Барлық иммуноглобулиндердің 5-10%-ы. Эволюциялық дамуда ең көне иммуноглобулин. Молекулалық салмағы 900.000 Дальтон. Жартылай ыдырау уақыты 5 тәулік, иммуноглобулин М В-жасушаларға антигенді танытатын рецептор. Иммуноглобулин М аутоиммунды ауруларды қолдайды.
Иммуноглобулин М организмге инфекция түскенде, вакцинацияда бірінші синтезделеді, авидтігі жоғары, организмді бактериялардан, вирустардан қорғайды, комплементті классикалық жолмен белсендіреді, фагоцитозды күшейтеді. Организмге түскен антигенде әуелі иммуноглобулин М түзіледі. Аптаның аяғында ғана иммунгоглобулин G-дің синтезіне көшеді (7-сурет).
Иммуноглобулин М қан сарысуында-0,4-2,2 г/л. Иммуноглобулин М молекуласы ірі, бес мономерден құрылған, 10 белсенді орталығы бар, бірден бес антигенді байланыстырып организмнен шығарып жібереді. IgМ организмге антиген түспесе де болатын табиғи антиденелерге жатады. Плацентадан өте алмайды. Нәрестелерде тек жұқпаға қарсы пайда болады. IgМ антигенге қарсы фагоциттерді белсендіреді.
Иммуноглобулин G
Қан сарысуында барлық иммуноглобулиндердің , молекулалық салмағы 150 мың Дальтон, ол плацентаға кіре алады. Иммуноглобулин G 23 тәулік бойы, ұзақ өмір сүреді. Адамдарда иммуноглобуллин G-дің 4 түрі бар: (ауыр тізбектің айырмашылығымен).
IgG қан сарысуында 7-18 г/л. Екіншілік иммунитет жауабында тек IgG анықталады. Негізгі функциясы: комплементті белсендіреді (G1, G2, G3 ); фагоцитозды күшейтеді: бактериялардың полисахаридтік антигеніне қарсы кеш өнетін антиденелер (G1, G2); токсиндерді бейтараптайды, фагоциттерді опсонизация арқылы белсендіреді. Комплементпен тек G4 байланыспайды. Иммуноглобулин G тимустәуелді болғандықтан Т-лимфоциттердің қатысуымен ғана синтезделеді. Сондықтан сәулелену және иммунды депрессанттар олардың синтезін басады.
Иммуноглобулин G-ның максималды өнімі антигенді арасы 30 күн өткенде қайтадан еккенде ғана дамып, иммундық толық жауап және иммунологиялық естелік пайда болады.