БоөЖ Қазақтардың 1858 жылғы Қоқан үстемдігіне қарсы көтерілісі. Жетісудағы 1860 жылғы әскери іс- кимылдар. Орындаған



бет2/5
Дата17.03.2023
өлшемі92,71 Kb.
#75050
1   2   3   4   5
Байланысты:
қт7

Қоқан хандығының құрылуы

Қазақта көне тайпалар аттарын жеке-жеке кісілер есімдеріне айналдырған, одан соң өте тар ұғымда айтылғанымен, астарында орасан мән-мағына жатқан жүздік, рулық құрылымдарды ауызша қалыптастырған шежіре бар. Сол шежіреде Ұлы жүз Ақарыстың үшінші ұрпағы Төбе бидің төрт баласының бірі Меркіден – Мыңжүз, Қьрықпанжүз деген рулары тарайды деп көрсетілген. Ары қарай олардан ұрпақ таратпайды да, екеуінің жұрты қашғарлық ұйғырлар мен өзбектерге сіңіп кеткен деп келте қайырады. Расында, түбі түркі тектес халықтар қатарына жатып, арғы тегі қазақтармен тамырлас болған мыңжүз бен қырықпанжүз XV ғасырдың аяғында Жетісу мен Қашғар өңіріндегі Моғолстан хандығы ыдыраған кезде ассим- илияциялық жолмен бір жағы — ұйғыр, бір жағы – өзбек эт- ностарына сіңісіп кеткен. Бұл екеуі өзбек пен ұйғырдың басқа тайпаларымен араласып, ХV-ХVІП ғасырлар аралығында Ферғана жазығы мен Қашғар арасын жайлаған. Уақыт өте келе, өзбек арасындағы мыңжүздер (мингілер) санының көптігімен және билікке кұмарлығымен үстем тайпаға айналған.


Байырғы өзбек-тәжік жазбагерлері мыңжүзді — «Минка юз», (кейінгі тарихшылардың жазуынша – минг, менгі) қырықпанжүзді — «Қарақпин юз» деп жазған. Олардың жазуы бойынша, кейін үлкен хандыққа айналған, бастапқыда бектік (ұлыс мағынасында) аталған Қоқанды алғаш құрған Ерезеноғлы Шахрух бек осы мыңжүз (минка юз) тайпасының Тобағыш тармағынан шыққан. Қазіргі ғылыми айналымдағы осы бір мәлімет – нақты тарихи дерек боп есептеледі.
Шахрухтың кезінде бұл өлке Бұқар хандығына бағынышты еді, әрі мұндағы қышлақ-кенттерге Сейіт әулетінен тараған қожалар үстемдік құратын. ХҮІІІ ғасырдың басында Бұқар билеушісі Убайдулла Ферғана жазығындағы жұртқа қатты қысым жасайды. Бұған наразы болған мыңжүз-менгі тайпасының көсемдері өздерінің соңдарына басқа да ферғаналық жұрттарды ілестіріп, әмірліктен тәуелсіз болу әрекетіне кіріседі. Наразы жұрттың көсемдері әп дегенде-ақ өздеріне басшы етіп, Шахрухты таңдайды. Бірақ Шахрух не Шыңғыс ханның, не Абрасиаб әмірлерінің ұрпағы емес-ті. Сондықтан да сол кездегі қалыптасқан қоғамдық жүйе бойынша, хан атануға немесе әмір атануға қақы жоқ-ты. Дегенмен оны жақтаушы жұрттың көсемдері мен ақсақалдары Шахрухтың шыққан тегін Ақсақ Темірдің ұрпағы Бабырмен байланыстырған «Алтын бесік» аңызын ойлап тауып, елге жария етеді (Бұл туралы қырғыз жазушысы Т. Қасымбековтің «Сынған қылыш» атты кітабында кеңірек әңгімеленген). Сөйтіп ол Бабырдың ұрпағы ретінде танылып, Бұқардан бөлінген жеке бектіктің бегі боп сайланады. Бұл уақиға – хыжраның 1123 жылы, ал біздің санақпен 1709 жылдың қара күзінде іске асқан.
Шахрух би алғаш 1710 жылы шамасында Қоқан территориясында Бұхар хандығынан тәуелсіз кішігірім иелік құрды. Оның немересі Ирдан би немесе Ерденбек би(1774 жылы дүниеден өткен) тұсында жүргізілген соғыстардың нәтижесінде Қоқан хандығының құрамына Әндіжан, Наманган, Маргелан иеліктері қосылды. 1758 жылы Бұхар хандығы оны мүлде дербес мемлекет деп қарады. 19 ғасырдың 1-жартысындағы билеушісі Әлім хан (1800 – 1809), Омар хан (1809 – 1822) және Мұхаммед Әлі (Мәделі, 1822 – 1842) тұсында Қоқан хандығы дәуірлеп тұрды, саяси жағынан нығайып, территориясы ұлғайды. Ташкент, Ходжент, Қаратегін, Дарбаза, Куляб, Алайды өзіне қаратып алды.
Әлбетте, ілкі заманнан Орта Азиядағы ең жазиралы өлке атанған, Қытай мен Қашғардың, Үнді мен Парсы елдерінен келетін керуендер өтетін, қазіргі тілмен айтқанда, экономикалық аса маңызды Ферғана өңірінде Қоқан тәрізді жеке елдің пайда болғанын көрші хандықтар, әсіресе Бұқар әмірлігі қаламағаны анық. Бірақ Қоқан жеке бектік құруға әрекеттеніп жатқан уақытта Бұқар мен Хиуа сыртқы басқыншылар тарапынан жапа шегуде еді. Хиуа Аралдың солтүстігінен таяп келе жатқан орыс басқыншыларына алаңдаулы болатын. Бұқар болса, түрікпен жерін көктей өтіп, өздеріне жиі-жиі қауіп төндірген Иран шахы Нәдір бастаған қызылбастардың беттерін қайтарумен әлек боп жатты. Ташкент пен оның айналасындағы қазақтар шаһардың жеке билігіне ұмтылған Жүнісқожаның, қала берді, тау асып келген қырғыздармен оқтын-оқтын шайқасып, өз тыныштықтарын қамтамасыз ету жолында күресуде-тін. Осындай жәйттерге байланысты жеке елдік мүдде жолында әрекетке кіріскен қоқандықтарға кедергі келтірер ешкім болмады. Анығын айтқанда, оның жеке ел болып қалыптасуына тарихтың өзі осындай ыңғайлы сәтті тудырып берді. Ал Әлім хан тұсында хандық ретінде нығайған соң жан-жағындағы елдердің бәрі онымен санасатын болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет