Регрессиялықталдау – (латынша regressіo –артқа шегіну) айнымалының орталық мәнінің өздерінің бір немесе төл факторлардан тәуелділігін зерттейтін статистикалық талдау аймағы.
Корреляциялық талдау– (латынша Correlatіo–арақатынас, байланыс, тәуелділік) корреляциялық қатынастармен байланысты айнымалылар арасындағы өзара тәуелділікті зерттеудің статистикалық әдістерінің жиыны.
Латенттікталдау– (латынша Latentіs–жасырын, көрінбейтін) жасырын айнымалыларды (белгілерді) және олардың арасындағы ішкі құрылымдық байланыстарын айқындаудың аналитикалық–статистикалық процедураларының жиынтығы.
Факторлық талдау– жасырын белгілер мен олардың пайда болу себептері және өзара байланыстарының ішкі заңдылықтарын айқындауға мүмкіндік беретін аналитикалық әдістер жиыны.
Корреляция– реалды бақыланған мәлімет, мысалы тәуелсіз өзгергіштіктің бөлігі бір мәнімен өзара байланысы жатады.
Корреляциялық зерттеу – адамдардың индивидуалды айырмашылықтары мен олардың мінез–құлқын сипаттайтын екі өзгергіштіктің ара – қатынасын зерттеу.
Рангіліккорреляция– айнымалылар мәнінің өсу реті бойынша реттелінген өзарабайланыстарын бейнелейтін корреляциялық талдау әдісі.
Корреляциялықкоэффицент–екі кездейсоқ шамалардың арасындағы бағыттылық пен дәреженің статистикалық көрсеткішінің өзара байланысы.
Интеллекткоэффициенті(ІntellіgenceQuotіen,ІQ) - интеллект тестерінің көмегімен өлшенетін тұлғаның интеллектуалды даму деңгейінің көрсеткіші «ІQ»- терминін 1912 жылы В.Штерн енгізген.
Бөлузаңы–варианталар мәні мен оларға сәйкес ықтималдықтар арасында байланыс орнататын математикалық арақатынас.
Қалыпты үлестірім заңдылығы – таңдау тобындағы шеткі мәндерге қарағанда арифметикалық ортаға жақын мәліметтердің жиі кездесуі. Ол графикалық тұрғыда қоңырау пішінді болады. Бұл үлестірім қисығы үш ғалымның: Де-Муавр (Англия,1733ж); Гаусс (Германия, 1809ж); Лаплас (Франция, 1812ж) заңдылықтарымен анықталынған.