БоөЖ Қазақтардың 1858 жылғы Қоқан үстемдігіне қарсы көтерілісі. Жетісудағы 1860 жылғы әскери іс- кимылдар. Орындаған


Оңтүстік Қазақстан халқының Қоқан хандығы үстемдігіне қарсы күресі



бет4/5
Дата17.03.2023
өлшемі92,71 Kb.
#75050
1   2   3   4   5
Оңтүстік Қазақстан халқының Қоқан хандығы үстемдігіне қарсы күресі

ХVІІІ ғ. аяғы мен ХІХ ғ. басында Қазақстанның оңтүстігіндегі саяси жағдай күрделі болды. Мұнда Орта Азиялық үш мемлекет - Хиуа, Бұқара және Қоқанның мүдделері қақтығысқа түсті. ХІХ ғ. басына қарай күшейген Қоқан хандығы, енді Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуды көздейді. Оның негізгі себебі: өзінің қазынасын толықтыру, мал шаруашылағын дамыту, сонымен қатар, Ресей мен Қытайды байланыстыратын Орта Азиядағы керуен жолдарына бақылау орнату және мұсылман халықтары тұратын территорияны иелену еді.


1810 жылы Оңтүстік Қазақстанды жаулап алған уақыттан бастап 1865 жылы Ресей империясының қол астына өткенге дейін қоқандықтар Ұлы жүз территориясында әкімшілік қадағалау жүргізіп Ақмешіт, Жаңа-Қорған, Күміс-Қорған, Шым-Қорған, Шолақ, Созақ және т.б. бекіністерді салды. Бұл кезеңде Хиуа мен Бұхара Қоқанға қарағанда әлсіздеу болды да онымен тайталасқа түсе алмады.
Қоқан хандығының қол астына Ұлы жүздің көп рулары: Бестамғалы (35 мың үй), Сыйқым (5 мың үй), Шымыр (9 мың үй), Жаныс (7 мың үй) қарады. Жоғарғы әкімшілік билік Ташкент әкімінде (наместник) болды. Бұқара халықтың негізгі бөлігі “зекет” салығын (шариғат бойынша мүліктің 1/4 бөлігі) төлеп тұрды. Қоқан бекіністерінің төңірегінде тұратын қазақтар бекіністердің жөндеу және кеңейту жұмыстарына тартылып, әскерді азық-түлікпен қамтамасыз етуге тиіс болды. онымен қатар қазақтар әскери міндеткерліктер атқарып, қарсылық көрсеткендерді тыныштандыру жорықтарына да қатыстырылып отырды.
Қоқандықтардың қазақтарға түрлі салықтар салуы қарапайым адамдарға үлкен ауыртпалық түсіріп, ішкі әлеуметтік қайшылықтарды тереңдетіп, халық ішінде кедейлердің көбеюіне әкеліп соқты. Қоқандықтар билік жүргізген тұстағы ауыр жағдайлар елдің есінде қатты сақталып қалды. Ол туралы Ш.Уәлиханов: «Қазақтардың арасында «әзірейіл барда жаным бар деме, қоқандықтар барда малым бар деме» деген мәтел пайда болды», – деп көрсетеді. Өз дегендерін жүзеге асыру үшін қоқандықтар алғашқы жорықтарында-ақ қазақтардың күніне жиырма шақтысының басы мен қол-аяқтарын кесіп, олардың жан шошытарлық өлі денелерін ат-есектерге өңгеріп, ауыл-ауылдарға жіберді. Дала қазақтары мұндай қанішерліктен еш шошымады. Керісінше, Қоқан билігіне қарсы наразылықтар көрсетіп отырды. Мәселен, 1810 жылы Ташкент өңірінде тұратын қазақтар салық төлеуден бас тартты. Қоқан ханы Әлім қарсылық көрсеткендерді тыныштандыруға және Сайрам, Ташкент, Түркістанды бағындыру үшін 12 мың әскер жіберді. Қоқандықтардың қолына түскен төңкеріске қатысты қазақтар тонаушылыққа ұшырады. Қоқандықтар Түркістанды басып алуы кезінде оның билеушісі Тоқай төре Бұхараға қашуға мәжбүр болды. Бұхараның әмірі Тоқай төреге Бұхарадағы соғысқа жарайтын қазақтардан жасақ жинап алуға рұқсат берді. Жасақ жинап жарақтанған Тоқай төре алдымен Созаққа бекініп, одан кейін Түркістанды қоршауға алды. Оған қарсы қоқандықтар Ташкенттен 300 жауынгермен Базар бахадүрді аттандырды. Олар жолда Тоқай төреге көмек көрсеткен 1000 отбасынан тұратын қазақ ауылына шабуыл жасап, ауылды тонап, көп пайда түсіріп, адамдарын тұтқындап алып кетті. Түнде Тоқай төре Созақты тастап қашуға мәжбүр болды. Одан кейін қазақтардың қарсылығы біраз уақыт басылды. Тоқай төре уақытша Бұхараны паналады, ал кейін ол Бұхара әмірінің балалары билікке таласқан тұста өлтірілді.
1821 жылы Тентек төренің бастауымен қазақтардың Қоқан үстемдігіне қарсы көтерілісі болды. Көтерілісшілердің саны 12000-ға дейін жетті. Алайда Тентек төре жеңілісті мойындап, қоқандықтарға баж немесе жол салығын, зекет төлеуге және Қоқанға баласын сыйлықтармен жіберуге келісім берді. Ұлы жүз қазақтарының 1810-1820 жылдардағы қоқандықтарға қарсы күресте жеңілуінің негізгі себептері: қоқандықтардың әскери басымдығы, көтерілісшілердің арасында ауызбірліктің болмауы, Бұхара әмірінің көмегіне арқа сүйеген көтеріліс жетекшілерінің беделінің төмен болуында. Дегенмен Ұлы жүз қазақтары өз еркіндігі мен тәуелсіздігі жолында Қоқан үстемдігіне қарсы ұлт-азаттық күресін тоқтатқан жоқ. Бұл көтерілістен басқа 1842 жылы Әулиеатада шымыр Байзақ датқа бас болған ауқымы жағынан өте үлкен көтеріліс, 1845 жылы Кенесарының Қоқанға қараған қазақтарды азат ету жолындағы күресі барысындағы көтерілістер орын алады. Бұл көтерілістер нәтижесінде Қоқанның бірқатар бекіністерін алып, ол бекіністердің маңайындағы ел-жұртқа еркіндік береді. 1857 жылы Әулиеата аймағының Байзақ датқа бастаған қазақтары Қоқан езгісіне қарсы тағы да көтеріліске шығады. Ол Ташкентке сол жылдары құшбегілік еткен Мырзахмет сарттың жергілікті жұрттан алынатын салық мөлшерін төрт есеге көтеруіне және қазақтың қыз-келіншектеріне қырғидай тиюіне байланысты өрбіген еді. Әулиеата жерінде басталған күрес 1858 жылы Ордабасыда Мұсабек батырдың Мырзахметтің інісі паруанашы Мырза бидің басын алған оқиғасымен жалғасып, әр жердегі би-батырлар өздеріне жақын маңдағы кенттерге, бекіністерге шабуыл жасайды. Ташкент қақпаларының қожасы Қошық датқа мен Рүстембек би шаһардағы бүкіл қоқандықтарды дірілдеткен көтеріліске басшылық етеді. Қазығұрт етегіндегі ауылдардың билері Дауыл мен Сабетке ерген топ Шарапхана, Тұрбат бекеттеріндегі жау жасақтарын қырып салады. Шаян бойындағы сіргелілер Иханды талқандайды. Арыс, Сыр жағасының қоңыраттары Шардарадағы бекіністі тас-талқан етеді. Жаңақорғандағы қожалар қамал бастығын суға тұншықтырып, ләшкерлерін шешіндіріп, тырдай жалаңаш күйінде далаға айдап жібереді.
Бұдан кейінгі 1860 жылдары Оңтүстік Қазақстанға Ресей жаулаушыларының жорықтары басталуына орай қоқандықтар жергілікті халықпен тіл табысуға тырысқандары да белгілі. Дегенмен Байзақ датқа, Ниязәлі пансат, Темір датқа, Исламқұл датқалар Қоқан хандығынан береке кете бастағанын көріп, өз халқының Қоқан езгісінен құтылатын кезі туғанын сезеді. Осы пиғылдары үшін жапа шегіп, азаттық күрес жолында қаза табады. Әкесінің өлімін көзімен көрген Ақмолла Байзақұлы он мың қолмен Ресей әскеріне қосылып, Қоқан хандығының құлауын тездетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет