болып табылады, және нақтылық ой процестерінің бір көрінісі болып табылады.
Теория- бұл қандай да болмасын ақиқат жүйені түсініктер, заңдар, ұстанымдар арқылы жалпы түрде сипаттау. Кез–келген эксперименттің мақсаты– теориялық болжамды тексеру болып табылады. Қолданыстағы білім кейбір эксперименттік фактілерді түсіндіруде қанағаттандыра алмағанда жаңа теориялар туындайды.
Ғылыми теория жүйе ретінде заттылығымен, объективті шындыққа адекваттылығы, нақтылығы, шынайылығымен сипатталады. Ғылыми теория логикалық бола тұра, құбылыстардың фактілері мен ғылыми құрылымын түсіндіру керек. Теорияның негізгі міндеті – психологиялық құбылыстардың арнайы заңдылықтарын ашу.

Теорияның қызметтері:


  • Ақпараттық (кез –келген теория бізге қандай да бір ақпарат береді);

  • Түсіндіруші (құбылыс не оқиғаның себеп-саларын түсіндіреді);

  • Эвристикалық (теория жаңа білімдерді білу қажет);

  • Тәжірибелік

  • Болжамдаушы

Ғылыми теория төмендегідей құрылымға ие:


фактілер– дұрыстығы әлі дәлелденбеген объектілер мен құбылыстар туралы білім, яғни бастапқы эмпирикалық негіз;
дәрежелер– ең маңыздысын білдіретін жалпы және іргелі ұғымдар, ол шындық құбылыстарды жалпы сапасын бейнелейді;
аксиомалар (грек.ахіота)–сенімділік арқасында, логикалық дәлелсіз қабылданатын шынайы қағидалар;
постулаттар (лат.postulatum)– пайымдаулар, олардың дұрыстығы дәлелденбесе де, ғылыми теория оны шынайы деп қабылдайды;
қағидалар (лат.principium)–адамзаттың тәжірибесінің субъективті ұғымы бойынша пайда болған түрлі теориялардың жайы, оқулары, ғылымы мен дүниетанымы;
ұғымдар – қандай да белгілер бойынша заттарды ерекшелендіріп жалпылайтын ойлау формасы. Ол заттардың өзіндік қасиеттерін (жалпы, нақты, абстрактілі, абсолютті, салыстармалы, жеке т.б.) анықтайды;
пайымдаулар (пікір)– бірнеше ұғымдар арқылы қалыптасатын нақты құбылыс не объекті туралы ойлау формасы (бекітілген, жалпы, нақты, шартты, жалған, ақиқат т.с.с.). Мұнда ойдың қателікке, шынайылыққа және мазмұнына деген қатынасы бейнеленген;
ой қорытындысы– бірнеше пайымдаулардың негізінде қалыптасатын ойлау формасы, оның нәтижесінде жаңа пайымдау пайда болады;
заңдар– құбылыстар арасындағы қажетті және маңызды қарым-қатынас бірлігі. Ол жалпы байланысты бейнелей отырып, объективті сипатқа ие.
Осылайша, ғылыми теория – өз кезегінде тәжірибені қорытындылайды. Ол арқылы маңызды идеялар, көзқарастар мен логикалық қағидалар жүйесі қалыптасады және ұғымдары арасындағы байланыстар негізінде ойлау, табиғат, қоғам туралы табиғи заңдылықтары пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет