БоөЖ Қазақтардың 1858 жылғы Қоқан үстемдігіне қарсы көтерілісі. Жетісудағы 1860 жылғы әскери іс- кимылдар. Орындаған



бет3/5
Дата17.03.2023
өлшемі92,71 Kb.
#75050
1   2   3   4   5
Билік құрылымы

Қоқан билеушілерінің түп-тамыры Шыңғыс ханнан, болмаса Ақсақ Темірден тарамаған. Соған қарамастан, олар Шыңғыс пен Темір ұрпақтарының билік жүйесіне еліктеп, оның негізін қалаған Шахрухтан бастап соңғы ханы Құдиярға дейін атадан немесе әкеден балаға ауысқан билік сатысын ұстанды.


Қоқанда қалыптасқан берік мемлекеттік құрылым болмаса да, өздеріне тән билік жүйесі бар-ды. Барлық билік бектің (кейін ханның) қолында болды. Оның жарлықтары мен пәрмендері бұлжымас заң түрінде қабылданды. Бектікте екінші адам болып бас уәзір саналды. Бектік кезінде әр билеуші төрт жыл сайын бас уәзірді алмастырып отырды. Бек сарайында бас уәзірден бөлек әрқайсысы белгілі бір салалық – әскер, дін, елшілік, қазынашылық, шаһарлармен қатынас, ішкі тәртіп жұмыстарына басшылық жасайтын алты уәзір қызмет атқарды. Әскербасы, яғни бас қолбасшы – әмір-ләшкер, жаяу әскер мен зеңбірекшілердің басшысы – найып, атты әскерді басқарушы – ынақ, хан әкімшілігінің жұмыстарын реттеуші – есік аға, бек пен уәзірлердің кеңесшісі – аталық, ханның жеке күзетшілерінің бастығы – кешіктенбашы, сарай шаруашылығының басшысы – дәстүрханшы атанды. Осылардың барлығы бек (хан) кеңесіне кірді.
Әлім ханның ісін жалғастырып, Қазақстанның қазіргі шартты түрде оңтүстік аймағы деп аталатын өңірлеріне билігін толық орнатқан Омар хан 1814 жылы бектік кезіндегі билік жүйесіне біраз өзгерістер енгізіп, бас уәзір мен екінші сатыдағы уәзірлер деп аталатын лауазымды жояды. Оларға сарай даруғалары деген шен береді. Бірақ атқаратын жұмыс түрлері өзгертілмейді. Үлкен қалалардың билеушілерін де –даруға, майда шаһарлардың қожаларын – хәкім деп атау туралы жарлық шығарады. Ташкентке хандықтың маңызы жағынан екінші қаласы деген мәртебе беріп, оның билеушісін құшбегі (қосбек, яғни екінші бек деген мағынада) деп атайды. Ханның өзі алыстағы Қоқанда отырған соң хандық құзырына жаңа өткен қазақ даласындағы әлеуметтік һәм саяси жағдайды үнемі бақылап тұруды және ол жерлердегі шаһар даруғалары мен хәкімдерін, сонымен бірге далалық датқаларды да өз бетінше тағайындауды Ташкент құшбегісіне жүктейді.
Датқа атауының мағынасына келсек, ол – көне соғдылықтардың тілінде – дутхоу, яғни кіші аймақтың хәкімі деген лауазымды білдірген. Кейін өзбек тілінде де шендік дәрежені білдіріп, дотхо түрінде енген. 18 ғасырдағы Қоқан бектері бұл шенді өз құзырындағы белгілі бір адамдарға беріп келсе, Омар хан 1814 жылдан бастап қазақтар арасындағы беделді кісілерді де датқа тағайындауға әмір еткен. Датқалардың міндеті – хандық мүддесі үшін қызмет етуден тұрған. Хан мен құшбегінің, шаһар басшыларының жарлық-пәрмендерін ел арасында орындату, жұрттан хандыққа жиналатын алым-салықты уақытында жинау, хандық қалаған мезгілде құзырындағы ауылдардан әскер топтастырып беру сияқты қызметтер олардың басты міндеттеріне кірген. Уақытысында ел арасында қазақ мүддесі үшін өздеріне шен-шекпен берген қоқандықтарға қарсы қол бастап, соғыс салған датқалар да көп болған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет