Болтаева ә. М



бет76/89
Дата19.06.2023
өлшемі350,96 Kb.
#102180
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   89
Байланысты:
2022 Болтаева А.М. ОПНИ

Регрессиялық талдау – (латынша regressіo –артқа шегіну) айнымалының орталық мәнінің өздерінің бір немесе төл факторлардан тәуелділігін зерттейтін статистикалық талдау аймағы.
Корреляциялық талдау – (латынша Correlatіo–арақатынас, байланыс, тәуелділік) корреляциялық қатынастармен байланысты айнымалылар арасындағы өзара тәуелділікті зерттеудің статистикалық әдістерінің жиыны.
Латенттік талдау – (латынша Latentіs–жасырын, көрінбейтін) жасырын айнымалыларды (белгілерді) және олардың арасындағы ішкі құрылымдық байланыстарын айқындаудың аналитикалық–статистикалық процедураларының жиынтығы.
Факторлық талдау – жасырын белгілер мен олардың пайда болу себептері және өзара байланыстарының ішкі заңдылықтарын айқындауға мүмкіндік беретін аналитикалық әдістер жиыны.
Корреляция – реалды бақыланған мәлімет, мысалы тәуелсіз өзгергіштіктің бөлігі бір мәнімен өзара байланысы жатады.
Корреляциялық зерттеу адамдардың индивидуалды айырмашылықтары мен олардың мінез–құлқын сипаттайтын екі өзгергіштіктің ара – қатынасын зерттеу.
Рангілік корреляция – айнымалылар мәнінің өсу реті бойынша реттелінген өзарабайланыстарын бейнелейтін корреляциялық талдау әдісі.
Корреляциялық коэффицент–екі кездейсоқ шамалардың арасындағы бағыттылық пен дәреженің статистикалық көрсеткішінің өзара байланысы.
Интеллект коэффициенті (Іntellіgence Quotіen, ІQ) - интеллект тестерінің көмегімен өлшенетін тұлғаның интеллектуалды даму деңгейінің көрсеткіші «ІQ»- терминін 1912 жылы В.Штерн енгізген.
Бөлу заңы варианталар мәні мен оларға сәйкес ықтималдықтар арасында байланыс орнататын математикалық арақатынас.
Қалыпты үлестірім заңдылығы – таңдау тобындағы шеткі мәндерге қарағанда арифметикалық ортаға жақын мәліметтердің жиі кездесуі. Ол графикалық тұрғыда қоңырау пішінді болады. Бұл үлестірім қисығы үш ғалымның: Де-Муавр (Англия,1733ж); Гаусс (Германия, 1809ж); Лаплас (Франция, 1812ж) заңдылықтарымен анықталынған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет