Бордың шығу тарихы, қасиеттері, қолданылуы


Мақсаты:Мектеп борының адам ағзасына тигізетін химиялық,физикалық қасиеттерін зерттеу. Өзектілігі



бет2/11
Дата07.01.2022
өлшемі233 Kb.
#16916
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
0002e390-4334275c

Мақсаты:Мектеп борының адам ағзасына тигізетін химиялық,физикалық қасиеттерін зерттеу.

Өзектілігі: мектептерде қолданып жүрген бордың құрамындағы заттардың адам ағзасына тигізетін зиянды әсері болғандықтан,санаторлық мектептегі оқушылар мен мұғалімдердің денсаулықтары алаңдаушылық туғызып отыр.

Мәселе туындап жүргенімен мектебімізде зерттелмеген,сол себептен де, дәрігерден тынысалу жолдарымен ауыратын балалар бар екенін анықтап, мұғалімдердең,оқушылардан сауалнамалар алу арқылы зерттеу жұмысы қолға алынды.



Кіріспе

Мектептің негізі білім беретін көзі-мектеп боры екені бәрімізге мәлім. Талай жылдардан бері бор мен тақтаның арқасында білім алып жатқан адамдар қаншама. Алайда заман өзгеріп жатыр, мектептің материалдық базасы жаңару үстінде,тақта мен бордың келешекте қажеті де болмайтын шығар.Заманауи кезеңде ғылым мен техниканың дамып,қарыштап жатқанында еліміз ілгері,жаңаша қадамдауда. Қазіргі мектептерде интерактивті,маркерлі тақталар шығып жатыр.Әрине бұндай тақталар әр сыныпта тұрса игі еді. Біздің мектепте 13 сынып бөлмесі бар,ал интерактивті тақта төртеу ,қалған сыныптар мектеп борын пайдаланады.

Оқушылар осы мектепке денсаулықтарын жақсарту мақсатында келеді. Балаларды көпшілігінде тыныс алу жолдарының аурулары кездеседі.Бұндай балаларға бордан таралатын ұнтақтан зиян келетіні белгілі.Бор тақтаның бетінде сызықтар қалдырады,арасында ұсақ тастары бар,көзге көрініп тұрады.Жазғаннан кейін ұсатылып шашылады,адамның киіміне,қолына жабысады. Бордан қолдың терісі құрғап, қатаяды,шаңынан тыныс алу қиындайды.

Бордың адам ағзасына тигізетін әсері туралы мұғалімдерден сауалнама жүргізілді.

Мектеп дәрігерімен кеңесу өткізілді.Тыныс алу жолдарымен ауыратын оқушылар жөнінде мәлімет алынды. Бордың адам ағзасына химиялық әсері бағаланды.

Сондықтан да мектеп борының адам ағзасына тигізетін химиялық қасиеттерін зерттеу жұмысымның мақсаты болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет