1- кезең зерттелетін тақырып немесе құбылыс туралы ақпарат жинау. Кез- келген ғылыми психологиялық зерттеу- осы тақырып бойынша жарық көрген әдебиеттер және басқа да ақпарат көздері статистикалық мәліметтер, өзге зерттеу қорытындылары, ғылыми есеп т.б. сипатталады. Бұл кезеңдегі ең басты ескеретін жайт - ақпарат жинаудың нақты жоспар арқылы жүзеге асуы.
4 Дружинин В.Н. Экспериментальная психология: Учебник для вузов:-СПб: Питер, 2003. – 230с
– кезең болжам қалыптастыру. Бұл кезеңде зерттеуші жинаған және сыни талқыланып, талданған ақпараттар негізінде болжам қалыптастырады.
– кезең болжамдарды топтастыру кезеңі. Мұнда зерттеуші қалыптасқан болжамдарды белгілі-бір жүйеге түсіріп, негізгі және қосымшаларын ажырата білуі қажет.
Болжамдардың жіктелуі түрлі белгілер арқылы жүзеге асады.
зерттелетін объектіге қатысты болжамдардың мазмұнына байланысты; сипаттаушы, түсіндіруші және прогноздық болжам болып жіктеледі.
Сипаттауболжамы-бұл объектілердің жіктелуі (маңызды қасиеттері бойынша), құрылымдылығы (зерттелетін объектінің жекелеген элементтері арасындағы байланысы), функционалдығы (өзараәрекеттестік байланыстарының тығыздығы) туралы болжамдаулар.
Түсіндіруші болжам-зерттелетін объекті мен құбылыстардың себеп-салдарлық тәуелділіктері туралы болжамдар. Бұл болжамдар эксперименттік тексеруді қажет етеді.
Прогноздықболжам- зерттелетін объектінің даму заңдылықтары мен тенденцияларын ашып көрсетуге бағытталған болжам.
өңделу және негізделу дәрежесіне байланысты: бастапқылықжәне екіншілікболжамболып табылады. Бастапқылық болжамы- эмпирикалық мәліметтер жиналғанға дейін қалыптасады. Егер бұл болжам жоққа шығарылса, орнына екіншілік болжамдар ұсынылады.
Сонымен қатар психология ғылымдарында теориялық, эмпирикалық, ғылыми және статистикалық болжамдарды бөліп шығарады.
Статистикалық болжам- математикалық статистика түрінде параметрлер арасында байланысты орнатады. Статистикалық болжамның бірнеше түрін ажыратуға болады.
Статистикалық болжамдар нолдік және альтернативті болып бөлінеді.
Нөлдікболжам(Н0)- бұл өлшеніп отырған екі құбылыстың, параметрлердің арасында өзарабайланыстың немесе айырмашылықтың жоқтығы туралы болжам. Алтьтернативтіболжам(Н1)- салыстырылып отырған екі белгінің арасында өзарабайланыстың немесе жеткілікті айырмашылықтың бар болуы туралы болжам. Бұл болжамды кейде эксперименттік жұмыс болжамы деп аталады.
Альтернативті және нольдік болжамдар бағытталғанне бағытталмағанболуы мүмкін.
Мәселен, Егер біз «А» тобында қандайда бір эксперимент нәтижесінде «Б» тобына қарағанда көп өзгеріс болғанын дәлелдегіміз келсе, онда бағытталғанболжамқұрамыз. Мәселен,
Н0 бойынша: Х1 белгісі, Х2 белгісінен артық емес. Н1 бойынша: Х1 белгісі Х2 белгісінен артық.
Ал егер біз «А» және «Б» тобындағы белгінің таралу формасының бір-бірінен бөлек екенін дәлелдегіміз келсе, онда бағытталмағанболжамқалыптастырамыз.
Н0 бойынша: Х1 және Х2 белгілерінің арасында мәнді айырма жоқ.
Н1 бойынша: Х1 және Х2 белгілерінің арасында мәнді айырма бар. Бұл болжамдарды тексеру айырмаларды статистикалық бағалау критерийлері көмегімен жүзеге асады5.
Болжамдарды тексеру әдістерінің басты қағидасы-нөлдік болжамды шеттету арқылы альтернативті,яғни жұмыс болжамын қабылдау, растау.