Болтаева ә. М



бет46/89
Дата19.06.2023
өлшемі350,96 Kb.
#102180
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   89
Байланысты:
2022 Болтаева А.М. ОПНИ

Сыналушы іс-әрекеті. Психологиялық эксперимент бұл сыналушының (сыналушылардың) экспериментатормен тікелей не жанама кездесуі болып табылады. Сондықтан да бірқатар зерттеушілер экспериментті "сыналушы позициясынан" экспериментатор тарапынан ұйымдастырылған түрлі мінез- құлықтық тапсырмаларды орындаудағы сыналушының іс-әрекеті ретінде анықтауға бейім болып келеді. Себебі, сыналушы тұрғысынан эксперимент - өзінің белгілі бір жеке мәселелерін шешу үшін, экспериментатормен өткізетін оның жеке өмірінің бір бөлігі (уақытының, іс-әрекеттерінің, күшінің және т.б.).
Сыналушы оқуда, ойында, еңбек іс-әрекетінде, қарым-қатынаста эмоционалды немесе шығармашылық тұрғысынан белсенді болуы мүмкін. Оның белсенділігін экспериментатор өзінің зерттеу мақсат-міндеттеріне орай зерттеу тапсырмаларын шешу үшін стихиялы немесе саналы түрде көрсетуі қажет. Бұл тапсырмалар өз кезегінде эксперименттің мақсатына, сыналушылар тобының ерекшелігіне (жас, жыныс, денсаулық және т.б.) байланысты шығармашылық, еңбек, ойын, оқу т.б. сипатта болуы мүмкін.
Сыналушы мен экспериментатордың қарым-қатынасы - олардың бірлескен іс- әрекетінің ұйымдастыруының және мұнда сыналушы іс-әрекетінің реттелуі міндетті шарт болып табылады.
Экспериментті сыналушының іс-әрекеті ретінде қарастыра отырып, Г. Е. Журавлев [Журавлев Г. Е. , 1977] оны сипаттаудың бірнеше жоспарын көрсетеді:

    1. Физикалық: экспериментке қатысатын адамдар; сыналушы тудыратын немесе манипуляциялайтын объекттер; сыналушы сол үшін орналастыратын құралдар; эксперимент жүретін жағдайлар. Аналогиялық компоненттер экспериментатордың іс-әрекетінде де көрінеді.

    2. Функционалды: сыналушыға жазылған іс-әрекеттер тәсілдері; сыналушының білікілігінің қажетті деңгейі; сыналушының іс-әрекетінің бағалау критерийлері; сыналушы іс-әрекеті мен эксперимент жүргізілуінің уақыттық сипаттамалары.

    3. Белгі-символдық (сыналушыға нұсқау): сипатталуы 1) сыналушы іс-әрекеті мен зерттеу мақсаттары; 2) іс-әрекет тәсілдері мен ережелері; 3) экспериментатормен қарым-қатынас; 4) мотивациялық бағдар, төлемақы және т.б. танысу.

Адамдардың қатысуымен жүргізілетін психологиялық эксперименттің басқа табиғи-ғылым зерттеулерінен маңызды айырмашылығы - нұсқаудың болуы. Сыналушы нұсқау бойынша барлық талаптарды дұрыс орындауға міндетті болғандықтан сыналушының экспериментатормен қарым-қатынасы әрқашан бірге жүреді.
Нұсқауды алған сыналушы тапсырмаларды түсініп және қабылдау керек. Қалай түсінгенін бақылау үшін, сыналушыларға сұрақтар қою ғана емес, сонымен қатар экспериментке қысқаша алдын-ала үйрету серияларын қосады. Ал бақылау серияларында операцияларды сәтті орындау - нұсқауды түсінудің негізгі өлшемі ретінде қызмет етеді.
Эксперименталды серия аяқталған соң тапсырманы орындаудағы қиындықтар мен нұсқау талаптарынан дұрыс түсіну деңгейін анықтау үшін интервью жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет