Қортынды
Қорыта айтқанда, мемлекеттiк нышаны қарабайыр, ал үкiметтiк жүйесi қатаң да орнықты болмаған, барлық саясаты зұлымдық пиғылға ұласқан Қоқан хандығы қазақтарға өзiнiң 55 жылдық басқыншылық кезеңiнде көп зардап шектiрдi. Орта ғасырға тән зұлымдық әрекеттi көп ұстанған ол хандық қазақтың демографиялық, әлеуметтiк мәселелерiне көп зиян келтiрдi. Не десек те, Орта Азияның кейінгі тарихында орны бар Қоқан хандығына билік еткен 29 билеушінің тарихта аты қалғандары санаулы-ақ. Бірақ, бәрібір, олардың аттары соңғы ұрпаққа ізгі істерімен, дана саясатымен емес, қанішерлігімен, қатыгездігімен, даңққұмарлығымен, тойымсыз дүниеқоңыздылығымен қалды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
https://turkystan.kz/article/64430-o-an-handy-y-turaly-bir-ajyrym/
“Тараз энциклопедиясы”
https://alashainasy.kz/kazak_tarihy/ontustk-kazakstan-halkyinyin-kokan-handyigyi-ustemdgne-73440/
Наливкин В.П. Краткая история Кокандского хандства, Казань, 1886.
https://kk.wikipedia.org/wiki/Қоқан_хандығы
Almaty, 2022
Достарыңызбен бөлісу: |