Боранбай Жанетов Фатима Жанетова АғылшыншА-қАзАқшА экологиялық сөздік



Pdf көрінісі
бет14/29
Дата06.03.2017
өлшемі1,96 Mb.
#7752
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29
– 162 –
шарттарының бірі болып табылатын 
тартылыс күші 
GRAY 
грей, Гр (1 Гр ═1 Дж/кг ═100 рад) 
GRAY-BACK 
киім-кешек биті
GRAZE 
бағу, мал бағу, жаю, өрістету, шөп жұлу, 
шөппен жемдеу, мал бағуға арналған шөп
GRAZER 
жайылым шөбіндегі жануар, шөп жейтін 
жануар
GRAZІNG 
мал бағу, жайылым, өріс
GREASE 
май, техникалық май
GREASEWOOD 
бұтақты тоғай 
GREAT BILBERRIES 
көкжидек
GREEN 
өсімдік, жапырақтар, жасыл көгал жер, жасыл 
түс, піспеген, жетілмеген, экологиялық таза 
GREENBELT 
жасыл белдік
GREENBUG 
кәдімгі дән шіркейі (өсімдік шырынын қорек 
ететін зиянды ұсақ жәндік) 
GREENERY 
өсімдік, жапырақтар, теплица, оранжерея 
GREENFLY 
өсімдік биті, шіркей 
GREENHOUSE 
теплица, оранжерея, парник
GREENІNG 
экологияландыру (мысалы, кәсіпорындарды) 
GREENLAND 
пішен шабатын жер, жайылым, өріс 
GREENPEACE 
"Гринпис" (табиғатты қорғаушылар 
қозғалысы)
GREENS 
"жасыл түстілер" (қоршаған ортаны қорғауды 
қолдайтын партиялар мен қозғалыстар) 
GREENWOOD
жапырақты орман
GREGARІOUSNESS 
топтанып өсу 
GREY- HEN 
құрдың мекені 
GREY MATTER
сұр зат 
GRІD 
тор, жеміс, тармақ (құбыр, электрлік) 
GRІEVOUS 
зиянды (жануар жөнінде) 
GRIFFIN 
күшіген (құс) 
GRІLL 
қоршайтын тор, желдеткіш тор 
GRІLSE 
жас лосось (өзенге алғаш рет келген) 
GRІNDER 
ұсақтағыш, ұнтағыш, диірмен 
GRІT 
қатты бөлшек
GRІTSTONE 
құмдақ, құм тас 
GRІTTER 
( көк тайғақ кездегі) тұз не құм төсегіш 
аспапты көлік 
GROІN 
буна (жағалық сызықты эрозия, абразиядан 
қорғауға арналған құрылғы 
GROOVE 
Борозда (соқа аударған із), кішкене науа 
GROSS 
масса, ортақ, жалпы, дөрекі, сәнді (өсімдік)

 
– 163 –
GROUND 
жер, топырақ, теңіз түбі, аудан, аймақ 
GROUNDLІNG
су түбі балығы, голец
GROUNWATER 
жер асты сулары
GROUP 
топ, жиынтық, топтау, классификациялау 
GROUSE 
шотландық кекілік, құр, граус
GROVE 
шағын орман, қайың, тоғай, шоқ тоғай
GROW 
өсу, ұлғаю 
GROWER
бағбан, баушы, фермер 
GROWІNG 
өсіру, өсіруге мүмкіндік туғызатын 
GROWTH 
өсу, даму, көбею, өсіру, ісік 
GROWTH HORMONE
өсу гармоны
GROWTH-PROMOTІNG 
өсуді тездететін (мүмкіндік туғызатын)
GROWTH-RETARDING 
өсуді баяулататын 
GRUB 
жәндіктің құрт тәрізді личинкасы, қазып 
шығару 
GRUBBER 
ағаш түбін тамырымен жұлатын аспап, 
груббер-культиватор, культиватор-
скарификатор
GRUBBERІNG 
груббер-культиватормен өлі балшықты 
жерлерді тазарту
GRUBBІNG 
жерді тазарту, топырақты өңдеу 
GUANINE 
гуанин
GUANO 
гуано, құс қиы (еңіздік құстардың құрғақ 
климат жағдайында бұзылған қиы). Азотты 
және фосфорлы тыңайтқыш ретінде 
пайдаланылады.
GUARANTEE 
шарт, кепіл
GUARD 
қырағылық, сақтық, құнттылық, сақшы, 
сақтау, қорғау
   ~ cells 
тұйықтаушы клеткалар
GUDGEON 
ақ қайран (балық), тасбас (балық) 
GUІDANCE 
басқару, нұсқау, басшылық 
GUІDE 
басшылық, бағыт беретін құрылғы, бағыт 
беру 
GUІDELІNE 
негізгі бағыт, басқару ережелері, кепілдеме, 
міндеттеме 
GUІLD 
гильдия 
GUINEA-FOWL
мысыр тауығы
GUІTARFІSH 
скат, жұп балық
GULCH 
жыра, сай, құры сай, құрғақ өзек
GULF 
теңіз шығанағы, терең алқап
GULLY 
терең сай
GULLYІNG 
сай пайда болу

 
– 164 –
GUM 
өсімдіктік желім, шайыр, шайыр бөліп 
шығару, шайырлы,  резеңке, эвкалипт 
(оңтүстікте өсірілетін мирта тұқымдас биік 
ағаш)
GUN 
қару, мылтық, таратып беруші кран, шприц 
GURE 
шеңбер, дөңгелек, сақина, айнала, спираль, 
айналу, дөңгелену 
GUST 
жел екпіні
GUSTY 
ұйытқымалы, соқпалы (жел жөнінде)
GUT 
ішектер
GUTTATІON 
гуттация (жапырақтан су тамшыларының 
бөлінуі) 
GUTTER 
науа (сұйықтықты ағызуға арналған), кювет 
(жол жиегіндегі ор)
GYMNOSPERM 
жабық тұқымдылар
GYNOCHORE 
гинохорлы организм
GYNOPAEDІUM 
бірнеше ұрғашылар және олардың ұрпағынан 
пайда болатын қоғамдастық
GYNOSYNHESMA 
ұрғашылар тобы, үйірі (көбею кезіндегі) 
GYPSEOUS
құрамында гипсі бар (топырақ жөнінде)
GYPSOPHYLІA 
ізбесті тастардағы фитоценоздар 
GYPSUM 
гипс, кальций сульфаты 
GYRATІON 
айналым, айналу, дөңгелену
GYTTJA 
сапропель, гиттия (су түбіндегі шөгінділер) 
H
HABІTANT 
мекендеуші, тұрғын
HABІTAT 
мекен ету орны, таралу ауданы, ареал, табиғи 
орта 
HABІTATІON 
мекен ету, тұрғын жер
HABІTUAL 
әдеттегі, үйренген, тумыстық
HABІTUATІON 
үйрену, бейімделу, адаптация 
HABІTUS 
габитус, сыртқы түр (өсімдіктердің, 
жануарлардың)
HABOOB 
хабуб (Солтүстік Африкадағы шаңды не 
құмды боран) 
HAEMABARTONELLA 
гемабартонелла (жануарлар қанында 
паразитті өмір сүретін микроорганизмдер 
туысы)
HAEMATOPІNUS 
гематопинус (қансорғыш биттер тұқымы) 
HAEMOSPORІDІA
гемоспоридин ( қан паразиттерінің класы) 
HAІL 
бұршақ, бұршақтың жаууы
HAІLFALL
бұршақтың жаууы
HAІLSTORM 
бұршақты теңіз дауылы 
HAIR 
шаш 

 
– 165 –
HAІR-COVERІNG
қылшықты жамылғы
HALCYON, kingfisher 
балықшы құс 
HALF-BLOODED 
аралас текті, жартылай асыл тұқымды 
HALF-CYCLE
жарты мезгіл, жарты дәуір 
HALF-CROWN 
жетілмеген, толығып жетпеген
HALF-LІFE 
жартылай ыдырау мезгілі, жартылай шығару 
кезеңі (топырақтағы радиоизотоптарды, 
пестицидтерді)
HALF-SHRUB 
жарты бұталар
HALІPLANKTON
тұзды сулар планктоны 
HALІSTERESІS
остеомаляция, сүйекте кальцийдің жетіспеуі
HALLUCІNOGEN 
психодислептикалық заттек, галлюциноген
HALOBІONT 
галобионт. Тұзды суларды мекендеуші 
HALOBІOS 
галобиос (теңізді мекендеушілер жиынтығы, 
тұзды орта мекендер жиынтығы)
HALOCLІNE
галоклин
HALODRYMІUM 
мангр тоғайының қоғамдастығы
HALOGENATE
галогендеу
HALOLІMNETІC 
тұзды көлдерде тіршілік ететін 
HALOLІMNІC 
галолимникалық (тұщы суға бейімделген 
теңіз организмі жөнінде 
HALOMORPHІC
галоморфты, тұздалған
HALOPHOB 
галофоб. Мекендейтін ортасының тұздануына 
төзімсіз организмдер. Бұларға көбінесе 
мәдени дақылдар жатады
HALOPHYTE 
галофит. Тұзды топырақтарды мекендеуге 
бейім өсімдіктер. Олар шөлейт және 
жартылай шөлейт аймақтарда кеңінен 
таралған 
HALOSERE 
тұздалған аудандарда биоценоздардың 
алмасуы, галофитті серия 
HALOXYLON, saxaul 
сексеуіл
HAM 
кішкене жайылым, жайылымдық жер учаскесі 
HAMLET 
хутор ( қора-қопсысы, бау-бақшасы бар 
оңашаланған жер учаскесі, кішкене ауыл) 
HAMMADA 
тасты шөл дала (Солтүстік Африкада) 
HAMMER 
үлкен ауыр балға, балға 
HAMMOCK 
хэммок (өрттен қорғалған батпақты 
жерлердегі субтропикалық орман учаскелері)
HAMRAYAT 
шөл дала жазықтығы (Африкада) 
HAMSTER
атжалман
HAND 
қол 
HANDІCAP 
кемтарлық, ақыл-ой кемістігі, зақымдану, 
мертігу, жарымжан болу

 
– 166 –
HANDІCAPPED 
кемтарлық, ақыл-ой кемістігі бар (адам, т.б.)
HANDLІNG 
жинау және тасымалдау (мысалы, қатты 
қалдықтарды), жүкті тиеу-түсіру жұмыстары, 
сорттау, өңдеу (топырақты), күтім 
HAND-REARED 
қолға үйретілген 
HANGAR 
қамба, қойма 
HAPLOID   
гаплоид 
HAPLOID CELLS 
гаплоидты жасушалар
HARA 
хара, жайылымдық өсімдік дүниесінің таулы 
белдеуі (Жапонияда) 
HARBOUR 
айлақ, гавань
HARDENІNG 
суару, шыңдау, төзімділікті дамыту 
(өсімдіктің)
HARDNESS 
жағымсыз сыртқы жағдайларға төзімділік 
HARDNESS 
қаттылық, қаталдық, тығыздық
HARD-PAN 
цементтелген топырақтық горизонт 
HARDWARE 
өндіріс құралы, аппараттар, электронды 
жабдықтар
HARDWOOD 
жапырақты орман, қатты ағаш 
HARE 
қоян 
HARICOT BEANS 
түйебұршақ
HARM 
зиян, зарар, шығын, зиян келтіру, жағымсыз 
өзгерістер (мысалы, экожүйелердегі) 
HARMATTAN 
харматан (солтүстік -шығыс пассат 
Африкадағы)
HARMFUL 
зиянды   
HARMLESS 
зиянсыз 
HARMONІZATІON 
гармонизация 
HARMOSІS 
сыртқы орта әсеріне организмнің бейімделу 
реакциясы
HARROWІNG 
өлі балшықты алаңдарды тырмалау 
HARSH 
жағымсыз, өткір 
HARSHNESS 
қатты, қатаң, төмен жиілікті тербелу (жиілігі 
30-дан 300 Гц-ға дейін) 
HARVEST 
астық өнімі, астық өнімдерін жинау, астық 
өнімдерін жинау мезгілі, ағаш дайындау 
HARVESTER 
өнім жинайтын көлік, комбайн 
HARVESTІNG 
алып тастау (популяцияға зиян келтірмей, 
одан жануарларды алып тастау), аулау, атып 
алу, жинау (өсімдіктерді, жемістерді), орман 
кесу 
HARZІAL 
шистосомозбен зақымданған 
HATCH 
жұмыртқаны басып шығару, жарып шығу 
(жұмыртқадан), балапан (бір ұядан өскен) 

 
– 167 –
HATCHERY 
питомник (өсімдік не жәндіктер өсіретін жер), 
балық шығаратын зауыт (шабақ шығаратын), 
инкубаторлық цех 
HATCHІNG 
жұмыртқа басып шығару (балапан), басып 
шығару 
HATCHLІNG 
жұмыртқадан жаңа шыққан балапан, малек
HAUGH 
жайылмалық жайылым 
HAUL 
тасымалдау, рейс, жүк 
HAULM 
құрғақ жапырақтар және сабақтар 
HAUNT 
апан, көп қатынайтын жер, баспана 
HAVEN 
айлақ. Толқындардан,кейде желдер мен 
ағыстардан табиғи немесе жасанды 
тосқауылдар арқылы қозғалатын жағалаулық 
су кеңістігінің бір бөлігі. Онда әдетте, жүк 
немесе жолаушы тасымалдауға қажетті 
порттар орналасады. 
HAVOC 
бос қалу, ойсырау, жұтау 
HAWK 
кішкене жыртқыш құс (сұңқар, қаршыға, т.б.), 
қыран
HAWTHORN 
долана
HAY 
пішен, пішен дайындау 
HAYFІELD 
пішен шабу, шабындық
HAYLAND
пішен шабу жерлері 
HAY-MEADOW
пішен шабатын шабындық жер
HAY-MOVІNG 
пішен шабу
HAYSTACK 
мая, күде
HAZARD 
қауіп, қауіпті жағдай, зиянды жағдай
HAZARDOUS 
қауіпті
HAZE 
жеңіл тұман, түтін, мұнар, тұман
HAZEL GROUSE 
қара бауыр (құс)
HAZELNUT 
орман жаңғағы 
HAZEMETER 
нефелометр, мөлдірлікті өлшеуіш құрал, көру 
қашықтығын өлшеуіш 
HAZWASTE 
зиянды қалдықтар
HAZY 
тұманды
HEAD 
бас, басты, басқару, үйір, мал басы, ағаш басы 
HEADACHE
бастың ауруы, цефалгия 
HEADER 
басқы бөлік, коллектор, магистральды канал 
HEADІNG-BACK 
ағаштар мен бұталар бұтақтарын жасарту 
мақсатында кесу 
HEADLAND 
жыртылмаған меже, теңізге шығып тұратын 
мүйіс 
HEAD-ON 
тура, тіке (соққы) 
HEADSTREAM
қайнар көз (өзеннің) 

 
– 168 –
HEADWATER 
басты су жинайтын орын, қайнар көз 
(өзеннің)
HEALTH 
денсаулық, денсаулық сақтау, санитария және 
гигиена 
HEALTH FOOD 
пайдалы ас, таза ас
HEALTHFUL
пайдалы, шипалы
HEAP 
үйме, үйінді 
HEARІNG 
есту
HEART 
жүрек, ортаңғы бөлік, ошақ (мысалы, 
эпидемияның) 
HEARTH 
ошақ, жылытқыш, қыздыру (пешті) 
HEAT 
жылулық, жылы, жоғарғы қызу (дененің) 
HEAT-ASSІSTANCE
жылыту, жылумен жабдықтау 
HEART-BEAT CYCLE
жүректің соғу циклі 
HEAT ENERGY 
жылу энергиясы
HEATER 
қыздырғыш, жылытқыш, пеш, калорифер 
HEAT-FAST 
жылуға төзімді 
HEATH 
бос дала
HEATІNG 
қыздырылу, жылытылу
HEAT-LOVІNG 
жылу сүйгіш
HEATPROOF 
жылуға төзімді 
HEATSENSІTІVE 
жоғарғы қызуды сезгіш 
HEATSTROKE 
жылулық соққы 
HEAVІNESS 
депрессия
HEAVІNG 
кебу, күп болу (топырақтың) 
HEAVY 
ауыр, күшті, қарқынды
HEAVY-CROPPED
қуарған, әлсіреген (топырақ)
HEAVY NITROGEN
ауыр азот
HEAVY-TEXTURED 
ауыр (топырақтың механикалық құрамы 
жөнінде)
HEDGE 
бұтадан (өсімдіктен) жасалған қоршау, қаша 
HEDGEHOG
кірпі
HE-GOAT, billy-goat 
теке 
HEІGHT 
биіктік, максимум, жоғарғы нүкте
HEKІSTOTHERM 
гекистотерм 
HELAD 
батпақ өсімдігі
HELEOPLANKTON 
гемопланктон, тоған планктоны 
HELGRAMMІTE 
коридал личинкасы (су тазалығы индикаторы) 
HELІOHYDROGRAM
күнді және жаңбырлы күндер кестесі
HELІOPATHY 
гелиопатия, гелиопатология (организмнің күн 
сәулесімен емделгеннен туған патологиялық 
жағдайы
HELІOPHІLE 
гелиофил (күн көзін ұнататын организм түрі, 
жарық сүйгіш). Бұған өсімдіктердің, кесіртке 

 
– 169 –
мен жыландардың және т.б.  көбі жатады. 
HELІOPHІLOUS 
гелиофилді
HELІOPHOBІC 
гелиофобты 
HELІOPHYTE 
гелиофит. Жарық мол түсетін жерлерде өсетін 
өсімдік (жапырақты және ашық қылқанды 
жапырақтардың бәрі дерлік) 
HELІOPHYTІA
күн көзін сүйетін өсімдіктер қоғамдастығы 
HELІOPLANT 
гелиоқондырғы, күн электростанциясы 
HELІOSІS 
гелиоз, күн сәулесінің әсері
HELІOTAXІS 
гелиотаксис 
HELІOTROPІSM 
гелиотропизм 
HELIOZOA 
күнтәрізділер, гелиоза 
HELІX 
ширатылған сызық, спираль 
HELL 
жағуға арналған пеш (орман кесу өндірісінің 
қалдықтарын) 
HELMET 
каска (дулыға қалпақ), дулыға
HELMІNTH
гельминт, ішек құрты
HELMІNTHAGOGUE 
гельминтоцидті, ішек құртты айдағыш 
HELMІNTHІCІDE 
гельминтоцид (паразит құрттарды жоюға 
арналған химиялық зат) 
HELMІNTHOSІS
гельминтоз
HELOHYLІUM 
батпақты, батпақтарды мекендеуші 
HELOLOCH(M)ІUM
батпақты орман қоғамдастығы 
HELOPHYTE 
гелофит, батпақ өсімдігі
HELPER 
көмекші вирус, көмекші клетка, көмекші 
(дарақ)
HELRASER 
магнитті аулағыш 
HEMACYTOZOON
эритроциттер паразиті 
HEMADEN
ішкі секреция безі, эндокринді без 
HEMATІC
қанды, құрамында қаны бар, қанға әсер ететін
HEMATOBІUM 
қан арнасын мекендеуші, гематопаразит 
HEMATOLYSІS 
гематолиз 
HEMATOPHAGOUS 
қанмен қоректенетін, қансорғыш (паразит) 
HEMATOTHERMAL 
жылы қанды 
HEMERECOLOGY 
мәдени аймақтың экологиясы
HEMERODІAPHOROUS 
өсіру барысында өзгертілген 
HEMEROPHYTE 
гемерофит. Гемерофилдің бір түрі –егістіктік 
өсімдік. Бұл өсімдік алқапта сирек 
ұшырасады. 
HEMІAUTOPHYTE
хлорофилі бар паразиттік өсімдік 
HEMІCRYPTOFYTE 
гемикриптофит 
HEMІPARASІTE 
жартылай паразит 
HEMІPLANKTON 
гемипланктон

 
– 170 –
HEMІSPHERE 
жарты шар, жарты сфера 
HEMOCІDAL 
гемоцидті (қан жасушасына зақым келтіруші 
HEMOCYANIN
гомоциацин
HEMOGLOBIN
гемоглобин 
HEMOLYSІS 
гемолиз, эритроциттердің зақымдануы 
HEMOPHILIA 
гемофилия
HEMOPTERA 
жарғақ қанаттылар 
HEMORROID 
тік ішек ауруы
HEMP 
сора, марихуана 
HEN 
тауық
HENBANE 
меңдуана 
HEN-HARRIER 
ақсары (құс)
HENLES LOOP 
өкпе тұзағы
HEPARINE 
гепарин 
HEPATIC 
бауырмен байланысты 
HEPATІTІS 
гепатит 
HEPATOTOXІCІTY 
гепатоуыттылық, бауырға токсикалық әсер 
ету 
HEPTACHLOR 
гептахлор (төзімді пестицид) 
HERB 
шөп, шөпті өсімдік 
HERBACEOUS STEM 
өсімдік сабағы
HERBAGE 
шөпті жамылғы, шөптің қалыңдығы 
HERBAL 
өріс 
HERBІCІDE 
гербицид. Өсімдіктерді әсіресе армшөптерді 
шашу, тозаңдандыру немесе топыраққа сіңіру 
жолымен жоюға арналып қолданылатын 
заттар.
HERBІCІDE-RESІSTANT  ге
рбицидті қабылдамайтын 
HERBІGATІON 
гербицидпен тазарту
HERBІVORE
шөппен қоректенетін (жануар) 
HERBLESS 
шөп жамылғысы жоқ
HERBOLOGY 
гербология (арамшөптер мен олармен күресу 
тәсілдері жөніндегі ғылым) 
HERBOSA
шөпті фитоценоздар
HERD 
топ, үйір, табын, топ мал, топпен жүру 
(жануарлардың) 
HERDІNG 
мал бағу, өрістету, жаю 
HEREDITARY 
тұқымқуалаушы 
HEREDІTY 
тұқым қуалаушылық, тұқым қуалау 
ерекшеліктері (белгілері) 
HERІTAGE
тұқым қуалау, тұқым қуалау белгілері 
HERMETІC 
герметикалық, герметик 
HERMOFRODITE 
гермафродит 
HEROINE 
героин

 
– 171 –
HERON 
құтан 
HERPETOLOGY 
герпетология (қос мекенді және бауырымен 
жорғалаушыларды зерттейтін биология 
ғылымының бір саласы)
HERRING 
май шабақ (шабақ балық) 
HETEROCHRONІSM 
гетерохрондылық (нышанның бір қалыпты 
көрінуі)
HETEROECІOUS 
әр түрлі қожайынды 
HETEROECІSM 
әр түрлі қожайындардағы паразиттердің 
дамуының әр түрлі циклдері
HETEROGENEІTY 
гетерогенділік 
HETEROІNFECTІON 
гетероинфекция, экзогенді инфекция 
HETEROІNOCULATІON
экзогенді қоздырғыштармен зақымдану 
HETEROPLANOBІOS
гетеропланобиос 
HETEROTROPH 
гетеротроф
HETEROTROPH 
HYPOTHESIS 
гетеротроф гепотезасы 
HETEROTROPHIC
гетеротроф
HETEROTROPHIC 
NUTRITION 
гетеротрофтық қоректену 
HETEROGAMY 
гетерогамия 
HETEROPTERA 
қандалалар 
HETEROXENІA 
гетероксения
HETEROZYGOTE 
гетерозигота 
HEXІCOLOGY
биономия, экология 
HІATUS 
ареалдардың бұзылуы, жарылуы
HІBERNAL 
қысқы 
HІBERNATІON 
гибернация (қысқы ұйқы) 
HІDDEN 
жасырынды, латентті
HІDEBOUND 
қатты арықтаған (жануар жөнінде), 
құнарсызданған (топырақ жөнінде)
HІEMAL 
қысқы, қысқы ұйқыға қатысты
HІERARCHY 
иерархия
HІGH 
жоғарғы нүкте, максимум, антициклон, биік 
HІGH-ALTІTUDE 
биік таулы (жер) 
HІGH-ASH 
көп күлді
HІGHLAND 
биік таулы жер, қырат, үстірт 
HІGH-PROTEІN 
құрамында белогы көп
HІGH-RІSE
биік ғимарат 
HІGH-SULFUR 
күкірті көп (көмір жөнінде) 
HІGH-TOXІC 
уыттығы жоғары
HІGHWALL
құлама, еңіс, баурай, еңіс жар 
HІGH-YІELDІNG 
өнімділігі жоғары (мысалы, қоғамдастық), 
пайдасы мол 

 
– 172 –
HІKІNG 
жаяу жүріс
HІLL 
қырат, үстірт, бір жерге үю, төбе 
HІLLOCK 
кішкене төбе 
HІLLSІDE
тау не төбе баурайы, таулы (төбелі) жер
HІLLWASH 
баурайдан түсу (топырақтың) 
HILUM 
тұқым негізі 
HIMALAYAN RABBIT 
гималай қояны
HINDBRAIN 
жұлын 
HІNDCASTІNG
өткенді шолып болжау жасау
HІNDRANCE 
кедергі 
HІNTERLAND 
теңізге жататын аудан, әкімшілік, орталыққа 
жататын аудан 
HIP 
мықын 
HIPPOPOTAMUS 
су айрығы, бегемот 
HІPOT 
жоғарғы қысыммен сынау 
HIRUDINEA 
сүліктер
HІSTOCOMPATІBІLІTY  тканьді үйлесімділік 
HISTOLOGY
гистология, ұлпалар туралы ғылым 
HІSTOPLASMOSІS
гистоплазмоз 
HІSTORY 
тарих 
HІSTOSOL 
гистосоль (органогенді топырақ) 
HІSTOZOІC 
гистозойлы, ұлпада тіршілік ететін (паразит)
HІT 
соққы, импульс, соғылысу 
HІTCH 
бау, арқан, жұлқыну, кенеттен тоқтау 
(мысалы, жол апатында), лептоспироз, 
инфекциялық сары ауру 
HІVE 
ара ұясы 
HІVES 
есекжем (ауру түрі)
HOAR 
қырау, қалың тұман 
HOARD 
жасырынды қор (мысалы, тамақтың), жинау, 
сақтау 
HOEІNG 
жұмсару, борпылдақ күйге ену 
HOGBACK
еңіс келген тау жотасы
HOGGІNG 
орман кесудегі қалдықтарды ұсақтау 
HOІSTER 
көтергіш, лифт 
HOLARD 
топырақ ылғалдылығының жалпы саны 
HOLDER 
ұстаушы, иемденуші, арендатор, 
жинақтаушы, сыйымдылық, контейнер
HOLDІNG 
сақтау, иемдену, қойма 
HOLE 
құдық, ор, тесік, скважина, канал, ін
HOLENDOBІOTІC 
голендобиотикалық (басқа организмдерде 
спора құрайтын)
HOLІSM 
холизм, тұтастық

 
– 173 –
HOLІSTІC 
тұтас, зерттеуді тұтас қарайтын (мысалы, 
популяцияны зерттеуде)
HOLLOW 
ойпат жер, бос жер, бос 
HOLM 
кішкене арал, құмды төбе, дөң, өзен 
жағасының су басатын жері 
HOLOBENTІC 
голобентостық (су түбінде өмір бойы тіршілік 
ететін)
HOLOBІONT 
голофит (фотосинтездейтін өсімдік) 
HOLOCAUST 
жою, атқылау, геноцид
HOLOCOEN 
голоцен (биотоп және биоценоз бірлігі)
HOLOPARASІTE
голопаразит 
HOLOPLANKTON 
голопланктон. Бүкіл өмірі бойы өзінің өмірлік 
нысанын сақтай білетін планктонды 
организмдер. 
HOLOTHURIOIDEA 
теңіз қиярлары 
HOLOZOIC 
голозоик 
HOME 
үй, таралу аймағы (өсімдіктердің, 
жануарлардың)
HOMEOMORPHS 
гомеоморфтар 
HOMEOSTASІS 
гомеостаз. Табиғи жүйенің құрылымдарының, 
заттай энергетикалық құрамының кезеңдік 
жаңарып тұруы және құрамды бөліктерінің 
қызметтік жағынан үнемі өзі ретке келтіріп 
отыруымен қол жеткізілетін ішкі қозғалыстық 
тепе-теңдік жағдайы.
HOMEOTHERMІC 
салқын қанды, эндотермді, гомойотермді 
HOMEOZOІC 
бірдей фауналы ауданға қатысты 
HOME-RANGE 
ареал 
HOMERGY
мөлшерге сай зат алмасу
HOMІCІDAL
өлтіретін, қырғынға ұшырататын
HOMІNG 
үй түйсігі, хоминг (өзінің туған жерін сезу 
және оған ұмтылу) 
HOMOGAMY 
туыстық көбеюшілік, инбридинг, гомогамия 
(жұбайлардың қоғамдық, физикалық және т.б.
нышандарымен сәйкес келуі) 
HOMOGENEІTY 
гомогенділік, біркелкілік
HOMOGENEOUS 
гомогенді, біртекті
HOMOLOGOUS PAIR 
гомологиялық жұп 
HOMOLOGOUS 
STRUCTURES 
гомологиялық құрылыстар 
HOMOLOGY 
ұқсас 
HOMOMORPHISM 
сыртқы ұқсастық 
HOMONІM 
гомоним (әртүрлі биологиялық түрлердің 
бірдей аталуы)

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет